Байланысты: Түркі тілдерінің таралу ареалы Буршакбаева Лаура,Қалшенгел Балнур,Нарынхан Венера ,Мереке Ерасыл ,Оңалбаев Ринат. 106-топ (1)
2.2 Қазақ тіл мен түркітектес тілдердің әлемдегі паремиологиялық көрінісі Түркі әлемінің бірлестігін насихаттап, бір тамырдан тараған туыс халықтардың тілінің, дінінің, рухани табиғатының, мәдениеті мен өнерінің ортақтығын, тұтастығын сездіріп, қайта қауыштыру – түркі өркениетінің кең қарышты дамуының көрінісі. Түркі халықтарының мың жылдық ортақ тарихы бар. Тарихи тамыры ғасырлар қойнауынан басталған түбі бір туыс түрік халықтарының ұлттық-рухани мәдениетінің арасында үздіксіз сабақтастықтың бар екендігі де рас. Түркі халықтарының бірлігін дәлелдеп, оларды бір-біріне жақындастыратын ең негізгі құрал – сөйлеу тілі.Түркітану ғылымында паремиология саласы қарастыратын мақал - мәтелдер – тілдің де, әдебиеттің де, философияның да, заңның да зерттеу нысаны болып келе жатқаны белгілі. Түркі халықтарының жадында ұзақ сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа сұрыпталып, мирас ретінде сақталып келе жатқан асыл қазынасының бірі – мақал- мәтел. Түркі тілдерінің паремиологиялық қорында дүниежүзінің төрт бұрышына тегіс тараған түркі халықтарының тарихы, тұрмысы, мәдениеті көрініс табады.Академик І Кеңесбаев: “Қазақ тілі –халық тілі бола бастағаннан бері келе жатқан мақалдар өте көп. Мақалдардың саны жағынан да, сапасы – көркемдік, әдемілік, тапқырлық, мағыналық жақтан тигізіп дәл айтушылық жағынан да қазақ ешкімнен кем емес” – дей келіп, мақал-мәтелде ұғымнан гөрі кесек ой басым жататындығын атап көрсетті[6,189].Тіліміздегі мақал-мәтелдер – түркі өркениетін сипаттайтын, тұрмысы мен тіршілігінен, мәдениетінен ақпарат беретін құнды ескерткіш. Түркі халықтарының рухани байлығы – мақал-мәтелдер арқылы түркі мәдениеті мен болмысын, ұлттық тағылымы мен тұрмыс-тіршілігін, адамзат өмірінің өткені мен бүгінін айқындауға болатындығы сөз етіледі.Түркі тілдерінің ортақ мәдени мұраларының бірі – Қорқыт атадан қалған “Китаби Коркут” атты шығармасы. Түркі әлеміне кең танымал осы еңбектегі көптеген мақал-мәтелдер тілдік коммуникацияда кеңінен қолданылады. “Қорқыт ата кітабы” иран, араб тілдеріне де аударылған. Қорқыт VIII ғасырда жасаған мәшһүр ақын, асқан күйші, ойшыл, данышпан адам болған. Қорқытқа байланысты аңыз- әңгімелер, жырлар «Қорқыт атаның кітабы» деген шығармада толық берілген. «Китаби Коркуттан» бірнеше мысалдар келтірейік: Ескі мамық бөз болмас, Кәрі (ескі) дұшпан дос болмас; Шыққан жан кері келмес, Өлген адам тірілмес; Баба (ата) малынан не пайда, Баста дәулет болмаса, Мал иесіне ұқсамаса арам өледі және т.б. Осылайша Қорқыттың біраз өсиет сөздері «Сөз атасы» жинағына кірген», – дейді[7,19]. Бұл тұста Махмұд Қашқаридың еңбектерінде ұмытпаған жөн. Махмұд Қашқаридың “Диуани лұғат ит-түрк” сөздігін статистикалық әдіс арқылы зерттеуде сөздіктегі 80-ге жуық мақал-мҽтелдің қазақ тілінде де, түрік тілінде де қатар қолданылатындығы анықталды. Укуч сәуінч болса, қатығ охсунур. Қуанышы кӛп болса, ақырында аһ ұрар. “Çok sevinen, pek pişman olur”. ТТ: Çok gülen çok ağlar. ҚТ : Көп күлген, көп жылар. Кӛздән йыраса, кӛңулдән йәмә йырар. ҚТ. Көзден алыстаса, көңілден де алыстар. ТТ. Gözden ırak olan gönülden de ırak olur. Әрдәм башы – тіл. Әдептің басы – тіл. Faziletin başı dildir. ТТ. Baş dille tartılır. ҚТ. Өнер алды – қызыл тіл. От тутунсуз болмас, Иігіт йазуқсуз болмас. От түтінсіз болмас, жігіт жазықсыз болмас (ДЛТ). ТТ. Ateş dumansız olmaz, genç kişi günahsız olmaz. ҚТ. Кісі қатесіз, от түтінсіз болмас. Берілген мысалдағы мақалдар екі тілде қазіргі кезеңде де күнделікті тұрмыста жиі қолданылады.Ойымызды қорытындылай келгенде, түркі тілдеріндегі мақал-мәтелдер бүкіл бір халықтың рухани қазынасын бойына жинақтап сақтайтын, ұлттық рухтың табы сіңген рухани дүние. Сондай-ақ осы мақал-мәтелдер арқылы дүниежүзі халықтары біздің мәдениетімізді және түсінігімізді тани алады. Түркі халықтарының рухани құндылығы саналатын мақал-мәтелдер ұрпақтан-ұрпаққа мәңгілік мирас ретінде жасай беретіні ақиқат.