Тапсырмалар мен жаттығулар: 1.Шолпан теріден жасалатын заттарды тігумен айналысатын кішігірім шеберхананың иесі. Шолпанмен бірге шеберханада Мақпал мен Айман жұмыс істейді. Ай сайын Шолпан оларға 30 мың теңге төлейді. Жұмыс орнын жалға алғаны үшін Шолпан жылына 20 мың теңге төлейді. Одан басқа, Шолпан 40 мың теңгеге арнайы жабдықтар сатып алды. Егер ол өзінің ақшалай қаржысын қолданудың басқа бір жолын тапқанда, Шолпан 80 мың теңге жылдық табыс алатын еді. Шолпан өз бизнесін ұйымдастырғанға дейін өзіне пайдалы, айлық жалақысы 30 мың теңге жұмыстан бас тартты. Егер жоғарыда аталған шығындардан басқа, Шолпан әртүрлі салықтар төлесе, ол салықтар Шолпанның жалпы жылдық шығындарының жуық шамамен алғанда 40%-ін құраса, онда Шолпанның экономикалық және бухгалтерлік шығындарының көлемі қандай болады?
2. 20 бірлік өнімнің жалпы шығыны -100 долл., ал 21-ші өнім – 106 долл. Табу керек шекті шығынды 21-ші өнімнің?
3.Кестені толтырыңыз.
5.Фирма қысқа толқынды пештерді шығаруға 500 мың.теңге салуға шешім қабылдады.Өндірістің өзі жылына 200 мың.теңге екен. Нарықтағы сараптама көрсетті, фирма айына қысқа толқынды пештерді 225 мың.теңгеге сата алатынын. Бұл өндіріс фирмаға пайдалы ма?
1. Тұрақты және өзгермелі шығындар жиынтығы шығынның қай түрін береді:
А) нақты шығындарды;
B) тұрақты шығындарды;
C) жиынтық шығындарды;
D) нақты емес шығындарды;
E) өзгермелі шығындарды.
2. Пайданың бұл түрі фирманың жалпы түсімінен барлық шығындарды (сыртқы және ішкі) алып тастағанда туындайды:
А) орташа тұрақты пайда;
B) экономикалық пайда;
C) альтернативті пайда;
D) қалыпты пайда;
E) бухгалтерлік пайда.
3. Фирманың шикізат, қондырғы, көлік, энергияны сырттан сатып алуға жұмсаған шығындары, демек кәсіпорын құрамына кірмейтін жабдықтаушылардан сатып алулары:
А) нақты шығындар;
B) тұрақты шығындар;
C) альтернативті шығындар;
D) инвестициялық шығындар;
E) орташа тұрақты шығындар.
4. Пайданың бұл түрі фирманың жалпы түсімінен барлық шығындарды (сыртқы және ішкі) алып тастағанда туындайды:
А) орташа тұрақты пайда;
B) экономикалық пайда;
C) альтернативті пайда;
D) қалыпты пайда;
E) бухгалтерлік пайда.
5. Шығынның бұл түрі жиынтық шығындардың өндірілген өнім көлеміне қатынасымен анықталады ТС/Q:
А) орташа нақты шығындар;
B) орташа тұрақты шығындар;
C) орташа альтернативті шығындар;
D) орташа жиынтық шығындар;
E) орташа өзгермелі шығындар.
6. Өндіріс көлемінен тәуелді болатын шығындар, оларға шикізат, материал және еңбек ақыға шығындар жатады:
А) нақты шығындар;
B) тұрақты шығындар;
C) альтернативті шығындар;
D) нақты емес шығындар;
E) өзгермелі шығындар.
7. Тұрақты және өзгермелі шығындар жиынтығы шығынның қай түрін береді:
А) нақты шығындарды;
B) тұрақты шығындарды;
C) жиынтық шығындарды;
D) нақты емес шығындарды;
E) өзгермелі шығындарды.
8. Әр қосымша өнім бірлігін өндіру үшін қажет шығындар:
А) шекті шығындар;
B) тұрақты шығындар;
C) альтернативті шығындар;
D) нақты емес шығындар;
E) орташа тұрақты шығындар.
9. Өндіріс көлемінен тәуелсіз болатын шығындар; оларға амортизация, рента және т.б. жатады:
А) бухгалтерлік пайда;
B) экономикалық пайда;
C) альтернативті пайда;
D) қалыпты пайда;
E) орташа тұрақты пайда.
10. Пайданың бұл түрі фирманың жалпы түсімінен сыртқы шығындарды алып тастағанда туындайды:
А) орташа тұрақты пайда;
B) экономикалық пайда;
C) альтернативті пайда;
D) қалыпты пайда;
E) бухгалтерлік пайда.