Білім беру бағдарламасы Орындаған: Ғылыми жетекшісі



бет7/12
Дата16.05.2023
өлшемі124,1 Kb.
#93555
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Мүмкіндігі шектеулі балаларға дене тәрбиесі сабағын өткізу ерекшеліктері

Мінез-құлқында ауытқуы бар балалар.
Психологияның теориясы мен тәжірибесінің, нейропсихологияның коррекциялық педагогиканың және арнайы психологияның қазіргі заманға сай даму сатысы балалардың психикалық дамуының әртүрлі ерекшеліктерін терең зерттеумен мінезделеді. Әртүрлі дамуында ауытқуы бар балалар саны көбеюде.
Бұл жағдай балаларды тек оқыту және тәрбиелеу процесі барысында
зерттеу қажеттілігі туындайды, сондай - ақ әр бөлек жағдайға коррекциялық әсер ету микро программаларын анықтау қажет. Кейінгі кездері балалардың әртүрлі психикалық ауруларын зерттеу және коррекциялау проблемасына көп зейін бөліне бастады, көптеген әдебиеттер шыға бастады, қылықтарында және
қарым-қатынасында ауытқулары бар, оқыту және тәрбиелеу бұзылыс
проблемаларына коррекциялы ұсыныстары берілген әдебиеттер саны көп.
Бірақ сонда да әлі көп сұрақтар анықталмаған және зерттелмеген.
Ерте балалық аутизм ауруында қарым-қатынас бұзылысы баланың бүкіл мінез - құлқын өзгертеді және оның аномальді дамуының қалыптасу барысында әсер етеді: ақыл-ойы артта қалуы, невротикалық бұзылыстар, сөйлеу және есту дефекттері және т.б бұзылыстар. Ерте балалық аутизмнің коррекциясы ерекше, жеткілікті күрделі мінездемелі. Ерте балалық аутизм психиканың шизофреникалық дефект құрылымына кіреді және рекше орын алады, себебі барлық аномалиялық дамулардан өзінің күрделілігімен және дисгормониялығымен ерекшеленеді. Аутизм термині (грек тілінен autism - өзім) ең алғаш 1912 жылы Э.Блейлер адамның эмоциональды қажеттілігімен басқарылатын және реалды болмысқа тәуелді емес ойлаудың ерекше түрін белгілеу үшін енгізген. Аутизмнің пайда болуы әртүрлі болуы мүмкін. Жеңіл түрде ол психиканың конституциялық ерекшеліктерінде (мінездің акцентуациясы, психопатия) сонымен қатар тұрақты психикалық травмаларда (жеке тұлғанын аустикалық дамуы) кездесуі мүмкін.
Сонымен қатар психикалық дамудың дөрекі аномалиясы ретінде болады (ерте балалық аутизм) ерте балалық аутизм немесе Каннер синдромы - бұл балаланы сыртқы ортадан субьективті изоляциялану негізіндегі психикалық дамудың аномалиясы. «Ерте балалық аутизм синдромы» атты синдромын 1943 жылы Л.Каннер бейнелеген еді. Каннерден басқа тәуелсіз бұл синдромды 1944 жылы Г. Аспергером және 1947 жылы С.С.Мнухив сипаттады. Қазіргі кезде клиникалық суретте Каннер синдромының келесі белгілері маңызды болып табылады:

  1. аутизм баланың шектелген (экстремальді) жалғыздығы;

  2. стереотипті әрекеттер ретінде көрінетін тұрақтылыққа ұмтылыс, әртүрлі обьектілерді құмарлану, қоршаған ортадағы өзгерістерге қарсылық көрсету;

  3. баланың интеллектуалды даму деңгейіне байланыссыз, баланың сөйлеуінің дамуының бұзылысы;

  4. психикалық дамуының патологиясының ерте көрінуі (2,5 жасқа дейін).

Балалық шамамен 10000 баланың ішінде 3-6 жағдайында көрінеді, көбінесе ол қыздарға қарағанда ұлдарда жиі кездеседі. Психикалық дамудың бұзылысының қиындылығына қарамастан 1/3-1/4 жағдайларда жаспен патологиялық белгілердің әртүрлі деңгейдегі басылуына тенденция пайда болды. Ерте балалық аутизм синдромы, баланың жақындарын амалсыз жағдайға әкер тірейтін психикалық дамудың ерекше бұзылысымен байланысты.
Бұл проблема нашар зерттелген және мұндағы көптеген сұрақтар әлі де ашық қалдырылғандықтан, мұндай балалардың оқытуын және тәрбиелеуін, коррекциялау процесін қиындатады. Мұндай баланың жанұяда пайда болысымен көптеген сұрақтар туындайды. Онымен қалай сөйлесу керек? Оны қалай тәрбиелеу хкерек? Калай және қандай мектепте оқыту керек? Осындай және осыған ұқсас көптеген сұрақтар 10 000 баланың ішінде жиырмасына қатысты жанұялар алдында ғана қойылады.
Кейбір ата-аналар өздерінің балаларын ауру деп санамайды. Бір мезеттерде көрінетін жинақылық, жағдайды түсінуі, музыкаға, өлеңдерге, табиғат сезімділігі және бетінің «интеллектік» көрінісі, ата-аналарына әлі де баланың қолынан барлығы келетін сияқты көрінеді. Бірак, біраз уақыт өткен соң, бұл бала барлығын өзі түсіне алса да, жұмыс істисе де, үлкендермен сөйлескісі де келмейді.
Ерте балалық аутизмның клиникалық-психологиялық кұрылымына және туындауы жөнінде кептеген көзқарастар бар. Ауыратын балалардың психикалық бұзылыстарын емдеу немесе коррекциялық тәсілдері өңделуде. Аутикалық балаларды тәрбиелеуде кездесетін ерекше проблемаға ерекше зейін бөлу қажет - бұл оларды тұрмыстық дағдылардың және өзіне қызмет жасау (самообслуживание) дағдыларының қалыптасу проблемасы. Көзі көрмейтін, құлағы естімейтін, бала церебралды параличімен және ақыл-ойы артта қалумен ауыратын балалардың тұрмыстық қылықтарының және өзіне қызмет жасау дағдыларына оқытуда мол тәжірибе бар. Сонымен қатар, мұнда белсенділік пен бірігіп әрекеттесудің дамуының маңыздылығы болуы қажет, тұрмыстық жағдайларға оқытумен, сөйлеуді дамытумен, сенімділік және қамқорлык сезімін тудыру қажетгілігімен байланысты күнделікті «тізімді» жағдайларды қолдану қажет. Осындай принциптер және де басқа да оқыту тәсілдерін аутикалық балалармен жұмыс істеуде қолдануы мүмкін.
Мұндай коррекциялық тәсілдерде аутикалық баланың ортақ және индивидуалды ерекшеліктерін ескеру қажет. Коррекциялық жұмыста негізінде эмоционалды қатынастың дамуына және баланың ұлкендермен қоршаған ортадағы қарым – катанысына аффектілі дамуына, мінез-құлқының ішкі механизмінің қалыптасуына бағытталуы қажет.
Аутитикалық балалар өздерімен жасы дені сау балаларга қарағанда, аз шағымданады. Ол конфликтілі жағдайда, олар айкаймен, и агрессивті әрекеттер немесе пассивті қорғаныс орын алып қылық көрсетеді. Мұндай балалардың көбісі тамақтану процесінің күрделі бұзылысынан қам жейді. Кейде олар тіпті тамақтан бас тартады (4 жастағы қыздың тамаққа тәбетін ашу үшін ата-аналары көп шара қолданды. Қыз барлық тамақтан бас тартып, бірақ сонда да иттің жанына барып, еденге жатып, иттің табағынан тамақта ауызымен жалап жейтіе болған). Бұл әрине күрделі жағдай. Тамақтың белгілі бір түрлерін жағдайларда жиі кездеседі. Сонымен қагтар аутикалық балалардың көбісі ұйқының күрделі бұзылысымен де қиналуы мүмкін. Олардың ұйқыға кетуі қиын немесе ұйыкқтай алмуы мүмкін. [23]
Кейбір балалар жалғыз ұйықтай алмауы мүмкін олармен міндетті түрде әкесі немесе шешесі ұйықтауы керек. Ал кейбіреулері өзі төсегінде ұйықтай алмайды, орындық үстінде немесе белгілі бір жерде ұйықтап қалған соң ғана, баланы өз төсегіне алып жатқызады. Сонымен қатар, өз ата-анасының қолы
денесіне тигенде ғана ұйқыға келетін балалар да бар. Ерте балалық аутизм індетімен ауыратын балалардың мұндай біртүрлі ерекшеліктері, олардың аутикалық қылықтарының қалыптасуына маңызды орын алатын көптеген идеяларға және қорқыныштарға байланысты. Көптеген қарапайым заттар, құбылыстар және кейбір адамдар олардың бойында қорқыныш сезімін тудырады. Сырттан байқап тұрған адамға баланың қорқынышын шақырған себептер түсініксіз болуы мүмкін. Егер де болып жатқан жағдайды түсінуге тырыссақ, онда қорқыныш сезімі байланған идеяның (навязчивая идея) нәтижесінде туындайды. Мысалы, кейде балалардың бөлмедегі барлық заттардың өз орнында орналасуы қажет деген идеялары болады. Егер де бір зат өзінің тұратын орнынан таппаса, онда олар қатты қорқыныш сезініп, даурыға (паника) бастайды.
Аутикалық қорқыныштар қоршаған ортаны кабылдауына байланысты. Аутикалық балаларда ерекше құмарлықтар, қиялдар кездеседі және бала оларға бүкілімен еніп кетеді, мұндай кезде балалардың ойын бұзуға немесе ол әрекеттерден алып кетуге болмайды. Олардың диапозоны өте кең. Балалардың біреулері толқынып отырады, қағазды жыртады, жіпті тербейді, шеңбер бойынша немесе қабырғадан қабырғаға қарай жүреді. Кейбіреулері транспорт қозғалысының схемаларына, көшелер жоспары, электр өткізгіштерге ерекше құмарланады. Басқаларында жануарғы немесе ертегі персонажына айналып кету фантастикалық идеялары болуы мүмкін. Бавлалардың бір жарты бөлігі қарапайым көзқараспен қарағанда көзүе жағымсыз, біртүрлі болып көрінетін әрекеттер жасайды: подвалдар мен қоқыстардың үстіне мінеді, әрдайым қатыгездік ситуациялардың суреттерін салады, агрессия көрсетеді, әрекетінде сексуалдық құмарлық байқалады.
Мұндай ерекше әрекеттер, құмарлықтар, қиялдар ауру баланың қоршаған ортаға және зейін патологиялық бейімделуінің негізгі факторы болып табылады. Аура балалардың қабілеттері мен құмарлықтарының дамуының бір қалыпты мінезді екеніне зейін аударылады: бір кітапты бірнеше рет қайталап оқығанды жақсы көреді, бірдей заттарды коллекциялауды ұнатады, т.с.с.
Аутикалық баланың ойын іс-әрекетін психиканың балалық шақ дамуына анықталады. Бұл әсіресе, мектепке дейінгі балалардың рольдык ойындарында көрініс табады. Аутизм белгілері бар балалар өзімен жастыларымен сюжеттік ойындар ойнамайды, реальды өмірлік қатынстарда көрінетін ситуациялар қоймайды: маман ролін, жанұялық және т.б .
Оларда мұндай қарым - қатынас құруға икемділік пен қызығушылықтары болмайды. Бұл психикалық дамудың бұзылысының себептерін іздеу бірнеше бағыттар бойынша жүрді. Осыған байланысты 50 жылдардың басында бұл аурудың себебі психогенді туындауы туралы гипотеза жайылған еді.
Басқаша айтқанда, адамдармен эмоционалды дамуының бұзылысы, қоршаған ортаны меңгере алу белсенділігінің бұзылысы баланың ерте психикалық жарақат алуымен, дұрыс емес немесе әке-шешесінің балаға суық қарауымен қатар, тәрбиелеу тәсілі дұрыс еместігіне байланысты деп есептелді.
Бұл жерде келесі бір ерекшеліктерді көрсеткен жөн, аутизм аурумен ауыратын баланың қарапайым жанұялық көрініс деп саналатын. Бірақ Ерте балалық аутизм интеллектулды ортада және әлеумеітік жағдайы жоғары ортада да кездеседі.
Сонымен, баланың психикалық дамуындағы ата-аналарының кінәсіна жатқызды. Бірақ, ақыл - ойы артта қалған балаларда ЕБА мен ауыратын балалармен салыстырмалы зерттеу барысында, аутизм балалық ақыл - ойы артта қалған балаларға қарағанда, психотерапиялық жағдайларды көп көрмеген және олардың ата-анадары басқа балалардың ата-аналарына қарағанда, көбінесе әлпештеп көп зейін бөлген. Қазіргі уақытта зерттеушілердің көбісі ерте балалық аутизм орталық жүйке жүйесінің жетіспеушілігінің ерекше патологиялық нәтижесі немесе көрінісі деп есептейді. Бұл жетіспеушілік көптеген себептерден болуы мүмкін: туылған аномальді конституция, туылған алмасу бұзылыстары, орталық жүйке жүйесінің екі қабат кезінде және туу барысындағы ерте шизофрениялық процесс патологиясының нәтижесінде зақымдануы.
Каннер синдромын қалыптасуына әкеп соқтыратын 30 патогенді факторларды көрсетуге болады. Әрине, әртүрлі патологиялық агенттердің әрекеттері ЕБА синдромына әртүрлі индивидуалды көрініс табады. Ол ақыл ойы артта қалуының әртүрлі деңгейімен күрделенуі, сөйлеудің дөрекі дамымауы мүмкін. Басқа көріністері эмоционалды бұзылыстарда көрінуі мүмкін. Басқа да аномальді дамудағы сияқты, күрделі психикалық деффектерінің ортақ суретін олардың биологиялық себептерінен шығаруға болмайды. Көбісін, ерте балалық аутизмның психикалык дизонтогенездік процесс барысында пайда болатын негізгі себептерінде, бұл мағынада екінші себептерге жатқызады.
Ерте балалық аутизм көрінісі жаспен өзгереді. Клиникалық суретті біртіндеп 2,5-5 жасқа дейін қалыптасып 5-6 жасқа дейін анық көрінеді. Ол өзі-аурумен көрсетілген біріншілік бұзылыстарының күрделі байланысымен балаға және үлкендерге дұрыс емес, патологиялық қалыптасуының нәтижесінде туындайтын екіншілік қиындықтармен айқындалады. Нәрестелік жаста баланың физикалық және психикалық дамуы өте тығыз байланысты.
Аутикалық балаларды бұл кезде өмірге қалыптасуындағы қарапайым инстинктивті формаларының бұзылуы көрінеді: ұйықтау қиындығы, сергек ұйықтау, ұйқының ритмінің бұзылуы немесе тіпті ұйықтау алмау.
Мұндай балалар өте пассивті болады. Бір бала екі түрлі мінез көрсетуі мүмкін. Мысалы: сулы шалбарына тіпті мән бермесе, келесі жолы тіпті шыдамауы. Қорқыныш сезімі ауру баланың белсенділігінің қызығушылығын тоқтатады, содан соң ол сабырлы да тыныш бала секілді көрінеді.
Моторлық дамуы да өзіне зейін аудартады. Шамамен жарты жылда сәбидің ата-аналарын мотролық әлсіздік қорқыта бастайды. Сонымен бала белгіленген уақытты тез тұрып, қабырға бойлап жүре бастаумен, ұзақ шамамен 3-4 ай өз бетімен жүре алмайды. Соған қарағанда бүл әрекет оның қорқуына байланысты. Ерте нәрестелік шақта әдетте тыныш болуы мүмкін, ал кейде сағаттап өз манежінде отыра береді, анасын тіпті керек қылмайды, оларды «идеалды балалар» деп атайды. Бірақ барлық қиындық ол жүре бастағанда білінеді. Бала жүргенде оның мінезі өзгереді: тыныш балалардан үлкендерге бағынбайтын, тез ашуланғыш балаға айналады. Оны ұйымдастыру, бір нәрсеге үйрету қиынға түседі.
Мұндай психиканың дамуының негізгі себептеріне зерттеушілер мыналарды жатқызады:

  1. жоғары сезімталдылық, эмоционалдылығы, жағымсыз әсерлерді фиксациялауға икемділігі;

  2. зейін салу қабілеттілігінің төменділігін көрсететін ортақ және психикалық тонусының әлсіздігі.

Ауытқұлардың құрамына байланысты күрделі зақымдауына бар балалар үш топқа бөлінеді:
Бірінші топқа жататын балаларда психикалық және физикалық дамуында негізінен ауытқудың екі түрі кездеседі. Осы ауытқулардың әрқайсысының өзі-ақ балалардың дамуын кері әсерін тигізеді. Мысалы, соқыр - саңыраулық, кемақыл –саңыраулық, нашар еститін және психикалық дамуында тежелуі бар балалар.
Екінші топқа бірінші кезектегі өте ауыр кемістігі бар және оған қосымша ауытқу - жеңілдеу, бірақ ол да баланың дамуына кері әсерін тигізеді.
Мысалы, кемақыл балаларда кездесетін нашар есту. Осы жағдайды кейде баланың алғашқы кемістігінің асқынуы деп түсіндіруге де болады.
Үшінші топқа - кемтар балаларда кездесетін бірнеше алғашқы кемістігі бар және кейбір жағдайда оған қосылатын асқынған кемістіктер. Мысалы, кемақыл, нашар көретін және нашар еститін балалар: немесе қимыл-тірек аппараты зақымданған балаларда кездесетін көру және есту кемістіктері оған қосымша тіл мүкістіктері.
Күрделі ауытқулар бұл бірнеше кемістіктердің бірлесіп, баланың дамуына кері әсерін тигізеді. Бірақ, бұл кемістіктердің тек қосындысы емес, оның әркайсысының қалыптасу ерекшеліктері бар. Қосылған кемістіктердің клиникалық белгілері жеке-жеке кемістіктер түрлерінің белгілерінен ерекше. Сондықтан, ғылыми әдебиеттерде кездесетін «күрделі ауытқулар». деген терминдеріне мағынасы бойынша ұқсас «күрделі дефект». «дамудың күрделі ауытқулары», «бірнеше кемістіктердің бірлескен түрі» сияқты сөздер қолданылады. Оның бәрі - соңғы кезде жиі кездесетін ауытқулардың күрделі кұрамын анықтайды.
Зерттеулер нәтижелері көрсеткендей күрделі кемістігі бар балалардың саны аса көп емес, бірақ тәжірибелі дефектологтардын тұжырымы бойынша арнайы мекемелерде осы балалардың саны 40% кұрайды. Сондықтан, осы балалардың ерекшеліктерін білу, арнайы мекеменің жұмыс істеу әдістемелерін құрастырғанда және түзету әдістеренің нәтижесі болуына өте қажет. Осы балаларды толық зертеп. және олардың ерекшеліктерін жақсы білу оларға тек түзету, дамыту әдістерін қолдану үшін ғана қажет емес, сонымен қатар олардың келешекте жағдайларының нашарлауының алдын-алу үшін қажет.
Күрделі кемістіктері бар балаларды дер кезінде аныктау үшін олардың әр-бір ауытқыған әрекеттренінің себебімен салдарын білу керек. Кейбір жағдайда күрделі кемістіктердің бір ғана немесе бірнеше ұқсас себептері болады. Жиі кездесетін күрделі ауытқулардың негізгі себептері төмендегідей:
- бір кемістіктің (негізгі түрінің) себебі генетикалық өзгерістер болса, екінші (қосымша) кемістік сыртқы факторлардың әсерінен де болады:
- екі кемістік те бір-біріне ұқсамайтын генетикалық тұқым куалаушылықтың әсерінен болады;
- әрбір кемістік сыртқы зиянды әсерлердің салдары болып табылады, бірақ бұл себептер бір-бірімен байланыспауы да мүмкін;
- екі немесе одан да көп кемістіктер бірғана тұқым куалайтын синдромының белгілері болады;
Күрделі ауытқулары бар балалардың даму ерекшеліктері.
Күрделі кемістіктері бар балалардың жалпы дамуының негізгі заңдалағы - ол балалардың адғашкы жылдардағы дамуының ауытқуы және болашақ дамуына зиянды әсерін тигізуі.
Бірнеше негізгі ауытқулар баланың қоршаған ортамен, жақын жуықтарымен қатынасын қиындатып, жалпы дамуына және танымдық әрекеттерінің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Осының салдарынан кейбір балаларда психикалық, интеллектуалдық даму тежелсе, ал кейбіреуінде қимыл әрекеті, кеңістікті бағдарлауы, заттарменен жұмыс істеуі зақымданады. Осымен қатар. бұл балалар әлеуметтік ортада да дұрыс қалыптаса алмайды, сондықтан бұл балалардың бір ғана кемістігі бар балаларға қарағанда жалпы дамуы, әлеуметтік бейімделуі әге төмен.
Бұл топтағы балалардың тағы бір ерекшелігі, оларда кездесетін кемістіктердің орнын толтыру да (компенсация) қиын. Себебі, даму үшін қажет сезім мүшедерінің әрекеттері де зақымданған. Мысалы, соқыр балалардың қалыптасуы есту сезіну арқылы толықтырылса, ал саңырау балалардың қалыптасуы көру және әртүрлі сезіну арқылы толықтырылса, ал күрделі кемістігі бар естімейтін, көрмейтін балаларда бұл әрекеттер зақымданған.
Осыған сәйкес педагог-дефектологтар күрделі кемістіктерді толықтыру үшін зақымданған әрекеттерді толықтыру немесе калпына келтіру әдістерін іріктеп, әр баланың жағдайына ыңғайлап қолданулары керек. Одан барып, күрделі кемістіктері бар балаларды «шектелгеп, оларды дамытуға болмайды» дегеп пікірдің қате екені айқын. Соңғы жылдардағы дефекгология және арнайы педагогика саласындағы жетістіктер бұл бадалардың жағдайын жақсартуға болатынын айкындайды. [24]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет