СӨЖ арналған бақылау жұмысы Жалпы, орташа және шекті шығындар, олардың арасындағы өзара байланыс. Масштаб эффектісі.
Қысқа және ұзақ мерзімдік кезеңдегі өндіріс шығындары, олардың арасындағы өзара байланыс.
9- ТАҚЫРЫП. ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ТАБЫСТАРДЫ БӨЛУ Талқылайтын сұрақтар Пайда кәсіпкердің табысы және фирманың қызмет етуінің басты нәтижесі ретінде.
Еңбекақы мәнін түсінудегі экономистер көзқарастарының эволюциясы.
Пайыз капиталға табыс түрінде, пайыздық мөлшерлеме.
Экономикалық рента жер, оның қойнауына табыс нысаны ретінде және рента түрлері. I және II дифференциалдық рента, абсолюттік рента. Арендалық төлем. Жер бағасы.
Тапсырмалар мен жаттығулар:
1. Еңбек ақы бір жылда 5%. Салықтар 3% өсті. Бағаның өсуіне байланысты бірінші қажетті заттарға шығындар 10% көтерілді. Нақты еңбек ақы қалай өзгерді?
2. Егер жердің иесі жыл сайын 60 мың теңге жер рентасын алып отырса, ал банктер салушыларға 10% жылдық төлесе. Жер учаскесінің бағасы қандай болады?
3. Жердің меншік иесі аренда берілген учаскеде 8мың теңге алады. Учаскеде құны 50 мың теңге, 10 жыл қызмет көрсету уақытымен ауыл-шаруашылық құрылыстары бар. Банктің жыл сайынғы % норма-5%. Жер рентасының шамасын анықтаңыздар.
СДЖ арналған тапсырмалар
Салық – бұл:
А) мемлекеттік жәрдем;
В) қайырымдылық шығындар;
С) айып пұл санкциясы;
Д) міндетті төлем;
Е) әлеуметтік көмектер.
Дифференциалды рента 1-ді кім иемденеді және неге?
А) жер иесі;
В) жалгер;
С) мемлекеттік және жергілікті үкімет органы;
Д) жергілікті үкімет органы;
Е) мемлекет.
Қай рента капиталмен және еңбек тиімділігіне байланысты?
А) абсолюттік рента;
В) дифференциалдық рента 2;
С) дифференциалдық рента 1;
Д) пайда;
Е) монополиялық рента.
4. Дифференциалды рентаның пайда болу себебі:
А) жердің шектілігі;
В) жердің орналасуы және әртүрлі құндылықтың болуы;
С) шаруашылықтың объектісі ретінде жерге монополия;
Д) жерге деген меншік монополиясы;
Е) абсолютті рента.
5. Екінші дифференциалдық рента?
А) жердің нарыққа жағын болуымен байланысты пайда;
В) капиталдың үстеме салымын қажет етеді;
С) егіншілікті экстенсивті жүргізу әдісін тілейді;
Д) барлық жерлерден алынатын пайда;
Е) жердің сапасының әр түрлі болатынымен байланысты пайда.
6. Фирма инвестициялық жоба туралы шешім қабылдау кезінде нені есепке алу қажет:
А) Номиналды пайыз мөлшерлемесін.
В) Нақты пайыз мөлшерлемесін. С) Күтілетін пайда нормасын.
D) Тәуекелді. Е) Номиналды және нақты пайыз мөлшерлемесін.
7. Істелінген уақытына байланысты берілетін төлемақы: А) Нақты жалақы. В) Номиналды жалақы. С) Прогрессивті жалақы.
D) Келісімді жалақы. Е) Мерзімді жалақы.
8. Атаулы пайыз мөлшерлемесі дегеніміз не?
А) Инфляцияның жылдық қарқынын есепке алатын пайыздық мөлшерлеме.
В) Инфляцияның өткен жылдық қарқынын есепке алатын пайыз.
С) Ағымдағы нарықтық пайыз мөлшерлемесі.
D) Өткен жылғы нарықтық пайыз мөлшерлемесі.
Е) Тұрақты тағайындалған пайыздық мөлшерлеме.
9. Пайыз мөлшерлемесі өскен кезде индивид қандай жағдайға бейімделеді?
А) Ағымдағы тұтынуды азайтады. В) Ағымдағы тұтынуды ұлғайтады. С) Бағалы қағаздарға көбірек инвестициялайды. D) Адам капиталына көбірек инвестициялайды. Е) Сақтық қорларын төмендетеді.
10. Адам капиталы дегеніміз – ол:
А) Тауар мен қызмет өндірісіне салынған ақша. В) Жалақы, рента, пайыз, пайда.
С) Бағалы қағаздан түсетін пайда. D) Адамның бойында қалыптасқан интеллектуалдық құндылықтар мен қасиеттер. Е) Жиналған байлық.