Интерпретация концептісі бойынша тапсырмалар үлгілері
Түпдеректер немесе қосалқы деректердердегі дәлелдерге сүйене отырып, өткен замандағы біреудің көзқарасы тұрғысынан хат жазыңыз, күнделікке жазба жасаңыз, постер салыңыз және т.б.
|
мысал
|
Белгілі бір оқиғаға бір-біріне қарама-қарсы немесе екі түрлі көзқарастарды ұсынатын жазбаша дереккөздерді (немесе суреттер, кескіндеме және т.б.) салыстырыңыз. Олардың айырмашылықтарын түсіндіріңіз.
|
мысал
|
Тарихи контекст туралы дәлелдер мен түсініктерді қолдана отырып, адамдар неге басқаша әрекет етті (немесе солай ойлады, басқаша емес) деген сұрақтарға жауап беріңіз, тіпті өткен заманда адамдардың әрекеттері иррационалды, түсініксіз немесе басқаша болып көрінсе де, біз олардың орнында не істер едік немесе ойлаушы едік?
|
мысал
|
Интерпретация концептісі бойынша тапсырмалардың 2-3 үлгі нұсқасын ұсыныңыз.
5-тапсырма:
1,4 топтар маңыздылық концептісі бойынша сұрақтарды қолдана отырып Зар заман өкілдерінің құндылықтары мен қызметінің маңыздылығын анықтаңыз.
Маңыздылық концептісі бойынша сұрақтар мысалдары:
|
Бұл оқиға, құбылыс, тарихи процесс немесе жеке тұлға тарихи маңызды ма? Ия болса, неліктен?
Тарихшылар бұл оқиғаның, құбылыстың, жеке тұлғаның тарихи процесінің маңызы туралы не айтады? Олардың тарихи дәлелдері бар ма?
Оқиғаның, құбылыстың, процестің және тұлғаның тарихи маңыздылығын қандай факторлар анықтайды?
Оқиғаның тарихи маңыздылығын анықтауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі қандай?
Маңызды болу үшін оқиға драмалық болуы керек пе? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Бұл оқиғаның ұзақ мерзімді салдары болды ма? Бүгін ол оқиғаның салдары әлі де көрініп тұр ма?
Бұл оқиға бұрын-соңды таңқаларлық немесе ерекше нәрсені ашады ма?
Бұл оқиғаны, құбылысты, процесті немесе жеке тұлғаны топтар, ұйымдар немесе үкімет ресми түрде маңызды деп таныды ма? Оқиғаның, құбылыстың, процестің немесе жеке тұлғаның тарихи маңыздылығын танудың әртүрлі формаларын сипаттаңыз (мысалы, мүсіндер, көше атаулары, тақталар, ерекше күндер, мұражайлар және т.б.). Сіз танудың бұл түрлерін құнды деп санайсыз ба? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Сіздің ойыңызша, бұл оқиға, құбылыс, процесс, жеке тұлға ресми түрде тарихи маңызы бар деп танылуы керек пе? Неліктен иә немесе неге жоқ?
|
|
2,3 топтар - Интерпретация концептісі бойынша сұрақтарды пайдалана отырып, Алаш қозғалысы қайраткерлерінің саяси көзқарастарын түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |