Білім беру бағдарламасы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілді №9 хаттама 27 мамыр 2022 жыл



бет26/88
Дата08.09.2023
өлшемі312,29 Kb.
#106679
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   88
Тірек сөздер: жаратылыстану, география, экология, физика, информатика, химия
1.9- сынып Қазақстан географиясы екі бөлімнен тұрады. 1-ші және 2-ші бөлім. (Р.Ә. Қаратабанов, А.А Саипов, Б.Х Балғабаев, Қ.Т Сапаров Алматы Кітап баспасы 2019 жыл) 9сынып географиясы - Қазақстан Республикасы туралы білімдерін тереңдетеді. Қазақстанның географиясын оқып – үйрену мына төмендегі мақсаттарды көздейді:
Білімділік мақсаты:
-Жер бетіндегі табиғат құбылыстары мен процестеріне оқушылардың көзқарастарын қалыптастырудың ғылыми негізі ретінде Қазақстан аумағындағы табиғат генезисі мен дамуының себептері туралы география пәнінен өткен курстарға қарағанда тереңірек білім беру;
Тәрбиелік мақсаты:
- Шаруашылық іс – әрекет кезінде табиғатқа және оның байлықтарына ұқыпты қарау жолдарын жаратылыстану ғылымы тұрғысынан негіздеу, табиғат байлықтарын шаруашылықпен, ұқыпты пайдалануға, жерге, орманға, өзендер мен жануарлар дүниесінеқамқорлық жасауға деген сенімге тәрбиелеу;
-Экологиялық ойлауды қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, оның өте маңызды белгісі - табиғатты кешенді қабылдау, табиғатты тиімді пайдаланудың негізі ретінде ғылыми жаратылыстану заңының тұтастық мәнін түсіну;
Дамытушылық мақсаты:
-Белгілі бір аймақтың табиғат ерекшеліктеріне, жекелеген нысандар мен құбылыстарды, табиғатқа саналы көзқарастың нақты проблемаларына және оны шаруашылық жағынан игеру, жаңғырту және жақсарту кезінде қорғау жолдарын түсіну үшін білімді шығармашылықпен қолдана білу іскерлігін дамыту.
Айтылып отырған мақсаттарға жету үшін Қазақстанның физикалық географиясы курсының мазмұны қолайлы жағдай туғызады. Курстың жалпы бөлімі бұрынғы меңгерген географиялық білімнің және бірқатар сабақтас оқу пәндері білімдерінің негізінде табиғаттың негізгі компоненттері жайында жалпы физикалық - географиялық ұғымдардың жаңа жүйесін қалыптастыруды және олардың Қазақстан аумағындағы даму заңдылықтарын анықтауды; біздің еліміздің аумағындағы табиғат жағдайларының ерекшеліктерін танып – білу үшін меңгерілген ұғымдарды қолдану негізінде тереңдете түсу және пысықтауды мақсат етеді. 9 сынып Қазақстан географиясы (1 бөлім) курсының құрылымы және мазмұны. Оқулық Алғы сөз және 3 бөлімнен тұрады.
1.бөлім Зерттеулер мен зерттеушілер
2 .бөлім Картография және географиялық деректер базасы
3. бөлім Физикалық география ( Литосфера, Атмосфера, Гидросфера)
Қазақстан географиясы (2 бөлім) курсының құрылымы және мазмұны. 2 бөлім алғы сөз және 3-ші бөлімнің жалғасы және 4,5,6 бөлімнен тұрады, 3 бөлімнің жалғасы физикалық география (Биосфера, Аумақтық табиғат кешендері)
4 бөлім Әлеуметтік география
5 бөлім Экономикалық география
6 бөлім Елтану


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет