Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Сыныптағы психологиялық ахуал



бет8/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82
Сыныптағы психологиялық ахуал

Сыныптағы ахуал – бұл сыныптың психологиялық ерекшеліктерін қамтитын көп компонентті стратегия. Кейде «сыныптағы ахуал» түсінігін белгілеу үшін келесі терминдер де қолданылады: қоршаған орта/сынып кеңістігі; сыныптағы психологиялық ахуал; сыныпта қалыптасқан жағдай; сыныптағы атмосфера; «сынып экологиясы» т.б.


Басқаша айтқанда, біз контекст пен оқытуды уәждеудің ең маңызды құрамдас бөлігімен айналысамыз.
Сыныптағы психологиялық ахуалдың негізгі қағидасы – оқу мен дамуға қолайлы психологиялық жағдай жасау. Бұл жерде біз үш негізгі факторға назар аударуымыз керек:
• Қарым-қатынас: қолдау мен өзаракөмектің дәрежесі.
• Жеке даму: жеке даму мен өзін-өзі жетілдірудің деңгейі.
• Жүйені белгілі бір күйде ұстау: сабақтағы тәртіп; мұғалімдердің өз қызметінің мақсаттарын түсіну дәрежесі; тұрақты бақылау және өзгерістерге дайын болу.


Сыныпта сенімділік тудыратын қауіпсіз эмоционалды ортаны құру

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар сәтсіздікке байланысты эмоцияларды жиі сезінеді. Көбінесе олар айналасындағылардың қабылдамауына және тіпті дұшпандығына тап болады. Нәтижесінде көптеген адамдар қоршаған ортаға сенбеуді үйренді және олардың арасында өмір сүре алатынына сенбейді. Мұғалімдер мұндай оқушыларда өзін-өзі бағалауының төмендігі, депрессияға бейімділік, үрей мен қорқыныш, ашушаңдық және т.б. жағымсыз қасиеттердің қалыптасу қаупі бар екенін түсінуі керек. Осының бәрі өз кезегінде оқу үлгеріміне кері әсер етеді. Сіз бұл тұйықталған шеңберді бұза аласыз, егер:


• оқушылардың эмоцияларын/уайымдарын және олардың оқу мотивациясына қалай әсер ететінін түсінетін болсаңыз;
• жағымды эмоцияларды арттыратын және жағымсыз эмоцияларды сөндіретін орта құрсаңыз;
• оқушылардың күнделікті мектепке әртүрлі көңіл-күймен, эмоциямен келетінін және эмоциялардың оларға кедергі келтіретінін түсінетін болсаңыз;
• оқыту процесінде жағымды эмоцияларды қолдануға тырыссаңыз;
• ;
• тұрақтылық; қайталану мүмкіндігі; қауіпсіздік; жылу; эмпатия; қолдау; сенімділік; ынтымақтастық сезімі; әділдік пен тыныштық сияқты сипаттамаларға жауап беретін орта құрсаңыз;
• барлық оқушыларға, оқудағы мүмкін болатын қиындықтарына қарамастан, олардың бүкіл сыныпқа қажет екенін, жеке тұлға ретінде толық қабылданғанын, кім екенін ұғындырсаңыз;
• оқушыларды сөзсіз қабылдайтын, тұлғалық тұрғыдан басынбай, құрмет пен жылылық танытатын, қажет болған жағдайда жанашырлық көрсететін шынайы қарым-қатынастарды дамытсаңыз;
• оқушыларға қолдау көрсетсеңіз, олардың қажет екенін және өздерін өзгелердің күтетінін түсінуіне ​​мүмкіндік берсеңіз: «мұғалім мені мектепте күтуде», «мен ауырғанды ​​ұнатпаймын, өйткені мен ауырсам, мектепке бара алмаймын»;
• әрбір оқушыға сыныпта маңызды рөл беріп, «оқушылар қауымдастығын» құрсаңыз;
• стрессті жеңілдету және оқуды қызықты ету үшін тиісті жағдайларда әзіл-оспақ қолдансаңыз [19].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет