Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі



бет12/63
Дата02.11.2022
өлшемі0,53 Mb.
#47022
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Модуль4

Бақылау әрекеттерін ізгілендіру. Бақылаудың ізгілігі бақылау барысында мұғалімнің жеке тұлға ретіндегі даму динамикасы, кәсіби өсуінің бағаланатнын білдіреді.
Тексерушінің құзыреттілігі. Мектеп директоры немесе оның орынбасары мектепте оқытылатын барлық пәндердің мазмұнын біле алмайды. Бұл жағдайда өзіңізбен бірге сабаққа немесе сыныптан тыс іс‐шараға әдістемелік бірлестіктің құзыретті мұғалімдері немесе тәлімгер мұғалім қатарынан кәсіби маман алған дұрыс болады.
Бақылауды даралау. Әр мұғалімнен әлеуетті шығармашыл тұлғаны көру және оның өзіндік ерекшелігіне сәйкес бағалау технологиясын құру. Ол үшін әр мұғалімнің жеке ерекшеліктерін анықтап, оларды бақылау жүргізу түрлерімен байланыстыру қажет.
Бақылауды үйлестіру. Педагогикалық менеджердің өкілеттіктерін аса белсенді және тәжірибелі мұғалімдерге жүктеу. Бақылауға жауапты әдістемелік бірлестіктің жетекшісінен басқа, бұл ұжымның белсенді мүшелері немесе қоғамдық ұйымдар болуы мүмкін.
Жоспарлы бақылау . Бақылау мақсатын іске асыру оның негізгі іс-әрекеттерін: мазмұнын, мерзімдерін, бақылау субъектілері мен объектілерін байланыстырған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Ізгілікті басқару шеңберіндегі мектепішілік бақылау



  • кәсіби шеберлікті жетілдіру және дамыту мақсатында педагогтерге уақтылы әдістемелік көмек көрсету;

  • педагогикалық процестің тиімділігін арттыруға бағытталған әкімшіліктің педагогикалық ұжыммен өзара іс-қимылын жүзеге асыру;

  • өзара қарым-қатынастардың, мақсаттардың, қағидаттардың, шаралардың, құралдар мен формалардың сауатты жүйесін құру;

  • білім беру ұйымдарындағы сапаны жақсарту мақсатында басқа да өкілдермен, ұйымдармен ынтымақтастықты ұйымдастыру,а бағытталған.


МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУДЫ ЖОСПАРЛАУ, ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Мектепішілік бақылауды жоспарлау
Жалпы алғанда, педагогикалық бақылау келесі элементтерден тұратын күрделі әрекеттер жүйесі: стандартты белгілеу, деректерді жинау және бағалау, әрекеттер. МІБ нәтижесі басқарушылық шешімдер қабылдау үшін жиналған деректерді педагогикалық талдау болып табылады.

3-сурет. МІБ жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет