Білім беру бағдарламасы Орындаған: Ғылыми жетекшісі


МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫН ӨТКІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет8/12
Дата16.05.2023
өлшемі124,1 Kb.
#93555
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Мүмкіндігі шектеулі балаларға дене тәрбиесі сабағын өткізу ерекшеліктері

2. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫН ӨТКІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


2.1 Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары

Елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республиасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» сипатталып, оның жоспарлы дамуына әсер ететін қауіп – қатер ретінде елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балалардың көбеюі атап көрсетілді және инклюзивті білімді жүзеге асыруға мақсаттар мен міндеттер айқындалды. [6]


Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Қазақстан Республикасында 2015 жылға қарай инклюзивті білім берумен мүмкіндігі шектеулі балалардың 25%-н қамту көзделсе, инклюзивті білім беруге жағдай жасаған 70%-ға ұлғаяды, инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан 50% құрайтын болады.
Дегенмен бұл саланың да проблемалары жетерлік.Қазіргі уақытта инклюзивті білім беруді дамытудағы нақты прогреске бірнеше факторлар: объективті және субъективті қиындықтар кедергі келтіруде.
«Мүгедектер құқықтары туралы» инклюзивті білім беру ережесі Біріккен Ұлттар Ұйымының бас Ассамблеясымен, мақұлданып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген.
Қазақстан Республикасының Елбасы өз жолдауында әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлді. Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты – білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын жақсы білім беру қорлары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып отыр.
Мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі – мүмкіндіктері шектеулі балалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім алу құқықтарын жүзеге асыруын қамтамасыз ету болып табылады.
Білім беру саласындағы халықаралық құжаттар негізінде құрылған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі баланың білім алудағы тең құқықтар қағидалары қарастырылады. [27]
Мүмкіндігі шектеулі баланың білім алу құқығына кепілдіктер Қазақстан Республикасының Ата Заңы – Конституцияда, «Қазақстан Республикасында бала құқықтары», «Білім», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау», «Арнай әлеуметтік қызметтер», «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік – медициналық – педагогикалық және психологиялық түзете қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген. [28] [29]
Мүмкіндіктері шектеулі баланың білім алуға құқықтарын жүзеге асырудың басты мақсаты ретінде оның дене және психологиялық ерекшеліктерін ескере отыра балалардың білім алуы үшін қажетті жағдайларды жасау қарастырылған.
Инклюзивті оқыту қазақстандық білім беру жүйесінде соңғы жылдары енгізіле бастаған жаңашыл идея болып табылады. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты дамыған құрдастарымен мектепте қосып оқытудың маңыздылығы қажеттігі және тиімділігі педагогикалық жұртшылық мойындай бастады. Дегенмен инклюзивті оқыту отандық мектеп тәжірибесі үшін жаңалық болғандықтан оны іске асырумен байланысты көптеген психология – педагогикалық, ұйымдастырыушылық проблемалар туындайды. Сол себепті осы саладағы дамыған елдер тәжірибесін зерделеу және одан қазақстандық жалпы білім беру жүйесінде шығармашылықпен пайдаланудың жолдарын анықтау үлкен ғылыми теориялық және практикалық маңызға ие.
Арнайы білімнің өзекті мәселесінің бірі - педагогикалық ғылым мен тәжірибесіне мүмкіндіктері шектеулі балаларды нәтижелі, сапалы оқыту мен тәрбиелеу жағдайларын анықтау.
Қазіргі уақытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік жанұя мәселелері, экологиялық-эканомикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық аурулары бар, кемтар болып туылатын нәрестелердің саны жыл сайын өсіп отыр.
Жалпы білім беретін мектептерде ондай балалар аз емес. Мектепте және үйде де ондай балалар жеке ықпал жасауды қажет етеді. Ол үшін баланың психологиялық қажеттіліктерін, оқу үлгерімін зерттеп, психологиялық түзеу жұмыстарын ұйымдастыру керек. Баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері түрлі болуы мүмкін. Олар басынан өткен аурулар, негізгі әлеуметтік жағдайы, нашар көруі, құлақ ауруы тағы да басқа себептерден болуы мүмкін. Психикалық дамуының тежелуінің негізгі бұзылыстары интелектуалды деңгейі көбіне таным процестері: зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді.
Республикамызда жалпы білім беру ортасында мүмкіндіктері шектеулі балаларды қалыпты деңгейде дамыған балалармен бірге кіріктіріп оқыту үдерісі дамып келе жатқанын атап өту қажет.
Қазіргі таңда жалпы білім беру мектептерінің 1318 арнайы сыныптарында 9144 мүмкіндігі шектеулі бала, 102 түзету мектебінде 15639 бала білім алады, оның ішіндегі 2 мыңға жуығы психикалық дамуы тежелген балалар, 8049 астам ақыл – ойы кем балалар, қалғандары дене дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балалар.
Астана қаласы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру ортасына енгізуге жағдай жасау мәселелері өз шешімін табуда. Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында оқу – тәрбие үдерісіне мүмкіндігі шектеулі балаларды кіріктіру мәселелері төмен деңгейде.
Инклюзивті білім беруді дамытуды мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде қарастырған жөн. Бала және оның ата – анасының тұрғылықты жеріне сәйкес жалпы типтегі мекемелерде мұндай балаларға білім беруді ұйымдастыру оларды ұзақ мерзімге мектеп – интернатқа жіберуден сақтап, отбасында тәрбиеленіп тұруы үшін жағдай жасайды, қалыпты деңгейдегі дамыған құрдастарымен күнделікті қарым – қатынас жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік бейімделуі және қоғамға кіріктіруге қатысты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. [30]
Қазақстан Республикасының «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік – медициналық – педагогикалық және психологиялық түзете қолдау туралы» заңына сәйкес жалпы білім беру мекемелерінде білім алатын және кезінде «оқыту мүмкін емес» оқушылар қатарына жататын балаларға түзете – педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін жаңа түрдегі арнайы білім беру мекемелерінің желісі кеңейтілуде.
Мұндай мекемелерді құру қажеттілігі елімізде бар арнайы (түзету) мекемелердің барлығында түрлі ауытқушылығы бар балаларға дұрыс түзете – педагогикалық қолдау көрсетуге толықтай мүмкіндік жоқ болғандықтан туындаған.
Бүгінгі күні республикамыздағы арнайы ұйымдар жүйесінде 63 түзету және инклюзивті білім беру кабинеті, 129 психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті, 20 оңалту орталығы және 479 логопедиялық пункт қызметтерін жүзеге асыруда.
Қазіргі таңда түзете білім беру ұйымдарының желісін сақтап, жетілдіру және инклюзивті білім беру жүйесін қатар дамыту ең тиімді қадам болып табылады. Мұндай жағдайда түзету ұйымдары жалпы білім беру мекемелерінде қызмет жасайтын мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз ететін оқу - әдістемелік орталық, білім алып отырған тұлғалар және олардың ата – аналарына кеңес беру және психологиялық – педагогикалық түзете көмек көрсету қызметін атқарады. [32]
Арнайы білім беру бағдарламалары бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту сегіз типтегі арнайы (түзету) ұйымдар жүйесінің қызмет жасауы арқылы жүзеге асады:
39 арнайы балабақша және 274 балабақша топтарында 10 мыңға жуық мектеп жасындағы балалар қамтылған;
9169 мүгедек бала үй жағдайында білім алады;
25 мыңнан астам бала 20354 оқушыға арналған 1564 мектепте және 4970 мектеп жасына дейінгі балаларға арналған 274 топта арнайы жағдайлармен қамтамасыз етілген жалпы білім беру мекемелеріне біріктірілген.
Бұл қызметтің басты бағыты ретінде баланың дамуындағы ауытқушылықты анықтап, дамуында бұзылыстары бар балалармен түзету жұмыстарын ерте жастан ұйымдастыру болып табылады. Бұл мақсатта 57 психологиялық – медициналық – педагогикалық кеңес жұмыс жасайды.
Кейбір аудандарда психологиялық – медициналық – педагогикалық кеңес жүйесінің жеткіліксіздігі анықталды. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында болуы керек 17 психологиялық – медициналық – педагогикалық кеңестің екеуі ғана қызмет жасауда, Алматы қаласында 5 психологиялық – медициналық – педагогикалық кеңестің орнына 2 ғана қызмет жасауда (Қазақстан Республикасының «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік – медициналық – педагогикалық және психологиялық түзете қолдау туралы» заңына сәйкес аудан әкімінің шешімі бойынша 60 мың балаға бір психологиялық – медициналық – педагогикалық кеңес құрылуы тиіс).
Мектеп жасына дейінгі балаларға қажетті психологиялық – медициналық – педагогикалық көмек уақытылы көрсетілген жағдайда баланың дамуындағы негізгі кемшіліктерді оқытудың бастапқы кезеңіне түзету, жалпы білім беру мектептерінде оқытуға дайындауды қамтамасыз етеді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды ұйымдастыру мақсатында баланың психофизиологиялық және танымдық мүмкіндіктерінің деңгейін ескеретін, оқытудың нұсқауларын қарастыратын білім берудің арнайы типтік оқу бағдарламалары құрастырылып, бекітілген. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды кіріктіре (инклюзивті) оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар дайындалды.
Жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді табысты ұйымдастырудың жағдайы ретінде баланы білім беру мекемелеріне толыққанды кіріктіруді қамтамасыз ететін бейімделу ортасын құру болып табылады.
2020 жылға дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қоғамдық орындарға кедергісіз енуді қамтамасыз ететін материалдық – техникалық жағдайлар жасалып, дене және психикалық жағдайлар жасалып, дене және психикалық дамуында ауытқушылығы бар балаларға жалпы білім беру мекемелерде «кедергісіз аумақтар» (пандус, арнайы лифт, арнайы жабдықталған оқитын орындар, арнайы оқу, оңалту, медициналық құрал – жабдықтар және т.б. қосқанда) жасалады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңының 15-бабына сәйкес осы санаттағы балаларға арналған жаңа білім беру ұйымдарын салу, жөндеуден өткізу және қайта салу жұмыстарын жүргізу барысында білім беру мекемелерінің «кедергісіз» әрі тосқауылсыз болуын міндетті түрде қамтамасыз ету қажет.
Жалпы білім беретін мектептердің сыныптарында оқитын дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту және олармен жүргізілетін түзету жұмыстары мұндай оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып дайындалған жалпы білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Республикамызда 2002 жылдан бастап дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер жасалып, қазақстандық басылымдарды шығару жұмысы жүргізілуде. Бірнеше нұсқада оқыту көзқарасы мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың танымдық даму деңгейіне бағытталған арнайы оқу бағдарламалары мен оқулықтарды қолдануды көздейді.
Республика бойынша мектептердің арнайы оқу әдебиеттерімен, соның ішінде көмекші мектеп оқушылары және көру, есту, сөйлеу қабілеттері бұзылған балаларға арналған пәндер бойынша қамтамасыз етілуі 57% құрайды. 2005 жылға дейінгі басылымдар жалпы аталымдардың санының 40% құрайды.
Есту, көру қабілеттері, тірек – қозғалыс аппарат, сөйлеу тілі, зердесі сақталған психикалық дамуы тежелген балалар жалпы білім беретін мектептердің оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерімен оқиды, яғни қамтамасыз етілуі 100% құрайды.
296 оқулық пен оқу-әдістемелік кешен басылымнан шығарылды, оның ішінде аталымдардың 39% қазақ тілінде, ал орыс тілінде 61% құрайды.
Қазақ тілінде білім алатын дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған оқулықтар, оқу құралдары және дидактикалық материалдар бұған дейін жеткіліксіз мөлшерде дайындалып, шығарылған. Қазіргі кезде қазақ тілінде жеке түзете – дамыту жұмыстарын ұйымдастыру жұмыстары бойынша педагог – дефектологтарға арналған оқыту – әдістемелік құралдар саны көбеюде.
Білім беру жүйесін 12 жылдық оқытудың жаңа мерзімдеріне көшуіне байланысты негізгі жалпы білім беретін мектептерде білім алатын мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға қажетті мерзімді бекіту керек. Мысалы, естімейтін балалар мектептің негізгі бағдарламаларын 12 жыл бойы меңгеруі (0 – мектеп алды даярлық және бастауыш және орта буын) керек. Білім беру жүйесінде оқытудың жаңа мерзімдері енгізілгеніне байланысты барлық типтегі түзету мектептеріне арналған жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтарын өңдеуді талап етеді. [8]
Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуына жағдай жасау мақсатында қызметті кадрлармен тиімді қамтамасыз ету үшін осы санаттағы балаларды оңалту және оларға білім беру мәселелерін шешумен айналысатын органдар мен ұйымдар, психологиялық – медициналық – педагогикалық кеңестер, білім беру басқармасындағы қызметкерлердің біліктіліктерін көтеру және қайта дайындау өте маңызды.
2008 жылы наурыз айының 28-ндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің №296 қаулысына сәйкес кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі және жоғары білім беру бойынша оқуға түсу барысында I, II топтағы мүгедек азаматтарға, жастайынан мүгедек, мүгедек балаларға мемлекеттік білім беру тапсырысынан жалпы санынан 0,5 пайызда квота қарастырылады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының мүмкінділігі шектеулі балаларды әлеуметтік беймдеумен айналысатын тәжірибеден өткен коптеген мекемелер үшін «ерекше балаларды» қоғамға біріктіру жүйесінің ары қарай дамуының ғылыми іргетасының қалануы өзекті мәселенің бірі болып табылады.Бұл жерде мүмкүншілігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік беймдеудің алғашқы сатыларының аспектілері қызығушылық тудырады.
Қазіргі таңда мүмкүншілігі шектеулі тұлғаларға деген қоғамның көз қарасы өзгерген сайын оларды әлеуметке беймдеудің көптеген түрлері қарастырылуда.Кейінгі он жылдықта бүкүл әлемде сонымен қатар тәуелсіздік алған біздің елімізде де мүмкүншілігі шектеулі балаларға деген көмек корсету жүйесі түбегейлі өзгеріске ұшырап деинституализация жағына қарай бет бұрды. Мұндай ілгерілеу процестері мүгедек балаларды қоғамға және білім ордасына біріктіру, яғни интеграциялау қажеттілігімен сипатталады. Бұл процестер төңірегінде интернат жүйесінің, жұмысы арнайы білім беру жүйесінің өзгеруінің тиімділігін қамтамасыз ететин заңнамалық база қалыптастырады. [34]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет