Инновация термині қашан енгізілді, қай мемлекетте?
Технология түсінігі?
Әдебиеттер: А.Әлімов Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Алматы-2013 ж, К.Ж Бұзаубақова Білім берудегі инновациялық технологиялар. Тараз 2014 ж
апта
№29 дәрістің тақырыбы: География сабағында оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Экологиялық тәрбие берудің маңызы
Сыныптан тыс экологиялық тәрбие берудің мәселесі
Экология –табиғатты үнемдеу туралы ғылым. Экология грекше ойкос- үй, мекен және логос ғылым деген сөз. Экология терминін Австралия ғалымы биолог Э. Геккель енгізген. БҰҰ шешімі бойынша 5 маусым дүние жүзінілік қоршаған ортаны қорғау күні.Қазіргі кезед балаға жас шамасына қарай экологиялық білім және тәрбие беру ерекше көңіл бөлінуде. Табиғат ананы қорғау адамзат міндеті. Оны ұрпаққа ұғындыру, тәрбиелеу мектептің міндеті. Экологиялық тәрбиелеу бала кезден басталу тиіс. Баланың алғашқы қалыптасуы, көзқарасының, азаматтық санасының жүйеге түсуі экологиялық жауапкершілікті сезінумен бірге тәрбиеленуі керек. Әр бала қоршаған ортаның құрылысын, оның ерекшеліктерін, заңдылықтарын бұзбау сақтау жолдарын, табиғатты қорғаудағы өзінің жауапкершілігін білуі міндетті.
Экологиялық тәрбиенің мақсат-міндеті жас ұрпаққа өзі мекен еткен табиғи ортаның әсемдігін, мөлдірлігін, тұнық ауасын бұзбауға, үйлесімдігін сақтауға, қамқорлықпен, жауапкершілікпен, жанашырлықпен, мейірімділікпен, сезімталдықпен қатынас жасауға тәрбиелеу. Жас ұрпаққа табиғатты қорғау мен байлығын ысырап етпеудің ғылыми негіздерінің басты заңдылықтарын үйрету. Республикамыз дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жас ұрпақты ізгілікке, эстетикаға отан сүйгіштікке баулитын экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арат түсуде. Себебі «Табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп экологиялық зардаптар тіршілікке қауіп төндіруде.
Республикамыздың оқу жүйесінде экологиялық білім берудің мемлекеттік бағдарламасы дүние жүзілік тәжірибелерді саралай отырып көпшілікке, жеткіншектерге үздіксіз экологиялық білім және тәрбие беруді көздейді. Ол төмендегідей оқу жүйесінен тұрады.
Мектептерге дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие беру
Мектеп қабырғасында дда экологиялық білім және тәрбие беру
Жоғары оқу орындарында да экологиялық тәрбие беру ( әр түрлі сала бойынша)
Мамандарды қайта даярдлау мекемелерінде экологиялық білім беру
Көпшіліктің экологиялық сауатын ашу
Қ.Р Білім және ғылым минстрлігі бекіткен оқу жоспары бойынша жалпы және арнайы білім беретін оқу жүйелері 2000 жылдан бастап жаңа базистік оқу жоспарына көшірілді. Ол – орта мектеп (10-11 сынып) және бастауыш мектеп (1-4 сыныптар) Жоғарыдағы оқу құрылымына қарай әрбір пән мұғалімі оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру үрдістерін жоспарлауы тиіс. Экологиялық тәрбие беру А.Захлебный, И. Суравегина, Б.Лихачев еңбектері бар. Экологиялық білім беру бағытында экология ғылымында негізгі ұғымдар мен түсініктер бар, олардың негізгілері «экологиялық сана», «экологиялық сауаттылық», «экологиялық мәдениет», «экологиялық білім», «экологиялық этика» т.б. Ұғымдарды түсіну оқушылардың табиғатқа деген көзқарасын қалыптастырады.
Экологиялық сана мынадай маңызды функцияларды атқарады:
Ағартушылық функциясы
Дамытушылық функциясы
Тәрбиелік функциясы
Ұйымдастырушылық функциясы
Болжаулық функциясы
Бүгінгі таңдағы мектеп мұғалімдерінің аса жауапты міндеттерінің бірі оқушылардың санасына қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, сол арқылы туған өлке табиғатының байлыған сақтау және молайта түсуге бағытталған сезімдерін тәрбиелеу.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу- мұғалімнің аса маңызды да, қадірменді парызы»
Экологиялық білім беру төмендегідей адам іс- әрекеттерінің дамуына негізделген:
Табиғи ресурстарды үнемдеу
Қоршаған ортаның ластануын тоқтату
Табиғи экожүйені сақтау
Қабылданған экологиялық этиканы, тәртіп кодекстерін және халықаралық одақ нормаларын сыйлауды меңгеру
Қажылық қолдау және қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысу, толық дайындықты қалыптастыру