1. Жылдық есептеудегі ЖҰӨ-нің өзгеру қарқыны жоғары-бұл:
A) эмбарго;
B) икемділік;
C) экономикалық өсу;
D) алыптасарлық;
E) сактанушылық.
2. Экономикалық өсудің неғұрлым мәнді себебі:
A) қолданылатын капитал көлемінің өсуі;
B) жұмыс уақыты көлемінің өсуі;
C) жұмыс күші квалификациясының өсуі;
D) жұмысшылар санының өсуі;
E) өндірістегі технологиялық өзгеріс.
3. Экономикалық өсуді төмендегідей түрде көрсетуге болады:
A) өндіріс мүмкіндік қисығының бойындағы нүктелердің жылжуымен;
B) өндіріс мүмкіндік қисығының бойындағы бір нүктеден екінші нүктеге жылжуымен;
C) өндіріс мүмкіндік қисығының оңға жылжуымен;
D) өндіріс мүмкіндік қисығынан тыс нүктелердің жылжуымен;
E) өндіріс мүмкіндік қисығының солға жылжуымен.
4. Экономикалық өсудің интенсивті факторына не жатады?
A) істелінген жұмыс уақытының өсуі;
B) өнім бірлігін өндіру уақытының өсуі;
C) өндірісте ҒТП жетістіктерін қолданбау;
D) өндіргіш күштерді дамыту;
E) өндірістік қуаттың сапалы жетілдірілуі, өнім бірлігін өндіру уақытының азаюы.
5. Экономикалық өсу – бұл:
A) өтпелі дәуір кезеңіндегі шаруашылықтардың белсенділік деңгейіндегі қайта құрылуы;
B) ЖҚӨ-нің бір қалпында болуы;
C) ЖҚӨ-ді халықтық жеке басына шаққандағы нақты көлемінің кемуі;
D) мемлекеттің өндірістік саладағы техника мен технологияның жетілдіру нәтижесінде ұлғаюы;
E) мемлекеттік өндіріс саласындағы қайта құру кезеңі.
6. Экономикалық циклдің сыртқы факторлары – бұлар:
А) Тұтыну. В) Инвестициялау. С) Соғыстар. D) Үкімет шаралары.
Е) Инфляция.
7. Қысқа мерзімді экономикалық циклдер кімнің атымен аталады?
А) П. Самуэльсонның. В) С. Кузнецтің. С) Дж. Китчиннің.
D) Н. Кондратьевтің. Е) К. Маркстің.
8. Мыналардың қайсысы экономикалық өсудің жағымды жақтарына жатпайды?
А) Әлеуметтік көмектерді арттыру.
В) Адамның табиғатқа белсенді түрде араласуы.
С) Адамдардың мәдени деңгейін арттыру.
D) Адамдардың тұлға ретінде даму мүмкіндіктіктерін өсіру.
Е) Тұтыну стандарттарын арттыру.
9. Экономикалық циклдің өрлеу немесе шың фазасында экономикада не байқалады?
А) Бағалардың едәуір өсуі. В) Жалақының артуы. С) Фрикциондық жұмыссыздықтың мардымсыз орын алуы. D) Жинақтау көлемінің артуы. Е) Осы аталғандардың барлығы.
10. Экономикалық өсу дегеніміз – бұл:
A) Құлдырау алдындағы өндіріс деңгейінің өсуі.
B) Бір экономикалық циклдің басынан екінші экономикалық циклдің басына дейінгі кезең.
C) Ұлттық өнімнің сандық және көлемдік жағынан ұлғаюы.
D) Ұлттық өнімнің сандық ұлғаюы және сапалық жетілдірілуі.
E) Берілген жылдағы инвестиция өсімінің алдыңғы жылғы ұлттық табыс өсіміне сандық қатынасын көрсететін жағдай.