Білім беру бағдарламасы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілді №9 хаттама 27 мамыр 2022 жыл


Оқу карталарын оқу үрдісіндегі қызметіне қарай жіктеу



бет34/88
Дата08.09.2023
өлшемі312,29 Kb.
#106679
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   88
Байланысты:
ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТ.ӘДІС.УМКД

Оқу карталарын оқу үрдісіндегі қызметіне қарай жіктеу. Оқу карталарын масштабына, кескінделген аумақты қамтуына, оқу үрдісіндегі қызметіне қарай жіктейді. Оқу үрдісіндегі қызметіне қарай оқу карталары қабырға және үстел үсті карталары деп топтастырылады. Соңығысы жеке басылып шығатын, жапсырма карталар, тақырыпта басылатын мәндік карталар, жинақталып кітапша ретінде шығарылған атласындағы карталар болып бөлінеді. Мектеп тәжіртбесінде кескін каталар ерекше орын алады.
Қабырға карталар. Атауына сәйкес бұл топтағы карталар барлық оқушылар көріп мазмұнымен танысу мүмкіндіктері ескеріліп құрылытындықтан жеке жұмыс істеуге арналған карталарға қарағанда шартты белгілері біршама ірі және жинақталуы жоғары болуымен ерекшелінеді. Қабырға карталарының өлшемдерінің үлкен болуы көптеген шартты белгілерді орналыстыруға мүмкіндік береді. Олардың әрқайсысың бір емес, бірнеше тақырыптарды өту барысында қолдануға болады. Сондықтан олардың ішінде мазмұны жағынан күрделі жалпы географиялық және тақырыптық карталар көп. Мұғалім қабырға карталарын, оқулықтар мен атластардығы карталарды көбінесе сыныппен жаппай жұмыс істеу кезінде, сонымен қатар, оқушылардың жеке жұмыс істеуге арналған тапсырмаларды орындау барысында оқыту құралы ретінде, қолданады. Сондықтан жоғарыда аталған оқу карталары мазмұны мен безендірілуі жағынан үйлесімді болуының маңызы зор
Стол үсті карталары жеке жұмыс істеуге арналғандықтан олар әр оқушыда болуы тиіс. Мектеп үшін бірнеше стол үсті карталары шығарылған.Олардың қатарына белгілі бір аумақтың 1:25000, 1:50000, 1:1000000 масштабты ірі және орта масштабты топографиялық карталары, оқулықтағы және кітапша ретінде жинақталып шығарылған атластағы карталар жатады. Олар географияның бастауыш курсындағы «План және карта» ,7 – сыныпта өтетін «Материктер мен мұхиттардың картасы» тақырыптарын өту барысында қажетті оқыту құралы қызметін атқарады. Қазіргі кезеңдегі көптеген оқулықтарда мәтіндік жіне жапсырма карталар бар.
Мәтіндік карталар мектеп оқулығының беттерінде бастырылады. Олар белгілі бір тақырыптың мәтінінде сипатталған құбылыстардың ерекшеліктерін ғана сипаттайтын жеке тақытыптардв қарастырумен ерекешелінеді. Салаыстырмалы түрде қарапайымдылығымен көзге түсуіне қарамастан мәтіндік карталарда оқулықта жоқ ақпараттар болатындықтан сабақты жоспарлау барысында мұғалім мәтіндік карталармен жұмыс істеуді міндетті түрде қарастыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет