Білім беру бағдарламасы тыңдаушының


Кеңістік фигураларының бүйір беті мен толық бетінің ауданын табу есептерін шығару



бет31/37
Дата25.01.2023
өлшемі7,27 Mb.
#62822
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37
Байланысты:
ЖұмысДәптері1 Математика

Кеңістік фигураларының бүйір беті мен толық бетінің ауданын табу есептерін шығару








1-тапсырма. Ойыншықтар зауытында текшелер жинағы шығарылады. Жинақ қызыл, жасыл, көк және сары түсті 10 текшеден тұрады. Егер бір текшенің қыры 10 см екені белгілі болса, жинақтағы әр түске қанша пластмасса қажет?
2-тапсырма. Тұтынушы дұрыс алтыбұрышты призма формасында аквариум жасатқысы келді. Егер аквариум табанының қабырғасы 0,5 м, ал биіктігі 1,2 м болса, осындай аквариум әзірлеуге қанша шаршы метр шыны қажет болады?




3-тапсырма. Суреттегі суға арналған бактың ішін және сыртын сырлау қажет. Бактың формасы – биіктігі 1,5 м болатын тік призма. Бактың табаны катеттері сәйкесінше 0,6 м және 0,8 м болатын тікбұрышты үшбұрыш . Дүкенде 1 кг және 2,5 кг-дық банкілерде бояулар бар. Бакты сырлауға 1 шаршы метрге 0,2 кг бояу қажет екені белгілі болса, салмағы қандай және қанша банкі бояу сатып алу қажет?

1




1






4-тапсырма. Зауытта тік призма тәрізді сыйлыққа арналған қораптар шығарылады. Қораптың табаны - диагональдары 24 см және 10 см болатын ромб. Призманың толық бетінің ауданы 760 шаршы см. Осы қораптың биіктігі қандай болады?









5-тапсырма. Картоп сақтауға арналған биіктігі 0,7 м болатын тік призма пішінде қақпағы бар қорап әзірлеу қажет. Призманың табаны – табандары 0,4 м және 0,6 м, бүйір қабырғасы 0,5 м болатын тең бүйірлі трапеция. Қорап әзірлеуге қанша фанера қажет? Жауабын бүтін санға дейін дөңгелектеңіз.






6-тапсырма. Пирамиданың табаны доғал бұрышты (120о) тең бүйірлі үшбұрыш. Пирамиданың биіктігі 16 см, бүйір қырлары биіктігімен 45о бұрыш жасайды. Пирамида табанының ауданын табыңыз.






7-тапсырма. DABC пирамидасының табаны гипотенузасы ВС=10 см тікбұрышты үшбұрыш. Пирамиданың бүйір қырлары өзара тең, ал биіктігі 12 см. Пирамиданың бүйір қырларын табыңыз.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет