Тапсырмалар мен жаттығулар: Егер бастапқы капитал -8млн. Амортизация нормасы-18%, эксплуатацияда болды- 4 жыл, капиталдық жөндеу-1,8 млн, модернизациялауға – 2 млн. Табу керек қалған құнының?
Станок құны -20мың$. Эксплуатация мерзімі -10жыл. Табу керек жыл сайынғы амортизациялық жинақты және амортизациялық нормасын?
А) Фирма – бұл нарыққа бір немесе бірнеше тауарлар мен қызметтер ұсыну арқылы оның меншік иелеріне пайда әкелу мақсатында мекеменің біртұтас басқаруындағы ұйым.
В) Фирма – бұл қызметінің барлық жақтарын қамтамасыз ететін келісімдерді жасау үшін барлық құқықтарға ие болатын ұжымдық сипаттағы шаруашылық бірлік.
С) Фирма – бұл тауарлар мен қызметтерді ары қарай сату мақсатында оны өндіру бойынша өндірістік процестерді жүзеге асыратын ұйымдық экономикалық қызмет.
D) Фирма – бұл нарыққа жаңа тауар шығарумен айналысатын ұйым.
Е) Фирма – бұл кешенді маркетинг арқылы нарықта тауарлар мен қызметтерді өткізумен айналысатын ұйым.
Бизнесті ұйымдастырудың негізгі формаларын көрсетіңіз:
A) Нарық, өндіріс. B) Фабрика, зауыт, кәсіпорын.
C) Жеке иемдену, серіктестік, корпорация. D) Бәсекелестік, биржа.
E) Монополия және монопсония.
Пайда табу мақсатында өзінің жауапкершілігіне және тәуекелділігіне жұмыс істейтін нарық қатынастарының өзіндік субъектісі деп кімді айтады?
А) Кредиторды. В) Делдалшыны. С) Менеджерді.
D) Кәсіпкерді. Е) Жалданған жұмысшыны.
Мыналардың қайсысы негізгі капиталдың құрамына кіреді?
А) Машиналар мен құрал-жабдықтар. В) Дайын өнім. С) Жалақы.
D) Жанар-жағар май. Е) Шикізаттар мен материалдар.
Негізгі капиталдың моральдік тозуы немен анықталады?
А) Машиналар мен жабдықтардың қолданылу ұзақтылығымен.
В) ҒТП-нің жоғарғы қарқынымен.
С) Атмосфералық жағдайлардың әсер етуімен.
D) Өндірістік технологияның ерекшеліктерімен.
Е) Материалдардың өзінде орын алатын ішкі процесстермен.
Қандай капиталға негізгі және айнымалы болып бөліну қасиеті тән?
А) Ақшалай. В) Тауарлық. С) Өндірістік. D) Өндірістік емес.
Е) Тұрақты.
Кәсіпкерліктің табысты түрде жүзеге асырылуына әсер ететін факторлар:
А) Мемлекеттік заңдылықтарды сақтау.
В) Кәсіпкердің жауапкершілігі мен белсенділігі.
С) Қажетті бастапқы капиталдың болуы.
D) Кәсіпкердің тәуекелге бара алу қабілеті мен мүмкіндігі.
Е) Осы аталған факторлардың барлығы әсер етеді.
Акционерлік қоғамның бас органы не деп аталады?
А) Директорлар кеңесi.
В) Өкiлеттiлер жиналысы.
С) Акционерлердiң жалпы жиналысы.
D) Айрықша акция ұстаушылардың жиналысы.
Е) Қарапайым акция ұстаушылардың кеңесi.
Фирма қызметінің негізгі элементтеріне не жатпайды?
А) Басқарушылық қызметі. В) Маркетингтік қызметі.
С) Сыртқы әсерлерді реттеу әрекеттері. D) Бағаларды реттеу.
Е) Пайда табу.
Р. Кантильон экономикалық ғылымға қандай жаңалық енгізген?
А) «Экономикалық игіліктер» терминін алғаш қолданған.
В) «Кәсіпкерлік» терминін алғаш ұсынған.
С) «Бизнес» деген ұғымды енгізген.
D) Оның экономикалық ғылымға ешкандай қатысы болмаған.
Е) Кәсіпкерліктің түрлерін дамытқан.