Білім беру бағдарламасы Орындаған: Ғылыми жетекшісі



бет6/12
Дата16.05.2023
өлшемі124,1 Kb.
#93555
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Мүмкіндігі шектеулі балаларға дене тәрбиесі сабағын өткізу ерекшеліктері

Ақыл-ойы кем балалардың ерекшелігі
Ақыл-ой кемістігін халықаралық ғылыми тілде олигофрения деп атайды, грек сөзі, қазақша аудармасы «ақылы таяз» деген ұғымды білдіреді. Бұл терминді ғылымға Э.Кренлин енгізген.
Олигофрения негізінен баланың орталық жүйке жүйесінің, әсіресе бас миының зақымдалуынан болатын кемістік. Бас миының зақымдалуына әр түрлі сыртқы және ішкі жағдайлар себеп болады. Сыртқы факторларға - ананың жүкті кезіндегі гриппке, сүзекке, қызылшаға, сары ауруға және басқа да әр түрлі жұқпалы дерттерге шалдығыуы, ананың организміне жайылған уытты заттардан құрсақтағы нәрестенің улануы және босану кезіндегі болатын әр түрлі зақымдар жатады.
Ішкі факторлардың зардаптарынан олигофрения іштей туа пайда болады.

  1. Тұқым қуалайтын кеселдер. Оған ата-ананың мерез ауруларымен ауруы, сонымен қатар ата-анасының бірінің ақыл-ой кемістігінің балаға ауысуы.

  2. Ақыл-ой кемістігінің іштен туа пайда болуына хромосомды аурулар да ықпалын тигізеді, яғни ата-ананың организміндегі тұқым қуалайтын қасиеттерінің бұзылуынан болады.

  3. Кейбір жағдайларда ананың қаны құрсақтағы нәрестенің қанымен резус-фактор бойынша сәйкес келмеуінің салдарынан баланың ақыл-ойының кеміс болып туылуы. [19]

Қан құрамында резус-фактордың «бар» немесе «жоқ» болуына қарай адамдардың қанын оң-резусты және теріс-резусты деп бөледі. Адамдардың 85%-нің қаны оң резусты, ал 15%-нің қаны теріс-резусты деп есептеледі. Егер екіқабат әйелдің қаны теріс резусты болса, онда құрсақтағы нәресте жұбайының оң резусты қанын мұраланады.
Демек, резус фактор бойынша ананың қаны құрсақтағы нәрестенің қанымен сәйкес келмеуінен оның физикалық және психикалық дамуының ауытқуы бұзылатындығы байқалады. Даму процесінің бұл сияқты бұзылуы олигофренияның пайда болуына мүмкіндік туғызады.
4.Баланың ақыл-ойының жетілмеуіне ата-ананың маскүнемдікке, нашақорлыққа және есірткіге салынуы да себеп болады.
Олигофрен балалардың бас миының үлкен жарты шарының қыртысы түгелімен жайылып зақымданатындығы арнайы клиникалық зерттеулердің нәтижесінде анықталған. Сонымен бірге олигофренияда бас миының үлкен шарының барлық қыртысының жайылып зақымдануымен қатар оның қыртысындағы жүйке жүйелерінің даму барысының сапалық жағы да бұзылатындығы байқалады.
Ақыл-ой кемістігінің даму барысындағы деңгейіне және сапалық дәрежесінің өзіне тән өзгешелігіне қарай олигофрения: идиотия, Имбецилдік және дебильдік болып үш топқа бөлінеді.
Идиотия – гректің сөзі, қазақ тілінде «нақұрыс» деген мағына береді. Демек идиотия туа біткен психикалық бұзылудың нәтижесінен болатын ақыл-ой кемістігінің ең ауыр түрі.

  1. Идиот балалардың физикалық дамуы өте қатты күйзеліп бұзылған. Олардың бас сүйектері мен дене құрылысы сүйектерінің сыртқы мүсіндік тұлғалары майысып-қисайып бүлінген және соның салдарынан қимыл-қозғалыстары толық жетілмей қалған.

Физикалық кемістіктің мұндай зардабынан идиот балалардың кейбіреулері тіпті өздігінен емін-еркін отырып тұрып, түзу жүре де алмайды. Сондай-ақ идиот балалардың көпшілігінің алақандарын шапаттайтын, бастарын шайқайтын немесе изейтін, қолдарының немесе аяқтарының саусақтарын немесе бармақтарын ауыздарына салып үздіксіз шолпылдататын, сорып отыратын ритмикалық жасанды қылықтарын да жиі байқауға болады.

  1. Идиот балалардың сөйлеу тілдері жекелеген кейбір жеңіл дыбыстарды айтудан әрі бармайды. Тек кейбір жағдайларда ғана бір-екі буыннан тіркескен бірнеше сөздерді бұрмалап бұзып айтуға шамалары келеді.

  2. Бас миының үлкен жарты шары қыртысының жұмыс істеу қызметінің соншалықты өрескел қатты бұзылғандығының нәтижесінен идиот балалардың тіпті қарапайым деген шартты рефлекстерінің өздері де өте қиыншылықпен орындалады.

  3. Идиот балалардың мінез-құлықтары тағы тақылеттес болып кетеді. Олардың кейбіреулері өлі денеге ұқсап айналасындағыларға көңіл аудармастан ұзақ қимылсыз құлап жатып алады немесе қозғалмастан бір орында мелшиіп отырады да қояды; ал басқа біреулері керісінше, тынымсыз жүгіреді, секіреді немесе тоңқалаң асып құлайды да аунақшып дөңбекшіп домалай бастайды.

Қорыта келгенде, жоғары жүйке қызметі іс-әрекетінің мұндай ерекшеліктері идиот кемістігіне шалдыққан балалардың психикалық дамуының қатты күйзеліп, бұзылғандығын көрсетеді. [20]
Дебильділік– латынның сөзі, қазақ тіліндегі аудармасы «деліқұл» деген ұғымға тура келеді.
Баланың іштей жетілмей туатын физикалық және психикалық дамуындағы патологиялық кемістігін «дебильділік» - деп атайды. Дебиль балалардың ақыл-ой қабілеттерінің таяздығы идиот пен Имбецилге қарағанда әлде қайда жеңіл болады. Сондықтан да олар өздеріне арналған арнайы мектептің жеңілдетілген оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгереді және сонымен қатар қарапайым қол жұмыстарымен атқарылатын еңбектің түрлерімен шұғылдануға бейімделеді.
Алайда бұл кемістік патологиялық процестің негізінде пайда болғандықтан дебиль балалардың физикалық дамуында да болмашы жеңіл ауытқулар байқалып тұрады. Бірақ бұл ауытқулар жайшылықта көп біліне бермейді. Тек кейбір иіліп-бүгілуі, қайырылып-бұрылуы қиын күрделі қимыл қозғалыстарды орындағанда ғана байқалады. Мысалы, футбол, волейбол, баскетбол, ұзындық пен биіктіктен жүгіре секіру сияқты және басқа да спорт ойындары. Дегенмен де, педагогикалық тәсілдердің қағидасымен жүргізілетін түзету, тәрбие жұмыстарының нәтижесінде дебиль балалардың физикалық дамуындағы патологиялық кемістіктерінің тіпті де білінбей кететіндері соншалықты, олардың кез келген қарапайым қол еңбегінің түрлерімен айналысуына мүлде кедергісі болмайды.
Дебиль балалар күнделікті қарым-қатынаста қолданылатын дағдылы қарапайым сөздерді ауызекі сөйлеу тілдерінде еркін меңгеріп, оңай түсінеді. Ал, мазмұны күрделі, мағынасы астарлы болып айтылатын сөздерді байыптап түсінуге ақыл-ойларының зерделілігі жетпейді.
Олигофренияның дебиль тобына жататындардың өздері ауыр және жеңіл дәрежелі болып екіге бөлінеді. Өйткені олардың ақыл-ойларының даму процестері мен сөйлеу тілдерінің бұзылулары біркелкі болмайды. Сөйлеу тілі ақыл-ойдың ең негізгі құралы ретінде оның даму процесіне байланысты бірыңғай жетіледі.
Ақыл-ойларының патологиялы кемістері жаңадан нышан көрсетіп, енді-енді байқала бастаған мектеп жасына дейінгі ересек топтағы балалардың сөйлеу тілдеріндегі мүкістердің түрлері мен олардың айтылуындағы ерекшеліктері әр алуан болып келеді. Мұндай балалардың сөйлеу тілдердегі мүкістері, әсіресе олардың мектептің бірінші және екінші сыныбында жүрген кездерінде анық байқалады.
Ақыл-ойы кем балалардың арасында оқығанын түсінбейтін кемістіктері бар балалар да кездеседі. Олар берілген мәтінді қатесіз оқығанымен оның мағынасын түсінбейді. Себебі, мәтінді оқыған кезде не бастапқы, не соңғы сөз тіркесін ұмытып қалады. Соның салдарынан мәтіннің мазмұнына сәйкес қойылған сұраққа дұрыс жауап бере алмайды. Егер сол мәтінді басқа біреу дауыс ырғағымен мәнерлеп оқып берсе оны жақсы түсінеді. Демек, дебильдің жеңіл дәрежесіндегі балалар мәтіннің немесе сөйлемнің құрамындағы тіркескен сөздердің бір-бірімен грамматикалық синтаксистік жолымен байланысып, белгілі бір мазмұнды тудырып тұрғандарын ұқпайды және өздерінің оқығандарын түсініп, естерінде сақтай алмайды. [21]
Имбецил – латын сөзі, қазақша аудармасы «әлсіз, дәрменсіз» деген мағынаны білдіреді. Имбецил идиотқа қарағанда ақыл-ой кемістігінің жеңілдеу тобына жатады. Олардың патологиялық кемістіктеріне зерттеу жүргізген кезде жүйке жүйелерінің, әсіресе оң жағының құрылысы мен оның қызметіне залалын тигізетін әр түрлі аурулар жиынтығының бытыраңқы қалдықтарының болатындығы анықталды.
Имбецил балалардың ақыл-ой кемістіктері идиоттарға қарағанда біршама жеңілдеу болғанымен, бірақ олардың да қимыл-қозғалыстарының толық жетілмегендігі айтарлықтай толық білініп тұрады. Демек мұндай балалардың да қимыл-қозғалыстарының толық жетілмегендігі айтарлықтай айқын білініп тұрады. Мұндай балалардың қимыл-қозғалыстары жеткілікті дамымай қалған. Соның салдарынан дене бітімдерінің құрылыстары да қисайып майысып бұзылған. Олар өздерінің дене мүшелерін кез келген нысаналы бағытқа бұрып және бір-бірінен айырып қимылдатып, қозғалтуға шамалары келмейді. Мысалы, бір көзіңді қыс десең, ол бүкіл бетін тыржитып жиырып екі көзін де қысады, кейде қолымен жабады.
Толық жетілмей кем болып қалған дене мүшелері баланың көздеген мақсатына қарай емін еркін қимылдап, қозғала бермейді. Сондықтан да олардың дене мүшелері әсіресе, қолдары ешқандай бағыт-бағдарсыз бет алды салдыр-салақ сілтеніп қимылдайтындары жиі байқалады. Қолдарының, аяқтарының және саусақтарының қимылдары өте әлсіз және ебедейсіз шалажансар болады, емін-еркін иіліп-бүгіліп, ашылып жазылмайды. Сондықтан да мұндай балалар өздерінің үсті-басына қарап, күтінуге шамалары келмейді. Қолдары мен саусақтарының кемістігі олардың жазуды үйренулеріне де қиындық туғызады.
Имбецил балалардың мінез-құлықтары идиоттардікіне қарағанда біршама тыныштау болғанымен, бірақ олардың да өздеріне тән тағылық қылықтары жиі-жиі көрініп тұрады.
Мысалы, олар көп уақытқа дейін өздерін мектептің шәкірттері болғанын, онда дәріс алып оқу керек екенін мойындамайды, өйткені «мектеп, шәкірт, оқу, мұғалім» деген сөздерді ұқпайды. Мұғалімнің қойған талап-өтініштеріне құлақ аспайды, демек, мұғалім сөйлеген сөздерінің мағыналарын түсінбейді. Олар сабақ жүріп жатқан кезде рұқсатсыз орындарынан тұрып, парталарды жағалап, бет-алды ары-бері сандалып жүреді, мұғалім ескертпелеріне құлақ аспайды.
Имбецил балалардың көпшілігінде мінез-құлықтарында еліктеушілік қасиеттері басым болады. Олар не көрсе соны дәл сол қалпында айнытпай салады, тіпті әлдеқашан бұрынғы көргендерін де ұмытпай қайталап сала береді.
Іштен туа бітетін ақыл-ой кемістігінің Имбецил тобына кіретіндердің ішіндегі айтарлықтай көп тараған түрі – Дауна синдромы. Бұл кемістіктің дауна деп аталу себебі, 1866 жылы ағылшын дәрігері Лэнгдон Даун аурудың өз алдына жеке бір түрі ретінде ақыл-ой кемістіктерінің басқа түрлерінен бөліп алып арнайы зерттеген. Дауна синдромы ақыл-ойдың хромосомды кемістіктеріне жатады.
«Дауна» балалардың психикасында ақыл-ой кемістіктерінің басқа түрлерінен ерекшеленіп тұратын, өздеріне тән өзгеше белгілері болады.
Алайда ақыл-ойларының өте таяздығы жағынан олар Имбецил балаларға көбірек ұқсас келеді. Тек кейбір сирек кездесетін жеңілдеу түрлерін ғана дебиль дәрежесіндегі ақыл-ой кемістігіне жатқызуға болады.
Мұндай балалардыың мінез-құлықтары әр түрлі және құбылмалы болады. Олардың кейбіреулері ашуланшақ, ызақор, кекшіл; екіншілері байқағыш, еліктегіш; үшіншілері мейірімді, ақкөңіл, кішіпейіл, ал төртіншілері өкпелегіш, жәбірленгіш, кінәмшіл болып келеді. Олар өздеріне күліп қарайтын адамға тез бауыр басып кетеді.
Дауна синдромы бар балалардың психикалық қимыл-қозғалыстарының жетілмей қалатындығы дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларында-ақ көріне бастайды.
Бұл кемістікке шалдыққан балаларда ынталы ұмтылыстың, қуанышты шаттықтың, еркелік наздың, мазасыз көңілдің, мұқтаждық талаптың ерекшеліктері тән, қимыл-қозғалыстары өте енжар, сүреңсіз, солғын болады. Демек, олардың барлық қимыл-қозғалыстарының, әсіресе психикалық жұмыс істеу қызметінің қалыптасып жетілуі кешеуілдеп тоқыраған немесе бұзылған.
Алайда, 3-4 жастан асқаннан кейін айналасындағы өзі қатарлы дені сау балалармен тікелей қатынасып араласудың және отбасындағылардың, әсіресе ата-анасының ерекше көңіл аударып түзету тәрбиесімен айналысудың нәтижесінде олардың қимыл-қозғалыстарының біршама ширайтындығын, психикалық дамуының белсенділік қызметінің артатындығын және сөйлеу тілінің сөз құрастыруға қалыптаса бастайтындығын көруге болады. Әрине, бұған қарап, бұл кемістік толық түзеліп кетеді деген ұғым тумайды.
Гидроцефалия – қазақ тілінде «өте үлкейіп кеткен, қазан бас» деген ұғымды білдіреді. Гидроцефалия дегеніміз – жұлын сұйығының шамадан тыс қатты тасып, басқа құйылып жиналуынан пайда болатын ауру.
Жұлын сұйығының тасуына ананың жүкті кезінде әр түрлі азық-түлік тағамадарынан ағзаға уытты заттардың жайылуы, әр түрлі жұқпалы аурулардың залалдары және әр түрлі зақымдардың зардаптары немесе мидағы қанның жүру жолын реттеп тұратын жұлын сұйығының жүйелеріне тікелей әсерін тигізіп, олардың жұмыс істеу қызметін бұзатын ми қабықтарының қабыну процестерімен мидың іріндеп ісініуі себеп болуы мүмкін деген жорамал бар.
Іштен туа бітетін гидроцефалия кемістігі баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы күндерінде немесе айларында-ақ білінуі мүмкін. Бұл кезде баланың басы шарланып, әсіресе маңдайы дөңестеніп тез өсе бастайды.
Гидроцефалияға шалдыққан балалардың ақыл-ойларының кемістіктері идиоттың ең ауыр түріндегісінен дебильдің жеңіл түріндегісіне дейінгі дәрежелерінде кездесе береді.
Ақыл-ой кемістіктерінің бұл сияқты әр түрлі дәрежеде көріну себебі, көбінесе аурудың даму барысының өзгешелігіне және мидың зақымдану дәрежесіне байланысты олардың ағзаларының әлсіреу шамаларына қарай болады. Алайда, гидроцефалияның бірқалыпты дамуында баланың ақыл-ойы дұрыс жетілуі де мүмкін және ол жалпы мектепте де оқуы ықтимал.
Гидроцефалияның дебиль дәрежесіндегі ақыл-ойы кем балаларға арналған арнайы мектепте, ал Имбецил дәрежесіндегілердің тек жеңілдеу түрлерін ғана осы мектептің Имбецил сыныбында оқытуға болады. [22]
Микроцефалия – гректің «микро» - «кішкентай» және «цефаль» - «бас» сөздерінен бірігіп, бас сүйегі мен миы жетілмей қалған деген ұғымды білдіреді. Микроцефалия ақыл-ой кемістігінің ең ауыр түріне жатады. Мұндай ауруға шалдыққан балалардың басы дұрыс өсіп жетілетін әдеттегі көлемінен әлдеқайда кішкентай, шақша бас болып келеді де, соған орай милары да толық жетілмей қалады.
Сонымен қатар олардың қимыл қозғалыстары да бұзылған және құрысып-тырысудың, қалшылдап, дірілдеудің, сіңірі тартылудың синдромдары болады және қоршаған ортада болып жатқан тіршілік болмысының шындығын сезініп түсінуі, ұғынып әсерленуі, ойланып елестетуі арқылы көңіл күйдің реңімен бейнелеп көрсететін ми торабының жұмыс істеу қызметінің (психикасының) даму барысы да кешеуілдеп қалатындығы анық байқалады.
Микроцефалияның пайда болуына баланың миы бірқалыпты жетіліп келе жатқан шағында тыныс мүшелері мен жүрек тамырларының ауруынан тіндердегі оттегінің азайып кетуі (гипоксия), ағзаның әр түрлі улы заттармен улануы (интоксикация), ауру қоздырғыш әр түрлі жұқпалы микробтардың залалды зардаптарынан ағзаның дертке шалдығуы (инфекция) және витамин теңдігінің бұзылуы сияқты факторлардың әсер етуі ықтимал деген жорамал бар.
Микроцефал баланың миының салмағы дені сау балаға қарағанда әлдеқайда жеңіл болатыны, мидың үлкен жарты шарының, әсіресе маңдай бөлігінің қыртысы толық жетілмегендігі, оның үстіртіндегі иір-иір болып келетін қатпарлы арықтары мен жіңішке бұтақты иірімдері жетілмегендіктен ми біркелкі тегіс күйінде қалатындығы арнайы тексерудің нәтижесінде анықталды. Микроцефалияның алғашқы белгілері бала туғаннан кейін-ақ біліне бастайды.
Ал, кейбір жағдайларда бұл аурудың белгілері нәрестенің дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларында білінеді. Баланың микроцефалия ауруына шалдыққанын тек қана осы ауруға тән кейбір сыртқы белгілерінен байқауға болады.
Біріншіден, баланың бас сүйегі туылған кездегі көлемінен әрі қарай үлкейіп өспейді немесе болар-болмас қана өседі, бас сүйегінің ми орналасқан жоғары бөлігі мен бет сүйегінің түзілісі бір-бірімен сайма-сай келіп үйлесіп тұрмайды, маңдайы кейін қарай шалқайып, тайпайған, құлағы қалқайған үлкен және етегі салпиып төмен орналасқан.
Екіншіден, жүйке жүйелерінің зақымданып бұзылуынан бұлшық еттерінің жұмыс істеу қызметтері әлсірейді немесе мүлдем жұмыс істемей сал болып қалады, сіңірлері түйіліп, тартылады немесе құрысып-тырысады, дене мүшелерінің қозғалыстары жақсы жетілмегендіктен қимылдарының икемдері ауытқып бір-бірімен байланыстары бұзылады және көздері де қылиланып бітеді.
Микроцефаль балалардың басым көпшілігінің ақыл-ойларының кемістік дәрежелері негізінен идиоттарға немесе Имбецилдерге жақын келеді. Ал, психикасының жетілмей қалуынан болатын кемістіктері басқалармен байланысып, араласқан түрде байқалады.
Қорыта келгенде, жүкті кезінде ағзаны әр түрлі зиянды заттардың уландырып, зақымдауынан құрсақтағы ұрықтың жаңадан қалыптасып келе жатқан орталық жүйке жүйесі дертке шалдығады да, оның бірқалыпты даму дәрежесі бұзылады. Нәтижесінде, баланың дүниеге келгеннен кейінгі алты айында-ақ іштен кеміс болып туылатындығы біліне бастайды. [23]
Ал бұл кемістік баланың мектеп жасына таяған уақытында тіпті анық білінеді. Сонымен қатар, нәрестенің құрсақта жатқан кезінде мидың дертке шалдығып зақымдануынан оның ақыл-ойының бірқалыпты жұмыс істеу қызметінің қабілеті бұзылып, жетілмей қалады.
Ақыл-ойы кем балалар қосалқы мектептерде оқытылады. Қосалқы мектепте оқушыларға жалпы және арнайы еңбек тәрбиесі беріледі.
Жалпы – әр адамға тән еңбектің негізгі түрлері бойынша бағыт беріледі.
Арнайы – оқушыларды кәсіптік жағынан дайындауға бағытталады. Арнайы кәсіптік еңбекке баулу 3 кезеңнен тұрады:

  1. еңбек пропедевтикасы;

  2. кәсіптік бағдар;

  3. кәсіптік еңбекке баулу.

  1. Еңбек пропедевтикасы – (1-3 сыныпты қамтиды). Негізгі мақсаты – оқушылардың еңбекке деген жалпы дайындығын қалыптастыру. Еңбек әрекетінің негізгі формасы – еңбек сабағы. Балалар қағазбен, картонмен, ағашпен, матамен, пластилинмен жұмыс орындаудың алғашқы ептілігін, дағдысын меңгере бастайды.

  2. Кәсіптік бағдар – (4 сыныпты қамтиды). Оқу шеберханаларында қол еңбегін қолдану ретінде қалыптасады. Балалар шеберханаларда еңбек жағдайларымен, құралдармен, станоктармен танысады. Материалдарды (қағаз, картон, сымдар) өңдеудегі қарапайым дағды мен ептілікті меңгереді.

  3. Кәсіптік еңбекке баулу – (5-8 сыныпты қамтиды). Мақсат – оқушыларды өнеркәсіп орындарында, еңбек құрылыстарында, халыққа қызмет көрсету орындарында жұмыс істеуге үйрету, яғни арнайы мамандық беру. Қыздар киім тігу, ер балалар аяқ киім жөндеу, маляр, штукатур, обой жапсыру, картонды түптеу мамандықтарын алады.

Балалардың церебралды сал ауруы кең тараған кеселдердің бірі. Бұл кесел шала дамудан немесе онтогенезде ми зақымдануынан пайда болады. Мұнда мидың "жас" алаптары – үлкен жарты шар терең зардап шегеді. Ол ерікті әрекеттерді, сөйлеуді және басқа да қызметтерді реттеп отырады. Кесел әр түрлі қимыл-қозғалыс, психикалық және сөйлеудің бұзылыстарында көрінеді.
Бұл ауруға экологияның ластануы, климаттың өзгеруі, дұрыс тамақтанбау, әлеуметтік жағдайдың нашарлығы секілді түрлі факторлар әсер етіп отыр. [24]
Балалардың сал ауруы – мидың зақымдануынан, қимыл-қозғалыстың бұзылуынан (салдану, бұлшықеттің әлсіздігі, қозғалыстың қалыпсыздығы) бала кезде пайда болатын ауру. Аталмыш ауруға қояншық ұстамасы, психологиялық дамуында кемістіктер болады, қабылдауы мен үйренуі қиын. Кейбіреулерінің көзі көрмейді, естімейді, сөйлей алмайды.Себептері Балалардың сал ауруы туғанға дейін немесе туыт кезінде, одан кейін миына зақым келгенде пайда болады. Жүктілік кезіндегі инфекция, преэкламсия (кеш бастаған таксикоз), ана мен баланың қанының резус-факторы сәйкес келмеу, уақытына жетпей босану, нәрестенің тұншығуы, босану кезіндегі жарақат аурудың тууына себепші болуы мүмкін. Өте аз салмақпен туған сәбилердің осы ауруға ұшырау қаупі артады.
Туыттан кейін миға зақым келсе, ми-бас сүйек жарақатына немесе менингит сияқты жұқпалы ауруға ұшыратуы ықтимал.Нәрестенің немесе құрсақтағы сәбидің бас миының зақымдалуына 50 түрлі себеп әсер етеді, олардың барлығы жүктілік пен туыттың ауыр өтумен байланысты. Баланың жүйке жүйесі ана құрсағында жатқаннан бастап осы ауруға дайын болады. Балалардың церебральді сал ауруының нақты себебін анықтауда дәрігерлер бір емес, бірнеше себебін қарастырады. Солардың ең маңыздыларына тоқталайық.
- жүктілік кезіндегі әртүрлі жағдайлар, ұрыққа оттегінің жетіспеуі мидағы жасушалардың өлуіне алып келеді;
- туыт кезінде немесе туғаннан кейін ауа жетпеу, әсіресе мезгілінен бұрын босану, кесар тілігі арқылы босандыру;
- жатырдағы әртүрлі жұқпалы аурулар: оксоплазмоз, цитомегаловирус, қызылша және т.б.;
-жүктіліктің алғашқы мерзімінде жүйкеге әсер ететін тератогендік факторлар.
Босану кезінде физиологиялық процестер жүре бастайды. Толғақ жатырды босануға дайындайды, жатыр мойнын, яғни туыт жолын ашады. Баланың әдетте басы төмен қарап тұрады. Ана мен нәресте бірлескен түрде дайындалады. Бала жолдасы арқылы немесе кіндігі арқылы оттегімен қоректенеді. Сондықтан мезгілінен бұрын босану ана мен бала арасындағы үйлесімділікті бұзады да, туу барысын қиындатады. Табиғи жолмен босануға акушерлік кедергі жасаса, балаға қауіп төнеді. [25]
Бала қағанағының суын ерте жарып жіберсе, толғақ кезінде баланың басы анасының жамбас сүйегінен жарақат алуы мүмкін. (Қалташадағы су баланың басы шығуға дайын болғанша амортизатор сияқты жұмыс істейді).
Бала туу жолына дайын болмай тұрып, (жасанды жолмен) дәрілермен немесе басқа да шаралар арқылы босануды тездету де баланың миына зақым келтіруі мүмкін.
Қимыл-қозғалыс бұзылыстары (сал болуы, парез, бағдарланудың бұзылуы) психиканың, сөйлеудің, көрудің, есітудің, сезімталдықтың бұзылуына әкелуі мүмкін. Ауру бірнеше жылға созылады, ал ауыр түрі өмір бойына кетеді.
Бала церебральді сал ауруымен ауыратын балаларды бірінші жұмада әлсіздік немесе туа берілетін қимыл-қозғалыс рефлекстерінің жоқтығын байқауға болады:
1) бала қорғанбайды, етпетінен жатқан бала тыныс алу үшін басын бұрмайды,
2) тік күйде тұрған балалар қалыпты дамыған балалардай аяғымен жер тіремейді, яғни баспайды,
3) еңбектеу рефлексі - етпетінен жатқан қалыпты дамыған бала еңбектей бастаса, ауру бала еңбектеуге қабілетсіз.
Мейірбикелік күтімде баланың және оның ата-анасының психикасын сақтауды ұдайы есте ұстаған жөн. Мұндай балалар бөлімшеде емделгенде қозғалысының баяулығын, сырқат баланың ебедейсіздігін және нұсқауларды орындаудағы ұзақ түсіндіру қажеттігін ескерген дұрыс. Мейірбике әр сөзіне абай болып, артық ауыз сөз айтудан аулақ болуы тиіс. Сондай-ақ бала түсінетін болса оның міндетті түрде сауығатынына үміт отын ұялату қажет. Алайда мақсатқа жету үшін ата-анасының шыдамдылығының қажеттігін, дәрігер нұсқаған барлық емді қабылдауды үзбеуді ұдайы еске салу керек.
Балалардың сал ауруы қозғалыстың бұзылуына және таралуына байланысты бөлінеді. Қозғалыс бұзылысының 5 түрі бар:
1) спастикалық – бұлшық ет тонусының артуы, қайталанған қозғалыс кезіндегі қиындық;
2) қимыл тұрақсыздығы – дененің үнемі өздігінен қозғалуы;
3)ебедейсіздік – баяу қозғалыстағы бұлшық еттерге қозғалыс кезінде қысымның келуі;
4) қимыл үйлесімсіздігі – жиі құлаудан тепе-теңдіктің бұзылуы;
5) қол-аяқтың дірілдеуі (қалтырау). Аурудың 85 пайызы спастикалық және атетиодтық түрде кездеседі. Белгісіне қарай былайша топталады: а) қол-аяқтың салдануы (бір жақтың тартылуы), б) дененің бір жағының толық салдануы, в) екі жақты салдану (жоғарғы жақ немесе тұтастай төменгі жақ), г) жартылай немесе толықтай қол-аяқтың салдануы.
Психикалық және дене жаттығулары арқылы невропотологиялық ақауды азайтуға болады. Бұлшық ет қызметін жақсарту үшін физиотерапия және еңбек терапиясын қолдану керек. Логопедиялық көмек және есту қабілетін түзету науқастың тілін жаттықтырады (жетілдіреді). Бекіткіш және басқа ортопедиялық құрылғылар жүрісті жеңілдетеді, тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Ақыл-ойы кем балалар өз мүмкіндігіне қарай оқу керек. Ұзақ уақыт емделуде арнайы бағдарламамен оқыту, психологиялық кеңес, қарым-қатынасты дамыту, кәсіптік оқытудың икемді жүйесі, демалу мен ойын-сауық ұйымдастыру. Сал ауруымен ауыратын науқас жан-жақты көмекті қажет етеді. [26]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет