Білім беру бағдарламасы Құрастырушы: Айтуганова Сауле Гараповна, педагогика ғылымдарының 3


Зертханалық жұмысқа дайындалып келуге міндетті тұрде кажет



бет54/88
Дата19.09.2023
өлшемі0,8 Mb.
#108402
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   88
Байланысты:
Силлабус органика. казакша (1)

Зертханалық жұмысқа дайындалып келуге міндетті тұрде кажет:

  1. Жұмыс алдында берілген бақылау сұрақтарга жауап беру.

  2. Жұмыстан кейін берілген есептермен, жаттығуларды орындап келу.



Зертханалық жұмыс №1.
Тақырыбы:
Органикалық заттардың сапалық талдау. Органикалық қосылыстарды тазарту. Олардың ең маңызды тұрақтыларын анықтау.
Зертханалық жұмыстың мақсаты: органикалық заттардың сапалық талдау, оларды тазарту, олардың ең маңызды тұрақтыларын анықтау әдістерімен танысу.
Ұсынылатын әдебиеттер: [11,17,35,40,41].
Мазмұны:
Зертханалық жұмыс № 1 орындау [17].
Өткізу формасы: экспериментальды, кеңейтілген әңгіме түрінде.
Бақылау сұрақтары:
1. Сұйық жəне қатты заттарды тазалаудың əдістерін атаңыз.
2. Сұйық органикалық қосылыстарды айдаудың түрлері.
3. Сұйық айдалатын қондырғыға, яғни колбаға не себепті фарфордың ұсақ түйіршіктері салынады?
4. Органикалық қосылыстарды ұқсату үшін олардың қандай константалары колданылады?
5. Қатты органикалық заттардың тазалау əдістерін атаңыз.
6. Кристаллизацияны жүргізу үшін еріткіш қалай дұрыс таңдалады?
7. Қатты органикалық заттарды ұқсату үшін олардың қандай физикалық константалары қолданылады?
8. Органикалық заттарды кристаллизациялау үшін қандай құрал жабдықтар қолданылады?


Зертханалық жұмыс №2. (семинар)
Тақырыбы:
Органикалық қосылыстардың электрондық әсерлері.
Мақсаты: Органикалық қосылыстардағы электрондық әсерлердің түрлерін оқып үйрену, органикалық химиядағы химиялық реакциялардың механизмдерін талдау.
Мазмұны:

  1. Полинг бойынша электртерістілік кестесі. I -эффект (+ I немесе – I ) таңбасының орынбасарлардың ЭО-ға тәуелділігі. σ-байланыстар тізбегі бойындағы I -әсерінің әлсіреуі. Индуктивті әсердің физикалық және химиялық қасиеттеріне әсері.

  2. Мезомерлік эффект (резонанс эффектісі немесе конъюгация эффектісі). π-байланыстар жүйесіндегі электрон тығыздығының қайта бөлінуі, жүйенің тұрақтануы. Полярлы емес (M) және полярлық (+M, –M) мезомерлі әсерлер. Бүркесу түрлері: π - π, р - π, σ - π, σ - σ.

  3. Органикалық реакциялардың бағыты бойынша жіктелуі: қосылу (А), айырылу (Е), орынбасу ( S ), алмасу. Әрекеттесетін бөлшектердің табиғаты бойынша: гомолитикалық ( S R , A R ) және гетеролитикалық (нуклеофильді - S N ) A N және электрофильді - S E A E ). Субстрат және реагент, радикал, нуклеофильді және электрофильді бөлшектер туралы түсінік. Моно-, би- және полимолекулалық реакциялар туралы түсінік.

  4. Органикалық қосылыстардың классификациясы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет