Білім беру бағдарламасы Құрастырушы: Айтуганова Сауле Гараповна, педагогика ғылымдарының 3



бет53/88
Дата19.09.2023
өлшемі0,8 Mb.
#108402
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   88
Байланысты:
Силлабус органика. казакша (1)

Ұсынылатын әдебиеттер: [1,3,5,6,7,9,13,18,22, 23, 25,26].
Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Екі гетероатомы бар бес мүшелі гетероциклдер. Оксазол, пиразол және имидазол. Тиазолдың биологиялық және медициналық маңызы (В 1 және В 12 витаминдері, пенициллин, норсульфазол). Имидазол туындыларының (гистидин, гистамин, нуклеин қышқылдары, биотин) биологиялық маңызы.
2. Тетрапиррол, порфин. Индол. Индоксил, таутомерия, индиго көк түрлену. Құдықты бояу (индиго - лейкоиндиго). Индол туындыларының биологиялық маңызы.
3. Пиридин мен пиперидин негізіндегі биологиялық белсенді қосылыстар. PP, B6 витаминдері. Алкалоидтар туралы түсінік.
4. Бірнеше гетероатомы бар алты мүшелі сақиналар. Диазиндер. Пиримидин. пиримидиндік негіздер. Пиримидиндік негіздердің таутомерлі формалары (лактим-лактам таутомериясы).
5. Пурин. Пуриннің хош иісті жүйесі. Пуриндік негіздер. Зәр қышқылының таутомерлі түрлері.
6. Алкалоидтар туралы түсінік: кофеин, теобромин, теофиллин.


7. Практикалық (семинар)/зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар: сабақтың тақырыптары мен мақсаты, негізгі сұрақтар, тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар, өткізу формасы, бағалау критерийлері.
Зертханалық жұмыс орындау тəртібі
Оқытушы студенттерді «Органикалық химия» пəні бойынша орындалатын жұмыстармен жəне осы жұмыстарда қолданылатын негізгі қосылыстармен таныстырады. Сонымен бірге органикалық химия зертханасында синтезге қажетті құрал-жабдықтар мен ыдыстар туралы мəліметтер де толық түсіндіріледі.
Студенттер органикалық химия лабораториясында жұмыс жасауды реттейтін арнайы нұсқаулармен танысады, оның кейбіреулері мына ережелерді орындауды талап етеді:
1. Əр студент халат киіп жұмыс жасап, жұмыс орынын таза ұстауы қажет.
2. Жұмыс уақытында тыныштық сақтап берекесіздік көрсетпеуі тиіс.
3. Жалғыз жұмыс жасауға қатаң тиым салынады жəне синтез жүргізліп жатқан ыдыс, құрал-жабдықты өз бетімен ескерусіз тастап кетуге болмайды.
4. Тек қана таза ыдыстарды қолданып, реагенттерді, электр энергиясын, суды мейлінше үнемдеу қажет.
5. Раковинаға органикалық заттарды, қышқылдар мен сілтілердің ерітінділерін құюға болмайды. Оларды жинайтын лабораторияда арнайы шыны сауыттар болуы қажет.
6. Зертханалық жұмысқа тəжірибелерді оқытушымен əбден пысықтап алғаннан кейін ғана кірісу қажет.
7. Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс орнын мұқият тазалап, су мен электр энергиясын өшіріп, таза ыдыстарды лаборантарға тапсыру керек.
8. Өрт қауіпі немесе күшті қышқылдармен күйіп қалған жағдайда ондай студентке алғашқы көмек бере алатын жағдайда болу.
Инструкциямен толық танысқаннан кейін студент өзінің жұмыс орнында техника қауіпсіздігінен алғаш инструкция алғаны жөнінде арнайы жорналға қолын қояды. Осы сəттен бастап өз ісіне өзі жауап беретін болады. Міне осыдан кейін оқытушы студенттерді топ-топқа немесе топшаларға бөліп, жұмыстарын таратып беріп, оның мұқият жасалуын қадағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет