8-тапсырма. Т, Н, М нүктелері арқылы өтетін жазықтық қимасын салыңыз (М ∈ АВ).
9-тапсырма. Е, F, K нүктелері арқылы өтетін жазықтық қимасын салыңыз.
10-тапсырма. К, М, Р нүктелері арқылы өтетін жазықтық қимасын салыңыз, Р ∈ АВС
11-тапсырма. F, K, L нүктелері арқылы өтетін жазықтық қимасын салыңыз.
Айналу денелерінің элементтері мен көлемін табуға арналған есептерді шығару
1-тапсырма. Цилиндрдің өсіне параллель жазықтық оның табанында 120о доғаны қияды. Цилиндрдің биіктігі h , цилиндрдің өсі мен қима жақықтығының арасындағы қашықтық d. Қиманың ауданын табыңыз
2-тапсырма. Цилиндрдің жасаушысы арқылы екі қима өтеді, олардың біреуі өстік қима. Кіші қиманың ауданы 40 см2 - ге тең. Қима жазықтықтарының арасындағы бұрыш 30о. Екінші қиманың ауданын табыңыз.
3-тапсырма. 12 см-ге тең конустың жасаушысы оның табанымен 60о бұрыш жасайды. Конустың табанының ауданын табыңыз.
4-тапсырма. Конустың биіктігі 10 см. Конустың төбесі және табанында 60 о доғаны керетін хорда арқылы өтетін қима конустың табанымен 60о бұрыш жасайды. Қиманың ауданын табыңыз.
5-тапсырма. Қиық конустың табандарының радиусы 5 см және 11 см, ал жасаушысы 10 см.
а) қиық конустың биіктігін
б) осьтік қиманың ауданын табыңыз.
6-тапсырма. Дұрыс төртбұрышты пирамидаға іштей көлемі 32/3 шар сызылған. Пирамиданың биіктігі 6 см. Пирамиданың көлемін табыңыз.
7-тапсырма. Көлемі шарға іштей дұрыс төртбұрышты пирамида сызылған. Пирамиданың бүйір қыры , биіктігі шардың радиусынан артық. Пирамиданың көлемін табыңыз.
8-тапсырма. Конусқа іштей сызылған сфера бетінің ауданы 100. Сфераның конуспен жанасатын шеңберінің ұзындығы 6. Конус табанының радиусын табыңыз.