Білім беру бағдарламасы Құрастырушы: Айтуганова Сауле Гараповна, педагогика ғылымдарының 3


Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар



бет30/88
Дата19.09.2023
өлшемі0,8 Mb.
#108402
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   88
Байланысты:
Силлабус органика. казакша (1)

Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар:
(дәріс сұрақтары бойынша).
Тақырыбы: Алканолдар (спирттер).
Дәріс жоспары:

  1. Жіктелуі, алканол молекулаларының функционалдық тобы. Бұл қосылыстардың химиялық маңыздылығы.

  2. Біратомды спирттер. Изомерия. Физикалық қасиеті. Олардағы молекулааралық әрекеттесулердің көрінісі.

  3. Химиялық қасиеті. Спирттер қышқылдар тәрізді. Конъюгацияланған қышқылдар мен негіздер туралы түсінік. Спирттердің белсенді металдармен әрекеттесуі; алкоголяттар, олардың негізгі химиялық сипаттамалары. Спирттер негіздер және нуклеофильдер ретінде. Гидроксил тобының нуклеофильді орын басу мәселесі. Минералды қышқылдардың күрделі эфирлерін алу, олардың маңызы. Спирттердің дегидратациясы, бағыттылығы, катализ. Этонол-күкірт қышқылы жүйесіндегі реакция. Спирттердің тотығуы. Хроматтармен тотығу механизмі.

  4. Спирттер класының өкілдерінің жалпы сипаттамасы. Метанол, этанол. Осы спирттерді қолданудан туындайтын токсикологиялық және есірткілік мәселелер.

  5. Қанықпаған біратомды спирттер.

Спирттер – құрамында бiр немесе бiрнеше гидроксил деп аталатын ОН тобы бар алифатты көмiрсутектердiң туындылары.
Молекуладағы гидроксилды тобының саны бойынша спирттер бiрнеше топқа бөлiнедi: қаныққан бiр атомды спирттер (бiр гидроксилмен) немесе алканолдар, екi атомды спирттер (екi гидроксилмен) немесе диолдар, үш атомды спирттер (үш гидроксилмен) немесе триолдар жәңе көп атомды спирттер немесе полиолдар. Жалпы формула - R-OH. Қаныққан бiр атомды спирттердiң жалпы формуласы CnH2n+1OH құрамында қос байланысы бар қанықпаған да спирттер болады.
Функционалды топ – ОН-тобы – гидроксил, - окси-топ, - гидрокси-топ.
Гидроксил тобымен байланысқан көмiртек атомының түрiне тәуелдi бiрiншiлiк, екiншiлiк және үшiншiлiк спирттер болады.
Спиртердің 4 реакциондық орталығы бар:
1. Полярлы О-Н байланысы. Реакцияларда байланыс үзіліп протонды босатады. Қышқылды қасиеттер.
2. Азполярлы С-О байланысы. Реакцияларда осы байланыс үзіліп ОН-тобы орынбасылады. Нуклеофильды орынбасу.
3. Алкил тобының С-Н байланыстары. Олар тотығу және дегидрлеу реакцияларына түседі.
4. Оттегі атомының р-электронды жұптары. Олар қышқылдармен және металдардың тұздарымен донорлы-акцепторлы байланыстар түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет