Білім беру бағдарламасы Орындаған: Рашидова Тұрсынай Тобы: М1504-24


Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде проблемалық оқытудың теориялық ерекшелігі



бет7/14
Дата24.09.2024
өлшемі1,28 Mb.
#145397
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
мөж

1.3. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде проблемалық оқытудың теориялық ерекшелігі.

Проблемалық оқыту технологиялары – оқытудың эвристикалық әдістерін пайдалану арқылы оқу проблемаларын және жағдаяттарын шешуге бағытталған дидактикалық жүйелер.


Эвристикалық деңгейдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, формулаларды жаттау т.с.с.) жетілдіріп тереңдетумен қатар ол тағыда жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.Эврика! Мұндай жұмыс анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді.Мұндай тапсырмаларды орындау барысында оқушылар үшін жаңа проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы өзі жаңа әдістер іздеуі керек.
Проблемалық сипаттағы оқыту – мақсаттар мен мәселелерді ұйымдастыру мен шешуден тұрып, оқушылардың шығармашылық қаблеттерін қалыптастыруға қызмет етеді.
Оқушыларды қызықтыру, ойландыру, барлық жауаптарды тыңдау, талдау жасау, жауаптарын тексеру сияқты кезеңдер тәртібі сақталу керек. Сонда ғана бала ізденушілік, зерттеушілік мүмкіндіктеріне ие болады.Проблемалап оқыту жүйесін жүзеге асырудың негізі кімнің іліміне қатысты дамыды? Бұл сұраққа С.Л.Рубинштейннің ғылыми тұжырымы мен дәйекті пайымдарына үндесе отырып дамыды деген жауапты ұсынамыз. Психолог-ғалым адамның жеке сапасының қабілетін дамыту тек өзіне тән (мамандығына не жеке мақсатына) өзекті мәселесін шешудегі танымын дамыта аларлық бағдарламаны меңгеруіне орай заңдылықтар мен принциптердің қажеттілігін жіктеп берген.
Оның басты тірегі – субстанциясы – проблемалы ситуацияны сол өзінің өзекті мәселесіне тиесілі үрдістерге жобалануындағы іскерлігін дамыту. Субъекті өзіне қиындық туғызатын міндеттерді ұтымды шешуге ниеттенеді. Бірақ оған қатысты керек мәліметтер мен фактілер, тұжырымдар жасайды.Мұндай жағдай әр субъектінің психологиялық мүмкіндігін ашады. Ғылыми, біліми берілген тапсырмаларды орындау үрдістеріндегі қайшылықтарды жіктеп, оны шешу үшін жаңа білімді пернелеу мен қызметтік әрекеттерін нәтижеге бағдарлау мәністері өзіне өзінің көңілін тоқмейілсіп, өнімді еңбегін айқын көруіне мүмкіндіктер, қолайлы сәттер орнығады. Сөйтіп, субъекті ішкі мүмкіндіктерін сапалы танымдық пайым жинауға толық пайдалана алатын дәрежеге жетеді.Оқытудың бұл әдісі әр студенттің не оқушының өздігінен дербес жұмысқа халінің келу, келмеуін сараптан өткізіп береді. Проблеманы жоқ жерден жасанды іздегенмен, проблемалап оқыту әдісі шықпайды. Сол себепті белгілі бір көлемді аумақтағы субъектінің жиған жоғары мақсаттағы бағытына тікелей бағынышты екендігін естен шығармауы көзделеді. Айқындап айтсақ, қайшылықты мәселе белгілі бір ғылыми бағытқа қатысты туады, міне, сол қайшылықты шешудің өзектілігін табудың әдісін дұрыс тандап алу үшін субъектіде жиылған сол саладан алған білімі болуы қажет.
Проблемалы оқыту туралы педагогикалық және әдістемелік әдебиетте көп айтылып та, жазылып та жүр, бұл жайлы пікірталастары да баршылық.Кебір авторлар проблемалық оқытуды оқытудың өз алдына ерекше проблемалық оқыту басқа әдістер (эвристикалық әңгіме, баяндау, оқушылардың өздігінен бақылау, эксперимент жүргізуші, іздену әдісі т.б.) арқылы іске асырылады. Біздіңше, проблемалық оқыту – жаңа әдіс те, оқытудың жаңа жүйесі де емес, оны оқыту жұмысын ұйымдастырудың бір түрі деп қаралған дұрыс. Психологтардың (А.М.Матюшкин, Л.С.Рубинштейн, Н.А.Менчинская) т.б. пікірінше, бұл құбылыс адамның таным әрекетінің, әсірессе ойлау ерекшелігіне байлансты пайда болған. Л.С.Рубинштейн жалпы проблеманың болуы – адамның дұрыс тану әрекетінің негізгі бір сипаты деп қарайды. Ол «ойлау – проблемалы жағдайдан басталады» деген. Проблемалы оқытуда көздейтін – мақсат – оқушыларға білімді даяр күйінде бәрін мұғалімнің өзі баяндап бермей, олардың алдына белгілі проблемалы міндет қойып, соны өздеріне шештіруге бағыттау.
Проблемалы оқыту – проблема, проблемалы сұрақ, проблемалы тапсырма, проблемалы жағдаят (ситуация) деген ұғымдардың мазмұнын дұрыс түсіндірудің маңызы зор.Кез – келген сұрақ, тапсырма проблемалы бола бермейді. Олардың проблемалы болуының негізгі шарты – оларға жауап ізденуде оқушыларға даяр жауап не үлгі болмайды және ол өзінің білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықты, басқаша айтқанда, берілген проблеманы шешуге керекті білімнің немесе тәсілдің онда жетіспей тұрғанын сезінеді.Ой жүйесінде пайда болған қарама-қайшылық оқушының дербес жұмыс істеуіне түрткі болып, оқылатын материал (мәтін) оқушыны қайшы пікірге алып келеді де, шешуді керек ететін проблема туады.Ой қайшылығы пікір таласын тудырып, дұрыс ой қортындысына келетін жағдайға итермелегенде ғана біз проблема туады деп есептеуіміз керек. Мысалы: Махамбет шығармаларын талдау кезінде туатын «Махамбет шығармаларындағы романтикалық сырының сыры неде?» т.б. деген сұрақтар болып табылады. Сонымен, ойлауға үйрету дегеніміз диалектикалық қарама-қайшылықты көре білуге, сол арқылы нақты шындықты тануға үйрету деген сөз. Қарама-қайшылық ой дамуының қозғаушы күші.
Қорыта келгенде, проблемалық оқыту сабақта проблемалық жағдаят тудырып, проблемалық шешуді талап етеді.Қазіргі таңда педагогика ғылымы дәстүрлі оқу мен дәстүрлі емес жаңаша оқытудың айырмашылығына мынандай анықтама береді.
Дәстүрлі оқыту үрдісінде мұғалім сынып оқушыларын толық қамти отырып оқытады. Дәстүрлі оқытуда мұғалім мен оқулық маңызды қызмет атқарады, олар оқушыларды білімге жетелейді. Соған сәйкес оқушылардың жауаптарында сол мазмұнды есте сақтап және бұрмаламай айтып беруі маңызды болады. Мұғалім білімді оқушыларға дайын күйінде меңгертеді.Ал жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргенін ғана меңгеріп қоймай, мұғаліммен тікелей пікір – таласқа көшеді. Оқушы белсенді рөл атқарушы ғана емес, жетекші бағытын ұстанады. Ол әлемді тануға, белгісіздікті анықтауға өзі жауап іздейді, шешімдері де әр оқушыда әр түрлі болады. Тапқан шешімін нақты ақиқат демей яғни қабылдамай, іздестіре әрмен қарай жалғастырады. Мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс қалыптасады, екеуі де бірлік одақта қызмет істейді.
Проблеманы оқыту – оқушының ойлау қабілетін дамытудың тиімді жолы. Бұл, сабақта мұғалім проблемалық жағдай тудырып, проблемалы сұрақтар мен тапсырмалар беріп, оқушылардың өздеріне тұжырымдама жасауға жетекшілік жасай біледі деуге әбден болады.Өйткені осы уақытқа дейін педагогикалық теория мен тәжірибеде белгілі болған, тіпті дәстүрлі әдіс деңгейіне көтерілген әңгімелеу, түсіндіру, әңгіме (сұрақ – жауап) сияқты сөздік әдістермен қоса, проблемалы баяндау әдісі, «ішінара ізденіс немесе эвристикалық әдіс», сөзбен көрнекіліктің арақатынасы және алмасуы сияқты сөздік әдістің түрлері өмірге келді.Сөздік әдістердің дамуының үшінші шартты кезеңі 20 ғасырдың соңғы жылдарында дамыта оқыту идеясының теориялық жоба деңгейіне тәжірибелік қолданысқа айналуымен байланысты болып отыр.Шынында, бүгінгі күні педагогика ғылымында бастауыш буында дамыта оқытудың әр алуан жүйесі (Л.В.Занковтың, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың, И.С.Якиманскаяның және т.б.) белгілі.Ал, жүйенің кез келгені оқытудың мазмұнын, мақсаты мен міндетін, әдістерін, ұйымдастыру түрлерін тұлғаны қалыптастыруға, өзіндік іс-әрекетке бейімдеуге, дамытуға (интеллектуалдық, ерік және сезіммен байланысты қасиеттерін) бағдарлауды көздейді. Осыған орай, әсіресе, қандай да болсын пәнді оқытудын әдістерін жетілдіре түсуге ерекше мән беріледі.Әрине, педагогика ғылымы мен тәжірибеде белгілі оқыту әдістерінің ешқайсысы әмбебап тәсіл бола алмайды.Дамыта оқуды жүзеге асыруда тиімді және оңтайлы болатын әдіс – тәсілдерін іріктей алуға және дәстүрлі әдістердің өзін тұлғаны қалыптастыру және дамыту идеясына бейімдей түсуге ерекше көңіл бөлінуі тиіс.Дамыта оқытудың мәнді белгісі: оқушылардың өзіндік іс-әрекетінің басым болуы, яғни білім, білік және дағдыларды оқушылардың өздігінен игеруінің және білімді меңгеру барысындағы олардың іс-әрекетінде ақыл-ой мүмкіндігін барынша жұмылдырудың басым болуы. Осыған орай сөздік әдістердің табиғаты, мән-мағынасы қолданылу ерекшелігі бүгінгі күн талабына сәйкес өзгеруі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет