Білім беру бағдарламасы Орындаған: Рашидова Тұрсынай Тобы: М1504-24



бет5/14
Дата24.09.2024
өлшемі1,28 Mb.
#145397
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
мөж

Проблемалы баяндау әдісі.Сабақта тақырып бойынша мұғалім оқушыларға проблема – сұрақ қояды, проблеманы өзі шешеді. Сонымен бірге оларға шешудің түсінікті ғылыми жолдарын көрсетеді. Проблемалы баяндауда мұғалімнің іс-әрекеті оқушыларға проблемалық ситуация туғызатын проблемалар-сұрақтар қою, танымдық есептер, тапсырмалар беру. Бұл оқушыларды әр түрлі ой-әрекетін орындауға ойландырады.Проблемеларды – сұрақтарды қолдануға негізделген тиімді оқыту процесін ұйымдастыру проблемасы баяндаудың мәнін құрайды.
Ішінара іздеу немесе эвристикалық әдіс.Бұл әдіс бойынша оқушыларды бірте-бірте проблемаларды өз бетінше шешуге жақындату үшін алдын-ала зерттеудің жеке этаптарын орындауға үйрету қажет. Біріншіден ұсынылып отырған суреттерге, баяндалған мазмұнға сұрақтар қойып, оқушыларды проблеманы көруге үйретеді; екіншіден, оқушылардың өз бетінше тапқан дәлелін құрастыруды талап етеді; үшіншіден, көрсетіліп отырған фактылардан қорытынды шығару; төртіншіден болжау айту; бесіншіден, оны тексерудің жоспарын құрастыру т.б.Мұғалім ізденудің жеке кезеңдерін орындау үшін оқушылардың қатысуын ұйымдастырады. Мұны ішінара іздеу әдісі дейді.Кейбір методистер бұл әдісті эвристикалық әдіс деп атайды.Мұғалім тапсырманы құрастырады, іздену этаптарын жоспарлайды, проблемалық міндетті жеке проблемаларға бөлшектейді, ал оқушылар бұл этаптарды орындайды. Міне, эвристикалық әңгімінің мәні осында.
Оқушы материалды мұғаліммен бірігіп талдайды, оның көмегімен жаңа ұғымның мәнін ашады.
Зерттеу әдісі совет өкімітінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ оқыту практикасында кең түрде қолдана бастады. Зерттеу әдісінің мәні – жаңа проблемаларды шешуге байланысты оқушылардың іздеу, творчестволық іс-әрекеті тәсілдерін ұйымдастыру.Проблеманы өз бетінше зерттеу үшін мұғалім оқушыларға теориялық және практикалық тапсырма береді. Оқушылар бұрын ғылым шешкен, бірақ оларға таныс емес проблемаларды шешеді. Зерттеу әдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекеті ғылыми шындықты ашатын ғалымдардың зерттеу іс-әрекеттеріне жақындайды. Басқаша айтқанда, оқушылардың зерттеу жұмысы ғалымдардың ғылыми –зерттеу жұмысы сияқты кезеңдерге бөлінеді, бақылау фактілерді жинау және оларды талдау жазып анықтау т.б.
Зерттеу үшін оқушыларға әр түрлі тапсырмалар беріледі.Мысалы: столдың үстінде аттары жазылмаған азот, фосфор, калий тыңайтқыштары салынған үш шиша тұр. Қай шишада қандай тыңайтқыш бар. Соны анықтап дәлелдеңіз. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар химия пәнінен алған теориялық және практикалық білімді еске түсіріп зерттеуге кіріседі.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет