Білім беру бағдарламасы Орындаған: Рашидова Тұрсынай Тобы: М1504-24



бет4/14
Дата24.09.2024
өлшемі1,28 Mb.
#145397
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
мөж

Проблемалық оқытудың мәні.

Оқыту жеке адамның білімін, танымдық және творчестволық қабілетін дамытудың маңызды құралы.


Проблемалы оқытудың мақсаты – мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймайды, олардың танымдық және творчестволық қабілетін дамытады. Оқушыларға тақырып бойынша проблемалық сұрақтар қойылады. Оқушылар проблемалалық сұрақтарды шешудің дұрыс варианттарын қарастырады, ойланады, жаңа білімді игеру туралы қорытынды жасайды, оны іс-жүзінде (практикада) қолданады. Проблемалы оқыту – бұл ғылым негіздерін оқып білу процессінде жеке адамның жалпы және арнайы қаблетінің дамуы, танымдық қажеттілігінің қалыптасуы.
Совет психологтары адамның ойлағыштық іс-әрекетінің негізгі түрлерін атайды: репродуктивті және продуктивті, творчестволық.
Репродуктивті іс - әрекеті үлгі, алгоритм бойынша орындалады. Мұғалім жаңа оқу материалын, жаңа ұсымдардың мәнін түсіндіреді, тапсырманы орындаудың жолдарын көрсетеді. Оқушы оқу тапсырмасын мұғалімнің көрсетуімен алгоритмге сүйеніп, яғни мұғалімнің сабақ үстінде жасаған әрекетіне сәйкес орындауы қажет.
Бағдарлама бойынша оқу материалдарының көпшілігін мұғалім проблемалық ситуация жағдайында түсіндіруі тиіс.
Продуктивті іс-әрекетінің айырмашылығы оқушы белгілі білімді өз бетімен жаңа ситуацияда қолданады немесе белгілі ситуацияда жаңа білімді, әрекет жасаудың жаңа ережесін табады (алгоритмді өзі жасайды). Бірақ оқушының дайын алгоритмді, үлгіні пайдалануы да мүмкін.
Проблемалық ситуация жағдайында оқушының іс-әрекеті ойлаумен, пайымдаумен, өз бетінше ізденумен сипатталады. (проблема түрінде сұрақтар қою, жорамал ой тұғызу т.б.)
Шығармашылық іс-әрекеті алгоритімнен, үлгіден, формализмнен аумаушылықты көтере алмайды. Шығармашылық – бұл эвристикалық іс-әрекеті, оның мәні негізгі идеяларды тез түсініп ұғыну, істің кенеттен шешілу жолдарын табу.Оқушылардың шығармашылық ойлауы проблемалық ситуациядан басталады.Проблмалық ситуация деп пайда болған құбылыстарды, фактілерді адамның түсіндіре алмай, қиыншылық жағдайға ұшырауын айтады. Сондықтан қиыншылық қабылдаған білім және іскерлік негізінде адамның жаңа әдістерді немесе істі іздеуге, түсіндіруге талаптандырады.
Ақыл-ой әрекеті толық циклының проблемалық пайда болуынан проблеманың шешуіне дейін мынандай кезеңдері болады:

  • проблемалық ситуацияның пайда болуы;

  • проблеманы – сұрақты қою және оның қиыншылық мәніне жете түсіну;

  • болжау арқылы шешім тәсілдерін табу;

  • гипотезаны дәлелдеу;

  • проблема шешімінің дұрыстығын тексеру.

Проблемалы оқыту процесінде мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды, түрлі тапсырмалар береді. Бұлардың бәрі проблемалық ситуация туғызады. Осының нәтижесінде әрбір оқушы сұраққа жауап беруге немесе проблеманы шешуге тырысады.
Проблема проблемалық ситуация болып саналады, бірақ әр түрлі проблемалық ситуация проблема бола алмайды. Мысалы, 3-сынып оқушысына өзеннің бір жағасында тұрып, оның енін қалай өлшейді деп сұрақ қойса, ол сұрақтың мәнін ұғып, оны шешу үшін дәрменсіз болады. Бұл жерде проблемалық ситуация пайда болды, бірақ ол проблема бола алмайды. Себебі, оны шешу үшін оқушының білімі, тәжірибесі жеткіліксіз болды.
Дүниетану сабағында «Су» тақырыбын өткенде мұғалім оқушыларға проблема түрінде сұрақ қояды: су сұйық зат, ол сутегі және оттегіден тұрады, сутегі жанады, оттегі жануды қолдайды. Олай болса, теңізді неге жағуға болмайды, жанып тұрған шырпыны тигізсең, сөніп қалады?Бұл жерде проблемалық ситуация туды да, ол проблемаға айналды. Өйткені оқушылардың дүниетану пәнінен алған білім проблеманы шешуде игі әсер етті.
Сонымен, оқушылардың әр түрлі шығармашылық оқыту іс-әрекетінде мұғалім проблемалық ситуация туғызады, жаңа білімді игеруде оқушылардың ойлау, ізденіс іс-әрекетіне, олардың оқыту проблемасын өз бетімен немесе коллектив болып шешуіне басшылық етеді. Міне менің зерттеуім бойынша проблемалы оқытудың мәні осында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет