1-тапсырма. Ойыншықтар зауытында текшелер жинағы шығарылады. Жинақ қызыл, жасыл, көк және сары түсті 10 текшеден тұрады. Егер бір текшенің қыры 10 см екені белгілі болса, жинақтағы әр түске қанша пластмасса қажет?
2-тапсырма.Тұтынушы дұрыс алтыбұрышты призма формасында аквариум жасатқысы келді. Егер аквариум табанының қабырғасы 0,5 м, ал биіктігі 1,2 м болса, осындай аквариум әзірлеуге қанша шаршы метр шыны қажет болады?
3-тапсырма.Суреттегі суға арналған бактың ішін және сыртын сырлау қажет. Бактың формасы – биіктігі 1,5 м болатын тік призма. Бактың табаны катеттері сәйкесінше 0,6 м және 0,8 м болатын тікбұрышты үшбұрыш . Дүкенде 1 кг және 2,5 кг-дық банкілерде бояулар бар. Бакты сырлауға 1 шаршы метрге 0,2 кг бояу қажет екені белгілі болса, салмағы қандай және қанша банкі бояу сатып алу қажет?
1
1
4-тапсырма. Зауытта тік призма тәрізді сыйлыққа арналған қораптар шығарылады. Қораптың табаны - диагональдары 24 см және 10 см болатын ромб. Призманың толық бетінің ауданы 760 шаршы см. Осы қораптың биіктігі қандай болады?
5-тапсырма.Картоп сақтауға арналған биіктігі 0,7 м болатын тік призма пішінде қақпағы бар қорап әзірлеу қажет. Призманың табаны – табандары 0,4 м және 0,6 м, бүйір қабырғасы 0,5 м болатын тең бүйірлі трапеция. Қорап әзірлеуге қанша фанера қажет? Жауабын бүтін санға дейін дөңгелектеңіз.
6-тапсырма.Пирамиданың табаны доғал бұрышты (120о) тең бүйірлі үшбұрыш. Пирамиданың биіктігі 16 см, бүйір қырлары биіктігімен 45о бұрыш жасайды. Пирамида табанының ауданын табыңыз.
7-тапсырма.DABC пирамидасының табаны гипотенузасы ВС=10 см тікбұрышты үшбұрыш. Пирамиданың бүйір қырлары өзара тең, ал биіктігі 12 см. Пирамиданың бүйір қырларын табыңыз.