Білім беру бағдарламасы: В10122 «Стоматология» Курс: Құрастырушы: ассоциир профессор Евневич А. М. Аударған: ассистент профессор Кантемиров М. Р



бет3/6
Дата07.01.2022
өлшемі119,08 Kb.
#20378
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Жумыстың мақсаты: Бақаны қимылсыздандырып және жүйке-бұлшықет препаратын дайындауды үйрену.

Жұмыска қажетті құрал - жабдықтар: бақа, операциялық ағаш үстелшесі, салфеткалар, препараттық құралдар жиынтығы (ұзындығы 12 см үшкір тік қайшылар, өткір ұштары бар кіші препараттық қайшылар, үлкен анатомиялық пинцет, жіңішке ұштары бар препараттық пинцет, инелер, жұқа зонд), мақта, 0,65% ас тұзының ерітіндісі, эфир, шыны қалпағы бар ыдыс, Петри ыдысы, бекітуге арналған түйреуіштер.

Жұмыс барысы:

Орталық жүйке жүйесінің бұзылуымен бақаны қозғалтпай қою.

А. Бақаны дәке салфеткасымен орайды, алдыңғы аяқтары денеге қысып қойылады, ал басы бос қалады. Бақаның аузына бранша қайшының өткір емес жағың енгізеді. Жылдам, бір қозғалыспен бас миы бар жоғарғы жағын кесіп, жұлынды қалдырыды, содан кейін жұқа зондты немесе инені омыртқа арасына енгізіп жұлынды бұзады.

Б. Жоғарыда көрсетілгендей, бақаны салфеткаға орап, сол қолға алып, оны көрсеткі саусақпен басын қысады. Бұл кезде басы мен омыртқасы бұрыш құрайды. Каудальді бағытта бастың орташа сызығы бойынша зондпен жүргізеді. Зонд шүйделік сүйек бойымен шұңқыршаға өтеді, бүл атланттық-окципиталды мембранасына сай келеді. Бұл жерде зондпен тері мен мембрананы тесіп, оны жұлын арнасына енгізеді. Зондті жоғарыға бурып бассүйекке өтіп, бас миды жойямыз. Зондты алып шығармай, оны омыртқа арнасында бұрап жұлынды жояды. Бұл әдісте қанның жоғалтуі аз.
Бақаның жүйке-бұлшықет препаратын дайындау.

Жүйке-бұлшықет препаратын дайындау кезеңдері.

1. Бақаны қимылсыздандырмау.

2. Кеуде куысын ашып, ішкі дене мүшелерін алып тастау.

3. Омыртқа жотасын бел аймағында кесіп, бақа денесінің жоғарғы бөлігін алып тастау.

4. Артқы аяқтарынаң терісін алып тастау.

5. Сегізқөз бөлігің кесу.

6. Омыртқасың ұзыныңаң екіге бөлү.

7. Шонданай жүйкесің тізе бөлігіне дейің ашу.

8. Жамбас сүйегін төменгі үштен бір бөлігің кесу.

9. Балтыр бұлшықетің шонданай жүйкесі мен тізе буынымен қоса препараттау.

Бақаның ұлпалары физиологиялық ерітіндімен суланса, ұзақ уақыт бойы өзінің қызметтіқ қасиеттерін сақтайды.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет