Білім беру бағдарламасы (шифр атауы)



бет5/33
Дата10.03.2023
өлшемі232,84 Kb.
#73290
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Á³ë³ì áåðó áà?äàðëàìàñû (øèôð àòàóû)

Анықтама үшін сөздер; материалдық игілік, ақыл – ой, еңбек нәтижесі, рухани, физикалық, адамның өмір сүру жағдайы, жинақталған білім, адамның дамуы.
4. 1.2-сызбадағы бос орындарды толтырыңыз, келесі түсініктерді қолдана отырып:
а) жұмыс күші;
б) жұмыс құралы;
в) кәсіпорынның негізгі қорлары (капиталы);
г) кәсіпкерлік.


СДЖ арналған тапсырмалар


1. Ұлғаймалы ұдайы өндірісті қалай анықтауға болады:
А) өндіріс үдерісінің тұрақты қайталануы және жаңаруы;
В) өндіріс үдерісінің өзгермеген ауқымда қайталануы;
С) өндіріске ұлғаймалы көлемде жұмыс ресурстарын тарту;
Д) өндірістің өскелең ауқымда қайталануы;
Е) өндіріс үрдісі.
2. Жай өндіріс-бұл:
А) өндірілген өнімді сату;
В) өндірістің дамуы;
С) өндірістік емес сфераның дамуы;
Д) өндіріс процесінің тұрақты қайталануы;
Е) ауыл шаруашылығының дамуы.
3. Игіліктер мен қызметтер жасау үшін басқа барлық ресурстарды реттеу және байланыстыруға бағытталған адам капиталының ерекше түрі:
А) капитал;
В) еңбек ресурстары;
С) кәсіпкерлік қабілеті;
Д) табиғи ресурстар;
Е) информациялық ресурстар.
4. Бөлу қатынастарын не сипаттамайды?
А) қосымша өнімді бөлу;
В) өндіріс құралдары мен жұмыс күшін бөлу;
С) ұдайы өндіріс кезендері;
Д) өндіру және тұтыну кезендері;
Е) қажетті өнімді бөлу.
5. Тұтыну фазасы үшін не мінезді?
А) жұмыс күшін объектілер бойынша бөлу;
В) игіліктер мен қызметтерді тікелей тұтыну;
С) өндіріс факторларын біріктіру;
Д) еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын бөлу;
Е) қызметтерді өндіру.
6. Қоғамдық-экономикалық формация деген не ?
А) өндірушілерді өндіріс құралдарымен қосу әдісі;
В) экономикалық қатынастар жүйесі;
С) қоғам дамуының белгілі даму сатысына сипатты экономикалық тәртіп;
Д)өндірігіш күштер мен өндірістік қатынастардың тұтастығы мен өзара әсері;
Е) өндіріс әдісі мен оның қоғамдық-саяси құрылымының қосындысы.
7. Өндіріс-бұл:
А) материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру процесі;
В) заттардың үлкен жинағы;
С) жеке қажеттілікті қанағаттандыру;
Д) қоғам байлығы;
Е) адамның іс-әрекеті.
8. Ұдайы өндірістің экстенсивті түрін не сипаттайды?
А) еңбек өнімділігі мен технологияның өзгермеген жағдайында қосымша еңбек пен табиғат ресурстарын және өндіріс құралдарын тарту;
В) кәсіпорындарды қайта құру;
С) өндіріс пен өнімді жаңарту негізінде даму;
Д) технологияны өзгерту;
Е) өндірістік құрылымды өзгерту.
9. Өндірілген өнім көлемі қолданған факторлардың сапасын өзгертпей, олардың тек санын ұлғайту арқылы өсіру экономикалық өсудің қай үлгісін сипаттайды?
А) жәй ұдайы өндірісті;
В) экстенсивті үлгісін;
С) интенсивті үлгісін;
Д) “0”-дік өсуді;
Е) ұдайы өндірісті.
10. Ұдайы өндірісті қалай түсінуге болады:
А) өнеркәсіп процестерін жаңарту, тұрақты қайталау;
В) экономикалық процестердің заңнамалық дамуы;
С) өндірістік циклдердің тұрақты ауысымдары;
Д) еңбек құралдары өндірістерін тұрақты қайталау;
Е) өндірістердің прогрессивті әдістерін қолдану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет