Көрсеткіштердің екінші тобы. Екінші топтың көрсеткіштері оқудың қол жетімділік деңгейі мен даралануын сипаттайды; оқу үдерісін ұйымдастырудың сапасы, оқытудың шарттары мен атмосферасы; білім беру бағдарламаларының вариативтілігі; оқыту мен бақылаудың дәстүрлі және инновациялық технологияларының арақатынасы; білім беру құрылымы мен мазмұнының білім беру теориясы мен тәжірибесіндегі қазіргі тенденцияларға сай келуі; компьютерлік әдістердің оқытуға енгізу деңгейі, негізгі (сабақ) және негізгі емес (сабақтан тыс) уақыттағы оқу орны қызметінің ерекшеліктері және т.б.
Көрсеткіштердің үшінші тобы. Үшінші топ оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштерден тұрады (аттестациялау үдерсінде алынған ішкі және сыртқы бағалау нәтижесі); білім алушылардың оқу жетістіктерінің сапасы; жалпы білім беру және коммуникативті дағдылардың даму деңгейі; мектеп түлегін қазіргі заманғы жоғары технологиялы қоғамдағы өмірге дайындау; үздіксіз білім беру үшін қалыптасқан базаның болуы, өмірлік мәселелерді шеше білу және т.б.
Білім беру сапасы көрсеткіштерінің қалған топтарына педагогика ғылымындағы және практикасындағы озық тәжірибені қолданудың ерекшеліктері, білім беруді қаржыландыру көлемі, кадрлар, ақпараттық, материалдық-техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету жатады.
Қосымша көрсеткіштер. Басқарушылық шешімдер қабылдау үшін білім сапасын бағалау кезінде елдің, өңірдің, облыстың, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын, ұлттық үдерістердің салдары болып табылатын және білім сапасымен байланысты қосымша көрсеткіштерге назар аудару қажет.
Оларға мыналарды жатқызуға болады: адам потнциалының дамуының индексі (сауатты ересек аламлардың пайыздық үлесі, ересек адамдардың көп бөлігі үшін міндетті түрде оқыған жылдарының саны, 1000 адамға шаққандағы жоғары білімді адамдар саны); өңірдегі экономикалық динамиканың жалпыланған сипаттамалары; аудандағы қылмыстық жағдайдың сипаттамасы және тағысын тағылар.
Білім сапасына әсер ететін көрсеткіштерді құрылымдау. Білім сапасына әсер ететін барлық көрсеткіштерді әртүрлі негіздерге байланысты топтарға бөлуге болады. Атап айтқанда, уақыт өтумен байланысты өзгермейтін немесе аз өзгеретін факторлар ажыратылады (мектептің географиялық орны, оның қалада немесе ауылда орналасуы, қаланың белгілі бір ауданында орналасуы, білім беру мекемесінің әлеуметтік-экономикалық ортасы немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары және т.б.) және динамикалық өзгерістерге ұшырайтын факторлар. (мұғалімдер құрамы, қосымша білім берудің формалары мен әдістері, оқушылардың ата-аналарының қамтамасыз етілу деңгейі, олардың әлеуметтік жағдайы, тұрғындар арасындағы көші-қон үдерістері және т.б.)
Көрсеткіштер білім беру органдарының тарапынан болатын ықпалға бейімделген және басқарушылық ықпалға тәуелді емес өзгермейтін болып бөлінеді. Мысалы, бірінші топқа педагогика ғылымы мен практикасындағы озық тәжірибені қолдану, білім беруді қаржыландыру көлемі, кадрлар, ақпараттық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету кіреді. Екінші топқа оқушылар ата-аналарының қамтамасыз етілу деңгейі, олардың әлеуметтік жағдайы, ел тұрғындары арасындағы көші-қон үдерістері кіреді: