Білім беру бағдарламасы Орындаған: Рашидова Тұрсынай Тобы: М1504-24



бет2/14
Дата24.09.2024
өлшемі1,28 Mb.
#145397
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
мөж

Педагогикалық технология – оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы.Сабақтарда оқытудың әр түрлі технологиясын қолдануға болады. Осыған орай оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені оқушылардың іс-әрекетінің дербестігі артады.Бұл туралы А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша «бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі – оның білімінің, шеберлігінің ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңдай өту үшін, керек білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру керек, делінген.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр мүғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат-мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Оқушылардың танымдық іскерліктерін дамыту, оларды өз бетінше ойлана білуге дағдыландару, ой түюге, қорытындылар жасай білуге машықтандыру – қазіргі кезеңдегі оқыту процессіндегі ең өзекті мәселелер. Мұндай жұмыстарды іске асыру үшін оқытушылардың өзі ғылыми ізденіс әдістерінің қыр сырларымен жақсы таныс болуы керек. Мұғалімнің күнделікті кәсіби шеберлігін арттырып, білімін шыңдай түсуі үшін күнделікті оқып-білу, тәжірибе жинақтау қажет. Осы заманғы сабақ берудің озық технологиясын меңгеру кезек күттірмейтін міндет екенін әрбір мұғалім білуі тиіс.
Проблемалық оқыту ізденіс танымдық әрекеттің негізгі құралы.
Проблемалық оқытудың қайнар көзін Сократтың ізденіс әңгімелерінен көруге болады, бұл жерде ол сұрақ қою және әңгімені қисынды құрастыру арқылы өзінің оқушыларын қарама қайшылыққа, әрі қарай тиісті қорытынды жасауға жетектейді.
Қазіргі кездегі ізденіс ойлау құралдары бойынша педагог пен психологтардың зерттеулері (И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, В.Н.Максимова, В.Оконь т.б.) оқушылардың ізденіс зерттеу есептерін шешуде танымдық әрекеттері басқаша екенін көрсетеді. Ізденіс әрекеті бірқалыпты жүріп отырады, кей жерде айқын көрінеді.(О.К.Тихомиров)
Бүкіл проблемалық оқытудың мәні ерекше жағдай үрдісінде пайда болады, оқушы белгілі шешімге келе алмай, не болмаса қатыса алмайды. Проблемалы жағдайда оқушылардың білім мен алдына қойған міндет арасында қарама-қайшылық туындайды.
Проблемалық оқыту алгоритм проблеманы қою және сезіну, жеке шығару, одан әрі қарай проблеманы шешудің дұрыстығын тексеруден тұрады.Бұл кезде ізденіс әңгімелері, дискуссия (пікір-талас), проблемалық мазмұндамалар т.б. пайдаланылады.Сонымен, проблемалық оқыту дегеніміз оқытудың проблемалық жағдаяттарын шешуге арналған дидактикалық жүйе.
И.Я.Лернердің еңбегінде шығармашылық жұмыстың генезисін түсіндіруде жетекші рөл проблемалық жағдаяттарға беріледі.«Проблемалық жағдаяттардың негізін құрайтын субъектінің жеткіліксіздігі шығармашылық тапсырмалардың мәні болып табылады».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет