Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



бет11/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82
Саралап оқыту мақсаттары
Саралап оқытудың мақсаттары әртүрлі:
1) әрбір оқушы үшін күрделі және қызықты тапсырмалар әзірлеу;
2) маңызды тақырыптар мен түсініктерге, процестер мен дағдыларға, сондай-ақ білімді көрсетудің көптеген тәсілдеріне негізделген оқу қызметін әзірлеу;
3) мазмұнға, оқытуға және өнімдерге икемді тәсілдерді қамтамасыз ету;
4) оқушылардың дайындық деңгейін, оқу қажеттіліктерін, оқудағы қызығушылықтары мен қалауларын ескеру;
5) оқушылардың әртүрлі оқыту форматтарында жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
6) әрбір білім алушыға арналған стандарттар мен оқу жоспарының талаптарына сәйкес болу;
7) оқушылардың қажеттіліктеріне бағдарланған мұғалім басқаратын сыныптарды қалыптастыру [27].


Саралап оқыту тәсілдері
Саралап оқытуға ықпал ететін үш сұрақ:
1) Оқушылардың нені үйренгенін қалайсыз?
2) Әрбір оқушы мұны қалай жақсы меңгере алады?
3) Әрбір оқушы өзінің білетінін қалай барынша тиімді көрсете алады?[24]
Осы сұрақтарға жауап бергеннен кейін Кэрол Энн Томлинсонның теориясына сәйкес [26] педагогтің саралап оқытуына мүмкіндік беретін төрт тәсіл: (2-кесте)


2-кесте. Саралап оқыту стратегиялары



Оқу ортасы. Мақсаты – оқушыларды өз қабілеттерін барынша тиімді пайдалануға, өзіне жауапкершілік алуға, қауіпсіз және оңтайлы ортада білімі мен дағдыларын қалыптастыруға ынталандыратын оқу ортасын қалыптастыру, ол мыналарды қамтиды:
- оқушыға бағдарлану – мұғалімнің басымдықтарына емес, оқушының мүддесіне, қызығушығы мен идеяларына назар аудару;
- оқушының дербестігін қолдау – оқушының бастамаларына қолдау көрсету және төзімділік;
- ашықтық – жаңа тұлғаларға, материалдарға, идеяларға және заттарға ашықтық, сонымен қатар академиялық емес және пәнаралық байланыстарды орнатуға мүмкіндік;
- қабылдау – басқа адамдардың идеялары мен пікірлерін қабылдай білуге және бағалай білуге ынталандыру;
- кешенді сипаты – алуан түрлі ресурстарды, құралдар мен идеяларды, әдістер мен тапсырмаларды қамтиды;
- жоғары ұтымдылықтоптар мен оқу орындары, сыныптар мен мектептер шеңберіндегі және одан тыс жердегі іс-әрекеттерді қолдау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет