7. ОҚЫТУ НӘТИЖЕСІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
№
Оқу нәтижесі
Оқу нәтижесіне қол жеткізуді бағалау әдістері 1
Білім
мен
түсінгенін
қолдану
Фонетика саласының және емленің зерттелуі мен дамуы, қалыптасуын,
дыбыс, әріп, фонема, дыбыстың сипаттамасын, дыбыстар тіркесімі,
орфография, олардың ерекшелігін айқындай біледі; фонетикаға негізделген
және қалыптасқан теориялық білімін жинақтап, терминдерді ажырата біледі.
Фонетика ғылымының ӛзекті мәселесін, алған білімін практикада қолдана
біледі, фонетикалық талдау жасай алады, теориялық еңбектерге сүйене
отырып, ӛзіндік пікір айта біледі; дыбыс алмасуын фонетикалық тұрғыдан
талдауға машықтанып, нақты жағдаятта қолданады.
2
Пікір
айтуды
қалыптастыру
Дыбыс жүйесіне қатысты ережені, қағиданы қалыптастырады, сингармонизм
заңына, дыбыс алмасуына, орфоэпия мен орфографияның аражігіне
байланысты пікір білдіріп, ұсыныс айта алады.
Фонетикадағы орфографиялық қағидат сипатын, емле және тыныс белгілері
ережесін дыбыстау (айту), жазу негізінде жүзеге асыру мүмкіндігі
қалыптасады. Курстан алған білімін фонетикалық, морфологиялық,
синтаксистік талдауда оқу үдерісінде пайдалана алады.
3
Оқу
дағдысы
немесе
оқуға
деген
қабілеттілік
Сингармонизм заңының негізін меңгеріп, дыбыс пен жазудың аражігін
ажыратуға машықтанады, қазақ тілі орфоэпиясы мен орфографиясының
негізгі ережесін үйренеді, транскрипцияны меңгеріп, сӛйлемді дұрыс
дыбыстауға және сауатты жазуға үйренеді, ойын айқын, дәл жеткізе алады.
8. ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ - ақпаратты беру кӛзі бойынша: сӛздік әдіс (дәріс, пікірталас, оқу ақпарат кӛзімен жұмыс),
кӛрнекілік әдіс (сурет және сызбамен жұмыс, бейнеролик қарау), практикалық әдіс (кейсті,
тапсырманы орындау, міндетті шешу, практикалық жұмыс жүргізу және т. б.);
- білім алушылардың танымдық қызметінің сипаты бойынша: ақпараттық-рецептивтік әдіс
(оқытушы білім алушыларға ақпаратты берген кезде); репродуктивті (білім алушы берілген үлгі
бойынша іс-әрекетті орындайды); проблемалық баяндау әдісі (оқытушы проблеманы тұжырымдайды
және оны шешу үшін логикалық қадамды кӛрсетеді); эвристикалық (оқытушы проблеманы жеке
міндетке бӛледі, ал білім алушылар оны шешеді); зерттеу әдісі (білім алушылар қойылған мәселені
шешу жолын іздейді); жобалау әдісі (білім алушылар нақты жобаны әзірлейді); тӛңкерілген оқыту
әдісі (білім алушылар теориялық тақырыпты ӛз бетінше меңгереді, оны оқытушының қатысуымен