Білім беру бағдарламасы Орындаған: Ғылыми жетекшісі



бет5/12
Дата16.05.2023
өлшемі124,1 Kb.
#93555
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Мүмкіндігі шектеулі балаларға дене тәрбиесі сабағын өткізу ерекшеліктері

Есту қабілеті нашар дамыған балалардың ерекшелігі
Есту органы адам организмінде өте үлкен рөл атқарады. Адамның есту органы үш бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ. Іштен туа біткен сыртқы құлақтың зақымдануы сирек кездеседі. Сыртқы құлақтың толық бітліп қалуын «атрезия» дейді. Атрезия сыртқы дыбыс тесігінің қабынуынан болады. Сыртқы құлақтың зақымдануына сыртқы дыбыс тесігінде жиналып қалған құлық та жатады. Егер адамның құлағына құлық жиналып қалса, ол маман дәрігерге баруы тиіс.
Ортаңғы құлаққа ауру қоздырғыштар енсе, ол ауыр зардаптарға әкеліп соқтырады. Бұл жағдайда ортаңғы құлақ қабынады. Ол әр түрлі себептерден болады, мысалы, ангина, грипп аурулары. [16]
Ішкі құлақтың зақымдалуы мына себептерге байланысты: қабыну процесінің ортаңғы құлақтан ішкі құлаққа енуі, инфекциялық аурулардың асқынуы, ми қабынуының құлаққа таралуы.
Есту органының күшті бұзылуы бұл – өздігінен немесе емделудің нәтижесінде есту органының жақсармауы. Есту органының күшті бұзылуы іштен туа біткен және жүре пайда болуы мүмкін. Іштен туа біткен есту органының күшті бұзылуы сирек кездеседі. Оның себептері: тұқым қуалаушылық, әйел баласының түрлі дәрі-дәрмектерді қолдануы, оның инфекциялық аурулармен ауруы.
Жүре пайда болған себептер: ортаңғы құлақтың күшті қабынуы, мұрын және жұтқыншақ аурулары, ауыр инфекциялық аурулар (менингит, скарлатина, қызылша) туылу кезіндегі баланың алған жарақаттары.
Есту функциясының бұзылу дәрежесіне қарай есту жетіспеушілігі екіге бөлінеді: кереңдер және құлағының мүкісі бар адамдар.
Кереңдік – есту қабілетінің толық жойылуы.
Құлағының мүкісі бар адамдар – сөз-сөйлемді қабылдаған кезде түрлі қиыншылықтардың кездесуі. Сөз-сөйлемді қабылдағанда түрлі тәсілдер қолданылады (дауысты қатты шығару, дыбыс күшейткіш приборларды қолдану, нашар еститін адамның құлағына жақындап сөйлеу).
Есту жетіспеушілігінің түрлеріне байланысты балаларды екі топқа бөледі: кереңдер және нашар еститіндер.
Кереңдердің өзі екі түрге бөлінеді:
1Сөз сөйлеу қабілетінен айырылған кереңдер (керең-мылқаулар);
2Сөз сөйлеу қабілеті бар кереңдер (есту қабілетінен кеш айырылғандар). [17]
Көру қабілеті бұзылған балалардың ерекшелігі
Оқу процесіндегі қиындықтар кейде көру қабілетінің бұзылуымен байланысты болады. Шар тәрізді көз алмасы бас сүйектің көз шарасында орналасқан. Көз алмасы келесі бөліктерден тұрады: ақ қабықша, қасаң қабық, тамырлы қабықша, түсті қабықша. Қасаң қабық пен түсті қабықшаның арасында мөлдір сұйық болады. Жарық сәулесі көздің қарашығы арқылы көздің ішіне өтеді. Қарашықтың артында мөлдір көз бұршағы, шыны тәріздес дене және тор қабықшасы орналасқан. Тор қабықшасында жарық сәулелерінің тітіркенуі әсерінен қозу толқыны пайда болатын жасушалар орналасқан.
Зат анық және нақты қабылданған кезде дұрыс рефракция болады, яғни, заттан келетін сәулелер тор қабықшасында шағылысады, содан заттар анық қабылданады.
Көрудің жақыннан және алыстан көргіштік түрлері жиі кездеседі.
Жақыннан көргіштік күшті рефракцияны сипаттайды, яғни, заттан келе жатқан сәулелер тор қабықшасының алдында шағылысады, содан алыстағы заттардың бейнесі анық көрінбейді.
Алыстан көргіштік әлсіз рефракцияны сипаттайды, яғни, заттан келе жатқан сәулелер тор қабықшасының артында шағылысады, содан заттардың бейнесі жақыннан бұлыңғыр болып қабылданады. Сондықтан жақыннан орналасқан заттарды қабылдау үшін ынталы зейін қажет. Балаларда алыстан көргіштік жақыннан көргіштікке қарағанда сирек кездеседі.
Астигматизм – заттардың бейнесі тор қабықшада бір нүктеде шағылыспайды, керісінше тор қабықшадан әртүрлі қашықтықта орналасқан бірнеше нүктеде шағылысады, содан заттардың бейнесі қате қабылданады.
Көру қабілеті бұзылуының бұл түрлері рефракцияның ауытқуларымен байланысты, бірақ бұл жағдай көзілдірік кию арқылы орнына келе алады. Мұндай балаларға мектепте және отбасында дұрыс санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасалуы қажет. Таблица, карта, кесте, тақтадағы оқу материалдарын балалар дұрыс қабылдай алулары қажет.
Соқырлар – бұл жарықты түйсіне алмайтын балалар. Егер қалыпты жағдайда біздің көруімізді 1-ге тең деп алсақ, онда қараңғы мен жарықты ажырата алатын адамның көруі 0,03-0,04-ке тең болады. Соқырлар өте әлсіз жарықты түйсіне алады, яғни, жарық пен қараңғыны ажыратады.
Осындай көру қалдықтары соқырларды айналадағы өмірге бейімделуге көмектеседі. [18]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет