[3,60 бет] Эвольвента қасиеттері: Қырлардың (тістердің) жанасу нүктелерінің геометриялық орны ілініс сызығы деп аталады. Эвольвенттік іліністе ілінісу сызығы болып негізгі шеңберлерге жанама NN түзуі табылады, себебі эвольвенттер тек осы түзуде жанасады. Осыда эвольвентті ілінісудің бір қасиеті қорытындылады. Бастапқы шеңберлерге ортақ жанамадан ілініс сызығының Р нүктесіндегі ауытқу бұрышы α бекітілу бұрышы деп аталады. Қалыпты тісті ілінісу үшін бұл бұрыш α = 200 тең. Бастапқы шеңбер тісті биіктігі бойынша екі бөлікке бөледі: тіс басына h' биіктігімен және тіс табаны h" биіктігімен. Тіс екі қыр иеленеді: сол (ab) және оң (cd), эвольвентті қисықтар бойынша сызылған. Бастапқы шеңбер бойынша өлшенген екі көршілес тістердің біратаулы нүктелері арасындағы қашықтық тісті дөңгелектің қадамы деп аталады. Қадам t екі бөліктен тұрады: тіс қалыңдығы s' және тістер арасындағы ойыстың ені s", сондай-ақ бастапқы шеңбер бойынша өлшенеді (4.2-сурет). t = s' + s" . Тісті дөңгелектің әрбір тісі бүкіл жолда іліністе тұрмайды, тек белгілі-бір аймақта, яғни белгілі-бір нүктеде ол ілініске кіреді, ал біреуінде одан шығады. Тістердің бірінші жанасу (ілініс) нүктесі, жетектегі дөңгелек басы шеңберінің ілініс сызығымен қиылысу нүктесі а болады. Іліністің соңғы нүктесі, жетекші дөңгелек басы шеңберінің ілінісу сызығымен қиылысу нүктесі b болады. Бекітілу доғасының қадамға қатынасы жабу коэффициенті ε деп аталады.
Бұл қатынас бірден үлкен болуы қажет. Практикада ε ≥ 1,1 деп алынады. Жабу коэффициенті іліністің бәсеңділігін мінездейді, ол бір уақытта іліністе тұрған тістер жұбының орташа санын көрсетеді. Жабу коэффициенті үлкен болған сайын, тісті ілініс бәсең, жай жұмыс жасайды. Жабу коэффициентін анықтау кезінде мына формуланы қолданған тиімді.