Білім беру бағдарламасы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілді №9 хаттама 27 мамыр 2022 жыл



бет29/88
Дата08.09.2023
өлшемі312,29 Kb.
#106679
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   88
2. Көрнекіліктің атқаратын қызметі. Таным көзбен көріп сезінуге негізделетінін белгілі. Қазіргі ғылымға танымның екі негізгі нышаны: көзбен көру, ұстау арқылы сезінуге негізделетін сезімдік (ұғым) пен сабстрактылы ойға негізделетін логикалық нышандары белгілі.
Жоғарыда атлаған екі нышан бір – бірімен тығыз байланыста болады және бір – бірінен бөліп қарауға болмайды.
Таным теориясына негізделіп дидактика білімді меңгеруге, әлемің шынайы бейнесін жасауға көмектесетін оқыту әдістерін жасауда. Осы мақсатта оқытылатын нысандар мен құбылыстарды терең меңгеріп түсіну үшін географияны оқыту нысандардың нақты үлгілері «көрнекіліктің ең жоғарғы нышаны» болып саналатын көрнекті құралдарды жасауда.
Бірақ оқытылатын нақты нысандар мен құбыдысарды көрсету мүмкін болмайтындықтан және дидактикалық тұрғыдан тиімсіз екенін ескере отырып, георгафияны оқыту барысында белгілі бір табиғи немесе әлеуметтік – экономикалық нысандардың, үрдістер мен құбылыстардың үлгісі болып табылатын алуан түрлі жасанды көрнекі құралдар қолданылады.
Көрнекі құралдарға қойылатын міндетті талап оқушылардың жастарына сәйкес танымдық ерекшеліктеріне ескеріп бейнелейтән түп нұсқаға тән белгілерді ашып көрсететін изоморфты кескіні болуы тиіс.
Таулар мен жазықтардың құрылысы, шаруашылық салаларының құрылымы, жеке аумақтардың аасында экономикалық байланыстар сияқты мектеп географиясында оқытылатын көптеген нысандар мен құбылыстарды түп нұсқасынан көріп бақылау мүмкін болмайтындықтан жоғарыда аталған бұл ереже бірінші кезектегі маңызға ие болады.
Ұтымды құрылған оқу үлгісі көрнекі құралдардың көмегімен оқу – танымдық міндеттерді дұрыс шешуге көмектеседі. Мысалы, «Macromedia Flash» және «3ds max» компьютерік бағдарламаларының көмегімен құрылған « Тауарлардың пайда болуымен өзгеруі» оқу бейнефильмінде терең ойыс геосинклинальдығы теңіз табанында жиналған шөгінді тау жыныстарының жер қыртысындағы тік бағыттағы қозғалыстың әсерінен жиырылып қатпарлы таулардың пайда болатынын, сыртқы күштердің ықпалынан бұзылуын, аласаруын, жаңа тау түзілу кезеңінде қайта көтеріліп, жаңғырған қатпарлы – жақпарлы таулардың түзілетінін, геологиялық уақыт ішінде олардың аласарып, біртіндеп платформаға айналуына дейінгі геосинклинальдың даму кезеңдері көрсетілген.
Оқу бейнефильмін көріп болған соң кадрлардың мазмұнына талдау жасау арқылы оқушылар қатпарлы және қатпарлы – жақпарлы таулардың морфологиялық белгілерін, негізгі құрамдас бөліктерін, жер қыртысының құрылысы мен жер бедерінің ірі пішіндерінің арасындағы байланыстарды, жазықтар мен таулардың таралу заңдылықтарын анықтайды.
Көрнекілік оқушылардың георгафиялық ой – өрістің кеңейтіп байқампаздығын сонымен қатар, оқытудың қол жетімділігін арттырып, оқу материялдарын біршама терең әрі жеңіл меңгеруге мүмкіндік береді.
Георгафияны оқытудағы көрнекілік қағидасы қазіргі кездегі заманауи оқыту құралдарымен жүйелі түрде жұмыс істеуді талап етеді.
Егер көрнекі құралдар оқытылатын нысандар мен құбылыстарды жан – жақты ашып көрсете алатын болса, оқушылар оқу материялдарын терең меңгереді. Оны тау жыныстары мен минералдардың үлгілерінен бастап интербелсенді заманауи мультимедиа материялдарына дейінгі барлық оқыту құралдарының жүйесі қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет