2. Білім алушы – іс- тәжірибешінің қызметі Іс-тәжірибеден өту кезінде атқаратын іс-әрекет қызметтері және қалыптастырылатын құзыреттер, кезең-кезеңімен (күн немесе апта бойынша). 3. Іс-тәжірибеден өту барысында қалыптасатын оқыту нәтижелері. Білім беру бағдарламасында сипатталған құзыреттерге сәйкес іс-тәжірибеден өту барысында қалыптасатын оқыту нәтижелері. 4. Білім алушы – іс-тәжірибешінің есептік құжаттамасы Іс-тәжірибеден өткен білім алушының есептік құжаттарына қойылатын талаптар. Білім алушының іс-тәжірибе бойынша есебінің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар. 5. Іс-тәжірибе есебін қорғау Есепті қорғау нәтижелері бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі. 6. Ұсынылатын әдебиеттер Іс-тәжірибе барысында қарастырылған барлық жұмыс түрлерін дайындау және орындау үшін студенттерге ұсынылған әдебиеттер тізімі.
1. Іс-тәжірибе түрлерін ұйымдастыру негіздері Іс-тәжірибенің мақсаты:. Өндірістік практиканың мақсаты кәсіби құзыреттілікті бекіту, кәсіби қызметтің практикалық дағдылары мен тәжірибесін алу болып табылады.
Іс-тәжірибенің міндеттері: 1) мамандық бойынша кәсіптік қызмет түрлерін, олардың функциялары мен міндеттерін зерделеу;
2) теориялық білімді бекіту және осы негізде кәсіби дағдыларды, Дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру;
3) инновациялық технологияларды, еңбек пен өндірістің озық әдістерін меңгеру;
4) ұйымдастырушылық және кәсіби тәжірибе алу;
5) командалық жұмыс дағдыларын, корпоративтік басқару қағидаттарының құзыреттерін меңгеру;
6) өз қызметін өз бетінше жоспарлау, әріптестермен пайдалы байланыстар орнату, рөлдік кәсіби позицияны анықтау, жауапкершілік сезімін қалыптастыру дағдыларын меңгеру.
7) студенттердің ЖОО-да алған теориялық білімдерін тереңдету және бекіту, оларды нақты педагогикалық міндеттерді шешуде қолдану;
8) болашақ мұғалімдердің педагогикалық біліктері мен дағдыларын және кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту;
9) студенттердің мұғалім мамандығына деген тұрақты қызығушылығы мен сүйіспеншілігін, педагогикалық өздігінен білім алу, педагогикалық қызметке шығармашылық және зерттеушілік тәсілдемені әзірлеу қажеттілігін тәрбиелеу болып табылады.