Қорытынды...............................................................................................................................33 Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................................................34 Кіріспе
Машиналар және механизмдер теориясы – машина және механизмдер қасиеттерін зерттеудің жалпылама әдістерін қарастыра отырып, оларды жобалау туралы ғылым. Қазіргі заман талаптарына сәйкес техниканың дамуын көрсететін салалардың бірі – машина жасау саласы. Машина жасау, ауыр өнеркәсіп салаларының комплексі, еңбек құрал – жабдықтарын дайындайды. Машина жасаудың басты міндеті – өнеркәсіп барлық салаларын, ауыл шаруашылығымен ғылымды жоғары сапалы және жоғары өнімді механизмдермен, машиналармен, станоктармен және приборлармен қамтамасыз ету. Иінтіректі механизмдер техниканың әртүрлі облыстарында кең қолданылады. Олар әртүрлі технологиялық машиналар, көтергіш және көліктік құрылғылар, манипуляторлар және өнеркәсіптік жұмыстар жасауда қолданылады. Әртүрлі приборларда, машиналарда, автоматтарда және автоматты жүйелерде қолданылатын механизмдерді жетілдіруде және жаңа машиналармен механизмдердің жобасын жасауда механизмдер теориясы ерекше орын алады. Машиналармен механизмдерінің теориясы механиканың жалпы принциптерімен заңдарына сүйене отырып, қазір де бар механизмдерді зерттейді және жаңа ерекше механизмдер жүйесін жасау әдістерін қарастырады. Бұл ғылым механизмдердің структурасын(құрылымын), геометриясын, кинематикалық және динамикалық параметрлерін зерттейді. Машиналар механизмдерінің теориясында абстракциялау әдісі ерекше үлкен роль атқарады. Мәселен механизмдер анализі(талдауы) және синтезінде оның кинематикалық схемасы ғана қарастырылады. Механизмдердің схемасында олардың кинематикалық ерекшеліктері ғана белгіленіп, буындардың конструкциялық пішімдері еске алынбайды, ал ясчж.ячмеханизмдердің қатаң буындары абсолют қатты дене есебінде қарастырылады. Механизмнің талдауы – механизмнің құрылымдық, кинематикалық және динамикалық қасиеттерін зерттей отырып, олардың іс жүзінде қажеттілігін, артықшылықтары мен кемшіліктері және тиімділігін анықтау. Осы арқылы қолданыстағы механизмдерді талдай отырып, оларды жетілдіруге және жаңа механизмдер жасауға қол жеткізуге болады. Машина және механизмдер теориясы жалпы білім пәндері мен профильді пәндерінің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар келесідей пәндердің негізі болып табылады: машина бөлшектері, көтеру – тасымалдау машиналары, автоматты жобалау жүйесі және арнайы машиналарды жобалау. Механизмдер мен машиналари теориясы – машина және механизмдер қасиеттерін зерттеудің жалпылама әдістерін қарастыра отырып, оларды жобалау туралы ғылым. Қазіргі заман талаптарына сәйкес техниканың дамуын көрсететін салалардың бірі – машина жасау саласы. Машина жасау саласының жетістіктеріне байланысты мемлекеттің қандай дәрежеде дамығанын бағалауға болады.
Машина жасау саласының алға басуы жаңа жоғарғы өнімділікті және сенімді машиналарды жасаумен анықталады. Бұл маңызды міндетті шешудің негізі ретінде болашақ маманның көптеген пәндерден алған білімдерін тиімді пайдалана білуінде. Солардың арасында машина мен механизмдер теориясының алатын орны ерекше. Ол кинематикалық және динамикалық механизмдер құрылымының қатынасын анализбен және синтезбен анықтайды. Машина жасаудың басты міндеті – өнеркәсіп барлық салалаларын, ауыл шаруашылығымен ғылымды жоғары сапалы және жоғары өнімді механизмдермен, машиналармен, станоктармен және приборлармен қамтамасыз ету. Иінтіректі механизмдер техникасының әртүрлі облыстарында кең қолданылады. Олар әртүрлі технологиялық машиналар, көтергіш және көліктік құрылғылар, манипуляторлар және өнеркәсіптік жұмыстар жасауда қолданылады.
Кривошипті шатунды механизмнің кинематикалық анализі (Айналшақты-тиекті механизм) (1 жеке тапсырма 20 нуска) Қарапайым төрт буынды жазық механизм тек қана бір қозғалмайтын және үш қозғалатын буыннан тұрады. 1 буын (АО)-айналшақ (кривошип) –тірекпен айналмалы кинематикалық жұп арқылы байланысқан болып келеді және толық айналыс жасайтын буын. 2 буын-шатун-тірекпен кинематикалық жұп арқылы байланыспайтын және күрделі қозғалыс жасап отыратын буын. 3 буын-тиек (сырғанақ) тірекпен ілгерілемелі кинематикалық жұп арқылы байланысқан және түзу сызықты ілгері-кейінді қозғалыстар жасайтын буын болып келеді. 4 буын-тірек (топса) мүлдем қозғалмайды.
1 -сызба
Жоғарыда көрсетілген механизмнің: 1.С және S нүктелерінің траекторияларын тұргызу 2.Айналшақ ( АО) бір рет айналғанда В нүктесінің орын ауыстыру диаграммасын тұрғызу 3.φ=60о болғанда А,В,С, және S нүктелерінің сызықтық абсолют жылдамдықтарымен үдеулерін табу 4.Бұрыштық жылдамдық ω2 және бұрыштық үдеу ε2 табу 5.Дәл осы сәтте В (нүктесі) үдемелі немесе кемімелі қозғалама? 1.1. Механизм жоспарын тұрғызу тәртібі Есептеу масштабы деп – берілген нақты шаманың (Н) осы нақты шаманың шартты түрде сызбада кескіндейтін кесіндісіне (К) қатынасын айтады және µ (мю) әрпімен белгілейді.
Кесте 1 Қарапайым механизмнің параметрлері
Нақты өлшем
Масштабты өлшем
[АВ]= [АС]= [ВS]= [е]= АО радиусымен сызылған шеңбер А-нүктесінің траекториясы болып табылады.