Білім беру бағдарламасы «Шетел филологиясы: корей тілі»



бет2/5
Дата10.12.2023
өлшемі207,87 Kb.
#136201
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
Жобаның зерттеу нысаны: Түркі тілдерінің таралу аймағы
Жобаның мақсаты: Түркі тілінің дамуы мен қалыптасу кезеңдерін қарастыру. Түркі тілінің зерттелу тарихын сипаттай отырып, түркі тіліне классификация жасаған ғалымдардың еңбектеріне көзқарастық талдау жасау.
Жобаның міндеттері:
- Түркі тілдеріне ең алғаш классификация жасаған ХІ ғасырда М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит түрк» шығармасының маңызын көрсетіңіз
- Түркі тілдерін зерттеу барысында жазылған ғалымдардың еңбектеріне көзқарастық талдау жасаңыз.
- Қазақ тілін түркітектес тілдің бір тармағы ретінде қарастырып, қазақ халқының лингвомәдени концепциясына талдау жасай отырып, әлемнің паремиологиялық көрінісін қарастырыңыз.

І ТАРАУ
1.1 «Түркі тілінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері»
Түркі халықтарының Отаны жер шарының екі материгі- Азия мен Еуропа. Дегенмен басым көпшілігі Азия болып саналады. Оған себеп- көпшілік түркілер осы жерлерді мекендейді, екіншіден, тарихи тамыры да осы құрлықта. Ал Еуропадағы түркілер негізінен оның оңтүстігіне орналасқан да, Еділ мен Кавказ тауларының етегін мекендеген. Егер қазіргі кездегі түркі тайпаларының таралу географиясын сөз етсек, онда олар жер шарының барлық бөлігінде өмір сүреді деуге болады[ 1,103б]. Жеке түркі тілдерінің қалыптасу дәуірлері әр түрлі. Олардың кейбіреулері ерте қалыптасып, өз іргесін басқалардан бұрынырақ алыстатқан болса, енді біреулері ортақ тіл қауымына соңғы дәуірлерде (ХІҮ-ХҮІ ғғ.) ғана бөлініп шыққан[1,106-107б]. Түркі тілідері болмысыны пайда болуы,дамуы мен қалыптасу тарихы бар. Түркі тілдері балаң дәуіріне көне замандардағы түрлі абыздар мен көрнекті адамдардың айтқан баяндарының жазба ескерткіштерде сақталып, бізге жеткендерін жатқызамыз. Түркі тілінің ғылыми негізін салған, оны дамытқан, қажетті материал, деректермен байытқан түркі халықтарының өз перзенттері мен араб саяхатшылары. Грек саяхатшылары түркі сахарасын зерттеп, жазған кезеңі Шыңғыс жорығынан кейінгі дәуірге жатады. Түркі халықтарының тарихы туралы алғашқы мәліметті Орхон-Енисей жазба ескерткіштері берсе, олардын тарихы мен тілі, мәдениеті мен педагогикасы, философиясы мен экономикасы бойынша, елтану, коғамтануы сияқты салалары бойынша толық меліметтерді біз Жусіп Хас Хажибтің "Құтадғу білік" енбегі мен М.Кашғаридың “Диуани луғат-ит түрк" атты еңбектерінен табамыз. Орхон жазба ескерткіштерінде Сібір түркілерінін (Көк түріктердің) тарихы, тілі туралы мәліметтер берілсе, соңғы екі еңбекте қарахандар өмірі, Қытайдан Румға дейінгі түркі халықтарының тұрмыс жағдайы мен тарихы, тілі мен әдебиеті, пәлсапасы мен мәдениеті туралы мілеметтер берілген. Кей ғалымдардың М.Қашғариды энциклопедист деп атауының себебі де сондықтан. Бұл дәуірді біз ғылыми түркітанудын бастау деп танимыз. Осы дәуірден бастау алған ғылыми түркітану пәні қалыптасып, үздіксіз даму арқасында жетіліп, өркендеу үрдісінің жоғары сатысына көтеріледі[1,4-6б]. Ал түркі тілінің өзіне келсек. Түркітанушы ғалымдар түркі тілдерінің даму кезеңдерін белгілі кезеңдерге бөліп, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін анықтауға әрекет етіп келеді. Мысалы, Н.А. Баскаков түркі тілдерін дамуы мен қалыптасуына қарай 6 кезеңге бөлген: Алтай дәуірі; Хун дәуірі (Ү ғасырға дейін); Көне түркі дәуірі (Ү-Х ғасырлар);Орта түркі дәуірі немесе негізгі түркі тайпаларының қалыптасуы мен даму дәуірі (Х-ХҮ ғасырлар); Жаңа түркі дәуірі немесе түркі халықтарының қалыптасуы мен даму дәуірі (ХҮ-ХХ ғасырлар); Ең жаңа дәуір немесе түркі тілдерінің Қазан тіңкерілісінен кейінгі даму дәуірі[2,148б]. Түркі тайпалары Орта Азия мен Қазақстан, Еділ-Дон аралығы мен Кавказ тауларының етектерінде қаншама көшіп-қонып жүрсе де, олардың ту тіккен жері – Сібір өлкесі болатын. «Түрік» сөзі де осы Сібірде қоланылған.«Түрк» деген сөз «күшті», «мықты», «берік» деген мағына білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет