Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ



бет6/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ


Инклюзивті мектеп және мәдениет



Инклюзивті білім беру баланы емес, жүйені өзгертуді көздейді.

Ол барлық баланың әртүрлі екенін және мектептер мен білім беру жүйесі барлық оқушылардың жеке қажеттіліктеріне бейімделуі керек екенін мойындайды... инклюзив... барлығын бірдей етуге ұмтылу ... дегенді білдірмейді.


Оның түйінді құрамдас бөлігі – икемділік, яғни балалардың әртүрлі жылдамдықта оқитынын және мұғалімдердің оқыту үдерісін икемді етуі үшін нақты дағдылардың қажет екенін мойындайтын икемділік болып табылады.
Көп жағдайда балаларға жақсы, түсінікті, қолжетімді оқыту қажет. Ал бұл, өз кезегінде, баланың жеке қажеттіліктеріне, қабілетіне және даму ерекшеліктеріне сәйкес келетін әртүрлі әдістерді қолдануды көздейді.

(«Барлығына арналған мектептер. Арнайы қажеттілігі бар балаларды білім берумен қамту». «Балаларды құтқарыңдар» фонды Лондон, 2002 ж.)



Инклюзивті мектеп – бұл, ең алдымен, білім беру қызметінің әлеуметтік нәтижелері жүйесіне бағытталған білім беру ұйымы. Инклюзивті білім берудің негізгі мақсаты – оқушыларды, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі оқушыларды әлеуметтендіру және бейімдеу. Мұндай мектептің әлеуметтік тиімділігінің негізі оқушылардың тұлғалық тиімділігі болып табылады. Жеке тиімділік деп, біз адамның өз-өзімен және қоршаған әлеммен өзара әрекеттесу сапасын түсінеміз, басқаша айтқанда, адамның басқалармен келісімге келіп, ынтымақтастық қарым-қатынас құруды, сонымен бірге өзін жайлы және сенімді сезіне отырып, мақсаттарға жетуді қаншалықты жақсы білетіндігі деп түсінеміз [16]. Жеке тиімділікті дамыту үдерісі көбінесе баланың жеке ерекшеліктерімен, оның физикалық жай-күйімен, психикалық процестер кешенімен, оның санасы мен бейсаналық күйлері мен қасиеттерімен анықталады [17], яғни оның субъективтілігіне байланысты.


Инклюзивті мектеп білім беру қажеттіліктері мен жеке ерекшеліктері бойынша, оның ішінде оқу іс-әрекетіне қатысты, ерікті күш-жігерді жобалау, жоспарлау және жұмылдыру қабілеттеріне қатысты да бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленетін оқушыларды қамтиды, сәйкесінше, білім алушылардың субъективтілік деңгейі де әр түрлі болады. Білім беру үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін, оның ішінде педагогикалық өзара әрекеттестік ерекшеліктерін айқындайтын оқушының субъективтілігінің көрсеткіштеріне мыналар жатады:

  • оқу әрекетіне өзіндік (жағымды) қатынасының қалыптасуы;

  • оқу әрекетін жүзеге асырудың жеке (дербес) стилі;

  • оқу мақсаттарына жету үшін интеллектуалды және ерік-жігерін жұмылдыра білуі;

  • оқу қызметін жобалау, жоспарлау және болжамдау қабілеті;

  • ішкі жағымды уәжінің негізінде өзінің танымдық белсенділігін арттыру қабілеті;

  • педагогпен өнімді өзара әрекеттестікке дайындығы;

  • құрдастарымен өнімді өзара әрекеттестікке дайындығы;

  • өзінің іс-әрекеті мен тәртібіне деген жауапкершілігін сезінуі [18].

Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі білім беру мекемесіне инклюзивті оқыту енгізілгенде, үш маңызды көрсеткіш: инклюзивті саясат, инклюзивті тәжірибе және инклюзивті мәдениет өзара үйлесетіндігін көрсетіп отыр [19].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет