Білім беру бағдарламасы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілді №9 хаттама 27 мамыр 2022 жыл



бет64/88
Дата08.09.2023
өлшемі312,29 Kb.
#106679
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   88
Бақылау сұрақтары:

  1. Инновация түсінігі?

  2. Инновация термині қашан енгізілді, қай мемлекетте?

  3. Технология түсінігі?

Әдебиеттер: А.Әлімов Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Алматы-2013 ж, К.Ж Бұзаубақова Білім берудегі инновациялық технологиялар. Тараз 2014 ж
28 дәрістің тақырыбы: Инновациялық технология мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамытудың негізі ретінде

  1. Инновациялық технологиялар және олардың жіктелімі (классификация) мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту тәсілдері

Мақсаты: Инновациялық технологиялар және олардың жіктелімі (классификация) мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту тәсілдері жайлы пікірлесу.
Тірек сөздер: оқыту технологиясы, классификация, моделі, бағдарлама
Инновациялық технологиялар және олардың жіктелімі (классификация) және мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту тәсілдері
Жаңа заман талабына сай мұғалімнің шеберлігін арттыруда бiлiм мазмұны
мен оқыту технологияларының рөлі ерекше. Оқыту технологияларын талдағанда, қазiргi өркениеттi елдер тәжiрибесiнде жүзеге асырылып жатқан бiлiм берудiң жаңа моделiне – Нәтижеге бағдарланған бiлiм моделiне - сәйкес келетiн оқыту технологияларын iрiктеудi қажет етедi. [13] “Оқыту технологиясы” терминi алғаш рет АҚШ-та ХХ ғасырдың ортасында пайда болды. “Технология” – гректiң techne - өнер, шеберлiк, бiлiктiлiк, logos –оқу сөздерiнен шыққан. Белгiлi бiр маңызды әрекетте, өнерде, шеберлiкте мақсатқа жету үшiн қолданылатын әдiс ретінде технологияларды қолдану қазіргі уақытта өзектілік көрсетіп отыр. [14]
ЮНЕСКО-ның құжаттарында оқыту технологиясына техникалық және адам
ресурстарын, олардың өзара бiрлiгiн ескере отырып, оқытудың тиiмдiлiгiн
арттыруды мiндет етiп қоятын мұғалiмнiң бүкiл оқыту iсi мен оқушының
бiлiмдi меңгеру әрекетiн ұйымдастырудың, қолданудың және анықтаудың жүйелi әдiстерi- деп анықтама берiлген. Педагог-ғалым В.М.Шепель: Технология –белгiлi заттың бейнесiн өзгерту үшiн қолданылатын өнер, бiлiктiлiк, әдiс-тәсiлдер,- дедi. И.Г. Зайнышев: [15]белгiлi затты, тұлғаны сапалы өзгертуде қолданылатын бiлiм мен әдiс-тәсiлдер жүйесi деген анықтамасын ұсынады. Е.И.Холостов болса, технологияны белгiлi шығармашылықтан сапалы нәтиже алу үшiн қолданылатын әрекеттер жиынтығы- деп санайды. Ал Р.В.Овчарова оған адамның әрекетiн, бiлiктiлiгiн, тәжiрибесiн еңбекке қажеттi заттарды, әлеуметтiк шындықты сапалы өзгертуге бағытталған әрекеттер жүйесi- деп қарауды ұсынады. Ресейлiк ғалымдардың iшiнде осы технологияның мәнiн бiршама анығырақ айтқан Б.Т.Лихачев:” Педагогикалықтехнология – оқыту тәсiлдерi мен тәрбие құралдарын, оқытудың түрлерiн жинақтап, арнайы бiрiктiрудiң жолдарын анықтайтын психологиялық- педагогикалық установкалардың бiрлiгi, сондықтан да ол – педагогикалық процестiң инструментарийi болып саналады”, - дейдi. В.П.Беспалько [16] педагогикалық технологияны “оқу процесiн жүзеге асырудың мазмұндық техникасы” деп санаса, И.П.Волков[17] “жоспарланған оқыту нәтижелерiнiң жетiстiктерi процесiнiң сипаттамасы” деп бағалайды. В.М. Монахов[18] педагогикалық технологияға “оқушы мен мұғалiмге қолайлы жағдай туғызатын оқу процесiн жобалау, ұйымдастыру және өткiзу бойынша бiрлескен педагогикалық әрекеттердiң жан-жақты ойластырылған моделi”,- деген анықтама бередi. Көрiп отырғанымыздай, технология туралы қазiргi ғылымда орныққан дәл анықтама болмағанымен, олардың бәрiнiң тоғысатын ортақ арналары бар. Олар, бiрiншiден, технологияның шеберлiкпен, бiлiктiлiкпен байланыстылығы; екiншiден, технологияның сапалық өзгерiс жасау мақсатында қолданылатыны;
үшiншiден, технологияның бiртұтас әдiс-тәсiлдер жиынтығынан құралатындығы. Олай болса, технологияның бiлiм мекемелерiнiң кез келген типiнде жаппай қолдануға қолайлы әрi тиiмдi оқу процесiн құрудың жолдарын iздестiрудiң нәтижесi ретiнде туған тұжырым екендiгi даусыз. Бiлiм беру, оқыту процесiндегi технология – “қойылған мақсатқа тиiмдi жолмен қол жеткiзудi
қамтамасыз етушi жүйе, яғни бiлiм мазмұнын жүзеге асырудың тәсiлi.”
Технология, бiр жағынан, бiлiмдiк ақпараттарды өңдеп ұсынудың, өзгертудiң,
ашудың әдiстерi мен құралдарының жиынтығы болса, екiншi жағынан,
мұғалiмнiң қажеттi техникалық және ақпараттық құралдарды оқу процесiнде
қолдана отырып, оқушыларға ықпал етуiнiң тәсiлдерi туралы ғылым. Жалпы
педагогикалық технологияның дамуының қайнар көздерiн педагогикалық
психологияның, әлеуметтану ғылымының, этнопедагогиканың жетiстiктерi мен
озық педагогикалық тәжiрибелер, сондай-ақ өткен жылдардағы отандық,
шетелдiк педагогикадағы жинақталған асыл қорлары құрайды. Сол себептi де
технология өткеннiң жетiстiктерi мен жаңашылдықты тоғыстыратын, оқыту
жүйесiнiң барлық мүмкiндiктерiн оқушының дамуына пайдалануды көздейтiн бiртұтас ұғымға айналады. Түйiндей келгенде, оқыту технологиясы мұғалiм мен оқушының мүддесiне қызмет ететiн, толық үндесiмге негiзделген оқытудың әдiстемелiк жүйесi болып шығады. [19] Оқыту технологиясына тән белгiлер: Негiздiлiгi (кез келген технологияның өзiндiк философиясы, өзiндiк тұжырымдамасы болуы шарт). Жүйелiлiгi (құрылымдық элементтерiнiң бiртұтастығы). Басқарылмалылығы (оқыту процесiн бастан-аяқ жоспарлап, нәтижесiн тексеруге болатындығы). Тиiмдiлiгi (қысқа мерзiмде аз шығынмен жоғары нәтижеге қол жеткiзу мүмкiндiгi). Технологияның түрлерiн саралауда да түрлi бағыттар қатар орын алып отыр. Ростов мемлекеттiк университетiнiң оқытушысы В.Т.Фоменко [20] педтехнологияларды өзгеше топтастырады. Ол технологияларды қолдану деңгейiне қарай, философиялық негiзiне қарай, жетекшi факторына қарай топтастырады. Ал тәжiрибенi меңгертудiң ғылыми негiздемеciне сай педтехнологиялар ассоциациялық-рефлекторлық, бихевиористикалық-гештальдық, дамытушылық деп те жiктеледi. Ал осы педтехнологияны түбегейлi зерттеген ғалым Г.К.Селевко[21] оны былайша топтайды: -қолдану өрiсiне қарай: жалпы педагогикалық, жеке пәндiк, модульдiк, әдiстемелiк; -мазмұны мен құрылымына қарай: оқыту (тәрбиелеу), зайырлы (дiни), жалпыбiлiмдiк (бағдарлы), гуманитарлық (технократиялық), монотехнологиялық, политехнологиялық, аралық; -ұйымдастыру түрiне қарай: сыныптық-сабақтық (альтернативтiк). Академиялық (клубтық), жеке (топтық), ұжымдық оқыту тәсiлi, саралап оқыту. [22] Дегенмен, бiр ғана бағытпен шектелетiн монотехнология болмайтыны ақиқат. Кез келген технологияға кешендiлiк тән. Бiрақ өзiнiң таңдаған басым бағытына орай олардың арасында өзгешелiк те сақталады, соған cай белгiлi бiр атауға ие болады. Сонымен, технология – жеке тұлғаны дамытуға негiзделген мақсатты педагогикалық жүйе. Педагогикалық технологияның принциптiк екi ерекшелiгi ретiнде, бiрiншiден, оның көздеген нәтижеге жетудiң кепiлдiгi екендiгiн, екiншiден, оның болашақ оқу процесiнiң жобасы түрiнде сипатталатынын атап айтуға болады. [23] Технологияны қолдануда мұғалiм шеберлiгi ерекше мәнге ие. Оның кәсiби шеберлiгi мен оқытудың қандай әдiс-тәсiлдерiн таңдауы ғана технологияның ұтымды болуына алғышарт жасайды. Дәстүрлi оқыту жүйесiнен тыс жасалған технологиялар оқытудың мотивациялық сипатын арттырып, оқушылардың пәнге қызығуын тудырады, оқушының өз айналасындағылармен табиғи бәсекелестiгiн дамытады, оның дара тұлғалық белсендiлiгiн күшейтедi, өз бойындағы қабiлетiн саналы түрде ашуына қолайлы жағдай туғызады, олардың адамгершiлiк сапаларын жетiлдiредi, шығармашылық еркiндiкке ұмтылдырып оқушылардың бейiндi бiлiктiлiгiн арттыруға мүмкiндiк туғызады. [24] Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” Заңында оқыту формасын, әдiстерiн, технологияларын таңдауда көпнұсқалылық қағидасы бекiтiлген, бұл бiлiм мекемелерiнiң мұғалiмдерiне, педагогтарына өзiне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдiстi кез-келген үлгiмен, тiптi авторлық үлгiмен құруға мүмкiндiк беретiндiктен оқу үрдiсiн қайта жаңғырту идеясы педагогикалық технологияның негiзгi тiрегi болып табылады. Ол идея мынадай мазмұндық бiрлiктерден құралады: [25]
•оқытудың жалпы мақсаты;
•жалпы мақсаттың нақтыландырылуы;
•оқушылардың бiлiм деңгейiн алдын-ала (диагностикалық бағалау);
•оқу әрекетiнiң жиынтығы;
• нәтиженi бағалау.
Мұғалімнің шеберлігін арттыруда, бiлiм сапасының күшейүі берiлетiн бiлiмнiң түпкi нәтижеге бағытталуымен және оқытуда тиiмдi технологияларды пайдалануымен айқындалады.Қазiргi бiлiм беру жүйесiне лайық технологияларды iрiктеудiң критериийлерi
оқытудың жаңа талаптарымен сәйкес анықталды. Зерттеу нәтижесiнде оқыту
технологияларын iрiктеу мен жүйелеудiң мынадай критерийлерi айқындалды:
• технологиялардың нәтижеге бағдарланған бiлiм моделi талаптарына үндес
болуы;
• технологиялардың оқушының мүддесiне басымдылық беруге бейiмдiлiгi;
• технологиялардың оқытудың әдiстемелiк жүйесi компоненттерiн өзара
бiрлiкте қамту мүмкiндiгiнiң болуы;
• технологиялардың оқу сатыларының кез келгенiнде қолдануға қолайлылығы;
• технологиялардың бiлiм сапасын арттыруға ықпалының айқын болуы;
• технологияның оқушы бiлiмiн объективтi бағалауда тиiмдiлiгi, т.б.
Сөйтiп, педагогикалық технологиялар бiлiм сапасын арттырудың маңызды
шарты ретiнде бүгiнгi қоғамдық-әлеуметтiк сұранымға сай жетiлдiрiлiп
отырылуы тиiс. Бұл орайда оқытуда қоғам мен оқушы мүддесiн қатар қамтитын,
мұғалiм шеберлiгiн шыңдайтын, оның нәтижелi жұмыс жүргiзуiне оң әсерiн
тигiзетiн технологиялардың көбеюi мұғалiмнiң таңдау мүмкiндiгiн кеңейтiп
отыр. Ол оқу процесiндегi кездейсоқтық пен жүйесiздiктен арылуға, оқу
материалын тиiстi деңгейде меңгеруге, оқушы бiлiмiн объективтi бағалауға
жол ашады. Сондықтан да педагогикалық технологиялар бiлiм сапасын жетiлдiрудiң маңызды компонентi деп саналады. Педагогикалық технологиялардың белгілері мен элементтері.Ғылымға мықтап енген педагогикалық технология ұғымына әр түрлі түсініктеме берілген:
• оқыту мен тәрбиелеу құралдарының арнайы формаларының, әдіс-тәсілдерінің, жолдарының жиынтығын анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулар жиынтығы (Б. Т. Лихачев);
• алдын ала жобаланған оқу- тәрбие процесінің практикада жүйелі әрібірізді жүзеге асуы (В. П.Беспалько);[26]
• оқытушы мен оқушылар үшін барлық жақсы жағдайлар жасалғанда оқу
процесін жобалау, ұйымдастыру әрі жүзеге асыруда біріккен педагогикалық іс- әрекеттің жан- жақты (ұсақ – түйегіне дейін) ойластырылған моделі (В. М. Монахов); [27]
• педагогикалық мақсатқа жеру үшін қолданылатын барлық тұлғалық,
инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қызмет ету реті мен жүйелі жиынтығы (М. В.Кларин). Дегенмен, барлық анықтамаларға ортақ басты негізі бар,яғни:педагогикалықтехнологиялар- бұл білімнің басымды мақсаттарымен
біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттернің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі әрі ашық жүйелері. Мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жасайды (М. М.Жанпейсова).[28] Бүгінгі таңда П. М. Эрдниевтің [29] дидактикалық бірліктерді шоғырландыру (УДЕ) технологиясы, Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың[30] дамытаоқыту технологиясы, Ш. А. Амонашивилдің [31] ізгілікті тұлғалықбтехнологиясы, В. Ф.Шаталовтың [32]оқу материалдарының белгілі және сызбаүлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М. Чошановтың[33]проблемалық модульді оқыту технологиясы, В. М. Монаховтың,[34] В. П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары танымал. Қазақстанда Ж. А. Қараевтың, Ә. Жүніспектің және т. б.ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді ... жалғасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет