Білім беру бағдарламасы «Шетел филологиясы: корей тілі»


II Тарау 2.1 Түркі тілдерінің алғашқы классификациясы



бет3/5
Дата10.12.2023
өлшемі207,87 Kb.
#136201
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Түркі тілдерінің таралу ареалы Буршакбаева Лаура,Қалшенгел Балнур,Нарынхан Венера ,Мереке Ерасыл ,Оңалбаев Ринат. 106-топ (1)

II Тарау
2.1 Түркі тілдерінің алғашқы классификациясы
Түркітану ғылымында маңызды орын алатын мәселенің бірі - түркі тілдерінің дамуы және қалыптасуы жағынан, элементтер негізінде классификациялау. Түркі тілдері арасындағы байланыс пен ұқсастықты анықтау және түркі тілдеріне классификация жасау тек лингвистер үшін ғана емес, сондай-ақ әдебиетшілер, тарихшылар, этнографтар үшін де өте маңызды мәселе. Кез келген ғылым саласы өзінің бүгінгі күйіне дәл осы қалпында келген жоқ, белгілі бір даму жолынан өтті. Түркі тілінің классификациясы туралы да осыны айтуға болады. Түркі тілдерін ең алғаш классификациялаған ХІ ғасырда өмір сүрген Махмұт Қашқари болатын. Ең алғашқы классификация болғандықтан лингвистика саласында оның алар орны ерекше. Сонымен қатар М.Қашқаридың өмір сүрген дәуірінің жеткен жетістігі. Сахараның ұлы ғалымы, біртуар ойшылы, тіл зергері Махмұт Қашқари «Түркі тілдерінің жинағын» барлық түркі текті ұлыс, тайпаларды аралап жинап, зерттеп, талдап барып жазған. Күллі түркі елінің әдебиеті мен тілін салыстырмалы түрде зерделеп, түзіп шыққан алғашқы энциклопедиялық кітап.Салғастырмалы тіл білімі автор өз еңбегінде сөздердің мағынасын анықтау үстінде басқа түркі тайпалары тілінде кездесетін мағыналық ауытқулар мен дыбыстық өзгерістерді салыстыра келіп, оларға шолу жасайды. Қашқари еңбегінің басты құндылығы - лингвистикалық және ареалдық әдіске негізделген ортағасырлық түркі тайпаларының тілдері салыстырылды, алғашқы түркі тілдес әлемнің картасы жасалды, түркі тайпаларының лингвистикалық, тілдік байланыстардың ерекшеліктері қарастырылады[3,39-40б]. Түркі тілдерін жан-жақты зерттеп әрі грамматикалық, әрі фонетикалық ерекшеліктерін анықтай отырып, толық классификация жасаған ғалымдардың бірі- Н.А. Баскаков.жоқ. А. Н. Баскаков өз классификациясында түркі тілдерінің тарихын, қазіргі жағдайын, этникалық құрамын толық есепке алуды ұсынады. Көрнекті түркітанушы Н.А. Баскаков Түркі тілдерінің фонетикалық, грамматикалыөқ ерекшеліктерін сол тілде сөйлейтін халықтардың тарихи даму, географиялық орналасу жағдайымен ұштастыра отырып, бұл тілдердің тарихын төмендегідей кезеңдерге бөледі: 1) алтай дәуірі; 2) ғұн дәуірі; 3) көне түркі дәуірі V-VI ғ.ғ. 4) орта түркі дәуірі немесе негізгі түркі тайпаларының қалыптасу кезеңі; 5) жаңа түркі дәуірі немесе түркі халықтарының қалыптасуы мен даму дәуірі XVI - XIX F.F. 6) ең жаңа дәуір. Жүз жылдар бойы түркі халықтары көшпелі өмір салтын өткізгендіктерінен, өзара және де басқа тілдес халықтармен араласып, өз тілдеріне және көршілес халықтардың тілдеріне зор әсер еткен. Әсіресе моңғол, славян және парсы тілдерімен ықпалдасу өте терең болған. Бұл ықпалдасу әр бір тіл тобы мен топ ішіндегі тілдердің тарихи дамуын біраз өзгерткен салдарынан, түркі тілдерінің классификациясының бірнеше жүйесі бар[4]. Академик В. В. Радловтың классификациясы түркі тілдерінің өзгешелігін есепке алады. В. В. Радлов түркі тілдерін төмендегі группаларға бөледі:1)Шығыс группа (алтай, шор, хакас, тува, ұйғыр т. б. тілдер);2)Батыс группа (қырғыз, қазақ, қарақалпақ, татар, башқұрт тілдері);3)Орта Азия группасы (ұйғыр, өзбек тілдері);4)Түстік группа (түрікмен, азербайжан, түрік т. б. тілдері).Бұған қосымша В. В. Радлов бұл тілдердің фонетикалық өзгешелігіне тоқтаған, ал этникалық жағын есепке алмаған.Вамбери классификациясы төмендегі үш группадан тұрады:1)Түстік-Сібір группасы;2) Шығыс-түркі тілдері группасы (ұйғыр, өзбек, қазақ, қырғыз т.б.);3)Аралас группа (башқұрт, татар, ноғай т.б. тілдер). Вамбери барлық түркі тілдерін жалпы түркі тілінің диалектісі деп қарайды.Академик Ф.Корштың классификациясы түркі тілдерінің фонетикалық және морфологиялық өзгешелігін есепке алып, олардың тілдік материалын талдау негізінде жасалған. Ол түркі тілдерін төмендегі төрт группаға бөледі:1)Солтүстік группасы( географиялық белгілеріне қарап бұған: құмық, ноғай, татар, башқұрт, чуваш т.б. тілдерді кіргізген);2)Шығыс группа — половец(құман, қыпшақ), ескі өзбек (шағатай), ұйғыр, орхон, қарагас сияқты тілдер);3)Батыс группа (түрік, азербайжан, түрікмен тілдері);4)Аралас группа (солтүстік алтайлықтар, чуваш, якут тілдері). Академик А. Самайловичтің классификациясы түркі тілдерінің лингвистикалық езгешелігін есепке алады. Ол Радлов пен Корштың классификациясының дұрыс екендігін айта келіп: ,«Пытаясь в настоящей работе дополнить существующие классификации турецких языкйв, а не изменить из нового, а позволяю себе вносить некоторые изменения и в принятую различными учеными номенкулатуру отделов системы турецких языков,— дейді.Атақты тюрколог С. Е. Малов түркі тілдерінің ескі жазба естеліктерін зерттеп, олардың тарихын, бір-бірімен қарым-қатынасын, фонетикалық өзгерістерін салыстыра келіп, шығыс түркі тілдерінің батыс түркі тілдеріне қарағанда, ескі элементтерді көп сақтағандығын дәлелдейді. Бұрынғы болған классификацияларға карағанда, С. Е. Малов көбінше дыбыстардың өзгешелігін есепке алады. С. Е. Малов барлық түркі тілдерін ең көне (древ-нейшие),көне (древние), жаңа (новые), ең жаңа (новейшие) деп негізгі төрт группаға бөледі. Ең көне тілдер: булгар тілі, ұйғыр (сары ұйғыр) ,тілі, чуваш тілі, якут тілі. Көне түркі тілдері: «оғұз» (ескі руникалық жазба түркі естеліктерінің тілі), тофалар тілі, тува тілі, ұйғыр (ескі үйғыр жазба естеліктерінің тілі), хакас тілі, шор тілі. Жаңа түркі тілдері: азербайжан тілі, гагауз тілі, құман тілі, қыпшақ тілі, печенег тілі, половец тілі, салар тілі, түрік тілі, түрікмен тілі, ұйғыр тілі (Қытайдағы немесе Шығыс Түркістан тілі деп аталатын), өзбек тілі, шағатай тілі, чулым тілі. Ең жаңа түркі тілдері:башқұрт тілі, қазақ тілі, қарақалпақ тілі, қырғыз тілі, құмық тілі, ноғай тілі, ойрот (Алтай) . т.ілі, татар тілі (казан, қасым, мишер, батыс-сібірлік), (чуваш), (якут)[5].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет