Деректерді жинау әдістері Білім сапасын мониторингілеу объектілері туралы ақпарат жинау үшін қандай әдістерді қолдану керек?
Мониторингті жүзеге асыру барысындау деректерді жинаудың сандық және сапалық әдістерін қолдануға болады.
Деректер жинаудың әдістерін сапалық және сандық деп сұрақтардың негізгі тұжырымдары бойынша бөлуге болады. Сандық әдіс «қанша?», «неше рет?», «қаншалықты жиі?» деген сұрақтарға жауап іздеуге - яғни есептелетін деректерді жинауға бағытталған, соның негізінде рейтингтер, коэффициенттер, пайыздық үлестер айқындалады, графиктер, диаграммалар және т.с.с. салынады.
Сапалық әдіс «неге?», «не үшін?», «неліктен?», «қалайша?» деген сұраққа жауап береді және себеп-салдарлық байланыстарға икемді талдау жүргізуге, зерделенетін объектінің (үдерістің) құрылымы мен компоненттерін белгілеуге мүмкіндік береді. Сапалы тәсіл жеке субъектілердің түйсігіне, пікірлеріне, ой-талқылауларына сүйенеді, олар кейбір жағдайларда статистикалық мәліметтерге қарағанда маңызды болуы мүмкін.