Бақылау сұрақтары: География ғылымының зерттеу нысаны.
Географияны оқыту методикасы.
Мектеп географиясын құраушы компоненттер.
Пән аралық байланыстар түсінігі.
Пән ішілік байланыстар түсінігі.
Әдебиет: Л.М Панчешникова Методика обучения географий всредней школе. Москва «Просвещение» 1983 г, 33-52 беттер И.В Душина, Е.А Таможняя, В.Б Пятунин Методика и технология обучения географии вшколе. Москва 2004 г, 36-42 беттер
№4 дәрістің тақырыбы:Географияны оқыту үрдісінде оқушыларда білім және іскерлік қалыптастыру.
Географиялық түсініктің қалыптасуы.
Географиялық заңдылықтар жайлы білімнің қалыптасуы.
Географиялық фактілерді оқу
Іскерліктің қалыптасуы.
Мақсаты: Географияны оқыту үрдісінде оқушыларда білім және іскерлік қалыптастыру негіздеріне тоқталу.
Тірек сөздер: білім, іскерлік, оқыту үрдісі, географиялық фактілер.
1.Географиялық түсініктің қалыптасуы. Географиялық түсінік басқа ғылымдардағы секілді оқу процесі барысныда бірте-бірте дамиды. Бұл құбылыс екі негізгі бағытта: 1-шіден қарапайынан күрделіге қарай, сосын жалпы түсінік алыптасады, 2-шіден жалпы түсініктен нақтылыққа ауысады. Яғни практикалық жұмыстармен, мысалдармен беріледі. Осы жол география ғылымы үшін тиімді. Төменгі кластардан бастап қолданылады. Мектеп оқулықтарында 6-9 кластарда жалпы түсінік көп көлемде беріледі. Географиядан алғашқы курстарда материктерді оқытуда «Жердің бедері және климаты» деген арнайы бөлім бар. Жалпы географиялық түсінікті географияда қоданудың екі жолы бар. Олар индуктивті және дедуктивті. Осы екі жолдың анықтаудың
- оқушыларды жергілікті жердің нысандарымен және құбылыстарымен таныстыру, Жергілікті жер жайлы материалдарда түсінік индуктивті жолмен беріледі (мысалы: көл жайлы түсінік, жазықтық, ауа-райы және т.б.
- Екіншіден білім мазмұны, дедуктивтік жолмен абстрактылы теориялық білім қалыптасады, Оның мазмұнын оқытушы ашады.
- Үшіншіден оқушының танымдық қасиетінің дамуы (бақылау қасиеті, салыстыру, және т.б).
Төртіншіден оқу уақыты. Индуктивті жол біраз уақытты қажет етеді. Индуктивті жолмен сабақты түсіндіруге Мысалы: 5 класта көлге түсінік бергенде қолдануға болады. Көлге түсінік бергенде оқытшы оқушыдан көл көрді бе, оның су қоймасынан айырмашылығы қандай, көл суды қайдан алады, деген сұрақтардан басталады. Дүние жүзіндегі ең ірі көлдер, Ең терең көл, тұздылығы қандай, қандай өзендер құяды. Көлдер неге батпаққа айналады. Себептерін ата деген сұрақтарға жауап іздейді.