Білім беру бағдарламасы өндірістік педагогикалық іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік нұСҚаулық


Практиканттардың қызметін бағалау критерийлері



бет5/7
Дата24.04.2023
өлшемі35,09 Kb.
#86221
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Практиканттардың қызметін бағалау критерийлері.
Білім алушы-практиканттардың қызметін бағалау критерийлері:
"Өте жақсы" деген бағаға кәсіптік практика бағдарламасын толық меңгерген және бақылау үшін ұсынылған дағдыны мүлтіксіз орындайтын білім алушы лайық.
"Жақсы" бағасы практикалық дағдыларды меңгерген және тексеру үшін ұсынылған дағдыны орындау кезінде жеткілікті шеберлікті көрсететін білім алушыға қойылады.
"Қанағаттанарлық" деген баға кәсіптік практика бағдарламасын толық меңгермеген және бақылау үшін ұсынылған білімді өз бетінше орындау кезінде елеусіз қателіктер жіберген білім алушыға қойылады.
"Қанағаттанарлықсыз" деген баға кәсіптік практика бағдарламасын орындамаған білім алушыға қойылады.
Практикаға жетекшілік ететін кафедра ББ ерекшелігі мен практика мазмұнына сәйкес практика нәтижелерін бағалаудың толық критерийлерін анықтайды.


2. Білім алушы – іс- тәжірибешінің қызметі

күн

Жүргізілетін жұмыс

Мазмұны

Меңгерілетін құзіреттілік

1 апта

Практика өткізілетін сыныптың барлық оқу пәндері бойынша оқу бағдарламаларымен, оқулықтармен және әдістемелік әдебиеттермен танысу, қажетті көрнекі құралдар мен дидактикалық материалдарды дайындау.

Өз бетімен сабақ жоспарларын құруға қабілетті;
- мектептің педагогикалық кеңесі жұмысының мазмұны мен өкілеттіктері;
- пән мұғалімдерімен әдістемелік жұмыс жүйесі; - пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі жұмысының мазмұны.

- өзінің кәсіби қызметінің нәтижелері үшін жауапты бола алады

2 -3 апта

Пән мұғалімінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарын және тәрбие жұмысының жоспарын зерттеу.

- сабаққа қажетті дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды дайындауға әзірлеуге қабілетті;
- оқушылармен оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу;
- Сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтау және оларға сәйкес оқытудың мазмұны мен әдістерін таңдау;
- оқу материалының мазмұнын меңгеру бойынша оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру;;

әртүрлі білім беру мекемелерінде базалық және элективті курстардың оқу бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады

4-5 апта

Пән мұғалімі мен студент-практиканттардың ашық сабақтарына қатысу, хаттама толтыру және оларды талқылауға қатысу.

- жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін анықтайды, оны түзетуді жүзеге асырады;
- оқыту және тәрбиелеу процесінде оқушылардың жас және жеке даму ерекшеліктерін ескеру;

- білім алушылардың ынтымақтастығын ұйымдастыра алады, оқушылардың белсенділігі мен бастамашылдығын, дербестігін, олардың шығармашылық қабілеттерін қолдай алады

6-7 апта

Сабақ жоспарларын өз бетінше дайындау және оқу кестесі бойынша өткізу.

Сабақ тақырыбы бойынша сабақ жоспарларын құру.
Сабақта білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру күтілетін оқу жетістіктерін критериалды бағалау бойынша жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, оқытудың колоборативті ортасын құра білу. Педагогика,Психология және жеке әдістемелер бойынша интеграцияланған білімді оқу-тәрбие процесіне енгізу.

білім беру саласындағы зерттеу міндеттерін анықтау және шешу үшін жүйелендірілген теориялық және практикалық білімді пайдаланады

8-9 апта

Мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысына қатысу.

Мектептің ұжымдық іс-шараларын әзірлеу немесе оған қатысу

білім алушылардың әлеуметтенуі мен кәсіби өзін-өзі анықтау процестерін педагогикалық сүйемелдеуді, оларды мамандықты саналы түрде таңдауға дайындауды жүзеге асырады

10 апта

Пән мұғалімдерімен әдістемелік жұмыс жүйесін зерделеу және пән бойынша мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің жұмысына қатысу.

өткізілетін іс-шаралар үшін жаңа идеяларды әзірлеу,
пайдалана отырып, креативті
жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін анықтау, оны түзетуді жүзеге асыру;

оқу қызметінің жаңа түрлерін қалыптастыру және оқу-тәрбие процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін білім беру ортасының мүмкіндіктерін пайдаланады

11 апта

Сынып оқушыларының бірінің жеке басын зерттеу және оған психологиялық-педагогикалық сипаттама жасау.

Оқушыларды тәрбиелеу үшін ата-аналармен бірлескен жұмысты ұйымдастыру және олармен бірге балаға педагогикалық тұрғыдан тиімді әсер ету;
- оқушының жеке басын зерттеу үшін педагогикалық зерттеудің әртүрлі әдістерін қолдану.

-білім алушылардың тұлғасын тәрбиелеу және рухани-адамгершілік дамыту міндеттерін шеше алады

12 апта

Ғылыми –зерттеу жұмысы мен практикалық қызметпен байланыс.

Студент презентацияны және өз жұмысын қорғауды ұйымдастырады

-оқу-тәрбие қызметінде ғылыми зерттеудің негізгі әдістерін меңгереді;

13-14 апта

Тақырыптық топтық іс-шараларды жоспарлау және өткізу.

- оқыту және тәрбиелеу процесінде оқушылардың жас және жеке даму ерекшеліктерін ескеру;

- мәдени-ағарту іс-шараларын әзірлеп, жүзеге асыра алады;

15 апта

Жұмыс қорытындысын шығару. Есептік қызметке дайындық

Теориялық немесе өндірістік оқыту сабақтарының әдістемелері мен әдістемелік қамтамасыз етілуін әзірлеу. Теориялық немесе өндірістік оқыту сабақтарын өткізу.

Білім беру технологиясының негізгі түсініктерін, принциптерін, құрылымын, жіктелуін; оқыту технологиясын таңдау факторларын; оқыту технологиясын жобалау кезеңдерін меңгерген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет