Білім беру бағдарламасы тыңдаушының


ПЛАНИМЕТРИЯ ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУ



бет25/37
Дата25.01.2023
өлшемі7,27 Mb.
#62822
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37
Байланысты:
ЖұмысДәптері1 Математика

ПЛАНИМЕТРИЯ ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУ
Планиметрия есептерін шығаруда математикалық білім, білік-дағдыларды қалыптастыру. Геометриядағы практикалық есептер
1-тапсырма. Үшбұрыш түріндегі ауланың барлық үш бұрышын бірдей жарықтандыру үшін прожекторды қай жерге орналастыру керек?




2-тапсырма. Кесілген мата қиындысы шаршы пішінді екеніне көз жеткізу үшін тігінші оны диагоналінің бойымен бүктеп, екі жағын бір-бірімен беттестіріп көрді. Осылай тексеру жеткілікті ме?






3-тапсырма. Бірдей өлшемді стақандарды барлығы өзара жанасатындай бір-біріне тигізіп қойылған. Барлық стақандардың саны қанша











4-тапсырма. Шиенің жұмсақ бөлігінің көлемі оның сүйегінің көлемінен неше есе артық? Жұмсақ бөлігінің қалыңдығын сүйектің қалыңдығына тең деп есептейміз.








5-тапсырма. Қандай жұмыртқаны сатып алған тиімді: 100 теңгеден ұзындығы 60 мм жұмыртқаны ма, әлде 75 теңгеден 55 мм-лік жұмыртқаны ма?






6-тапсырма. Қаңылтыр ұсталары мен ағаш шеберлері шеңбердің ұзындығын анықтау үшін көбіне мынадай техниканы қолданады: олар берілген шеңбердің 6 радиусына тең ұзындықты алып, оған осы шеңберге іштей сызылған шаршының қабырғасы қиятын кіші сегменттің биіктігін қосады. Осы тәсіл нәтижесінің дәлдігін бағалаңыздар.






7-тапсырма. Біреу қалыңдығы шаштың жуандығындай (0,1 мм) секундтық бөліктері бар транспортир жасағысы келеді. Мұндай транспортирдың радиусы қандай болу керек?








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет