Білім беру бағдарламасы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілді №9 хаттама 27 мамыр 2022 жыл



бет49/88
Дата08.09.2023
өлшемі312,29 Kb.
#106679
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   88
Байланысты:
ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТ.ӘДІС.УМКД

4.Экономикалық есептерді пайдалану. Экономикалық ,әлеуметтік және саяси география курстарын оқыту барысында экономикалық есептерді пайдаланудың мақсаты оқушыларды экономикалық жоспарлау әдістерімен ,шаруашылықтың даму жағдайларымен таныстыру .Есептердің бірқатар бөлігін статистикалық кестелерді пайдалана отырып орындауға болады.Олар бойынша экономикалық ауданның маманданған шаруашылық салаларын ,өнеркәсіп кәсіпорындарын орналастыру қағидаларын анықтауға ,белгілі бір өнеркәсіп саласының бір жылда өндірген өнімінің жан басына шаққандағы мөлшерін есептеп шығаруға болады.Мысалы ,2 000 000 халқы бар А қаласы жылына 50 000 тонна қант тұтынады .Әр тонна қантты өндіруге 8 тонна қант жұмсалады .1 тонна өнімді 1 шақырымға тасымалдау үшін 1 теңге жұмсалады.Қант қызылшасы тұтынатын ауданнан 250 шақырым қашықтықта орналасқан.Белгіленген сандық деректерді пайдаланып қант зауытын қайда салған тиімді екенін анықта.Оқушылар бұл тапсырманы орындаубарысында жоғарыда берілген сандық деректерге сүйеніп бірінші кезеңде 50 000 тонна қант өндіруге жұмсалатын қант қызылшасының мөлшерін шығарады.
Екінші кезеңде 1 тонна 50 000 тонна қантты және оны өндіруге жұмсалатын қант қызылшасының 250 шақырымға тасымалдауға кететін теңге есебімен алынған жол шығынын есептеп шығарады.
Үшінші кезеңде дайын өнімді жіне оны өңдеуге жұмсалатын жол шығынының айырмасын анықтайды .
Төртінші кезеңде қант зауытын шикізат көзінде немесе тұтынатын ауданына салған тиімді екендігі жөнінде өз ой қорытындалын шығарады.
Жоғарыда көрсетілген жіне басқа тәсілдерді пайдаланып экономикалық есептеулерді пайдалануға болады .Қорыта айтқанда ,мектеп географиясында экономикалық-географиялық түсініктерді терең меңгертуге мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары:
1.Географияны оқыту барысында қолданылатын оқыту құралдарының негізгі қызметін анықтап оларды жіктеңіз.
2.Қандай дидактикалық қағиданы жүзеге асыру көрнекті құралдардың әрбір тобын пайдалануға көмектеседі?
3.Түсіндірілмелі-көрнекі ,ішінара ізденіс ,зерттеу әдістерінің көмегімен оқыту құралдарын пайдалану тәсілдерін анықтап өз ойларыңды мысалдар келтіре отырып нақтылаңыз.
4.Әр түрлі географиялық карталардың оқу қызметін,географияны оқыту әдістемесіндегі картаны <<Түсіну>> ,<<оқу>>,<<білу>> түсініктерінің мәнін ашып көрсетіңіз.
5.Мектеп геогрфиясының құрылымдық құрамдас бөліктерін анықтап,олардың әрқайсысының атқаратын қызметін сипттаңыз.
6.География оқулығының мәтінің негізгі ерекшеліктерін және онымен жұмыс істеу тәсілдерін анықтаңыз .
7.Аудиобейне көрсету құралдарының негізгі түрлерін,олардың оқу-танымдық маңызын пайдалану тәсілдерін ашып көрсетіп ойыңызды мысалдармен нақтылаңыз.
8.Статистикалық кестелердің ,диаграммалар мен графиктерді география сабақтарында пайдаланудың тиімді тәсілдері мен кезеңдерін анықтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет