Білім беру бағдарламасы: В11200 Өндірістегі тіршілік қауіпсіздігі Жұмыстың белгілеуі: 9844062 51. 522 22. 000 Тж



бет9/13
Дата23.06.2023
өлшемі230,88 Kb.
#103204
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
[3,44 бет]
Жұдырықшалы механизмді жобалай отырып, конструктор талай мәселені дәйекті шешеді: механизмнің түрімен жетектемелі буының қозғалыс заңын талдайды, механизмнің бас буындары негізгі өлшемдері мен жұдырықшаның жұмыс профилін анықтайды.


Жұдырықша профилінің жобасы қозғалысты теріс айналдыру әдісіне негізделген. Барлық механизмге жұдырықшаның бұрыштық жылдамдығының шамасына тең және оның бағытына теріс бағытылған бұрыштық жылдамдық беріледі, сонда жұдырықша тоқтайды,ал итергіш (немесе күйенте) жұдырықшаның нақты қозғалыс бағытына теріс қарай айналады, және оның шамасына тең бұрыштық жылдамдық беріледі.
Теріс айналдырылған қозғалыста итергіш (немесе күйенте) бірнеше дәйекті орындарды алады,ал роликтің ортасы жұдырықшаның теориялық профилін сызып береді. Жұдырықшаның тәжиребелік профилі теориялық профиліне қисығына қарағанда өзі эквидистанттық (тең қашықтықта тұру) болып келеді.
Жұдырықша өсі итергіш өсімен сәйкес бір түзу бойында орналасса, оларды центрлік деп,ал егер бір түзу бойында жатпаса центрден тыс (эксцентриситет) деп атайды.
Роликпен жабдықталған итергіші бар ең кіші өлшемді ілгерілі-кейінді қозғалыс жасайтын жұдырықшалы механизмді жобалау үшін келесі берілгендері қажет :
а) итергіш үдеуінің өзгеру заңдылығы а=f (φ) диаграмма түрінде берілген
б) фазалық бұрыштар, град, немесе сәйкес келетін уақыт , с:
φқаш- қашықтау фазасы →tқаш - қашықтау уақыты;
φж.т –жоғарыда тұру фазасы →tж.т жоғарыда тұру уақыты;
φк.қ – кері қайту фазасы →tк.қ- кері қайту уақыты;
φт.т – төменде тұру фазасы →tт.т – төменде тұру уақыты;
в) δmax – ең үлкен қысым бұрышы , град;
г) hmax – итергіштің ең үлкен жылжу шамасы , мм;
д) е – итергіш өсінен жұдырықшаның айналу центріне қатысты ауытқу мөлшері , мм;
е) rрол –ролик радиусы, мм;
ж) жұдырықшаның айналу бағыты (сағат тілінің бағытымен немесе қарсы).
Есепті жеңілдету үшін айналу жиілігі тұрақты қабылданады (n=const).
Жұдырықшалы механизмдер жетекші және жетектегі буындардың жанасу сипатына қарай:

Итергіш түрлері
а) сүйір ұшты жетектегі буыны бар механизмдер
б) роликпен жабдықталған жетектегі буыны бар механизмдер
в)сфера пішінді жетектегі буыны бар механизмдер
г) жазық жетектегі буыны бар механизмдер



  • Берілген мәліметтер бойынша ең алдымен итергіш үдеуінің өзгеру заңдылығы а =f (φ) диаграммасын тұрғызамыз.

  • Осы диаграмманы графикалық интегралдау әдісімен итергіш жылдамдығының диаграммасын аламыз V=f (φ).

  • Жылдамдық диаграммасына графикалық интегралдау қолдансақ итергіштің орын ауыстыру диаграммасын аламыз S=f (φ).


3.2 Итергіш үдеуінің өзгеру заңдылығы α =f (φ) диаграммасын тұрғызу тәртібі
Нұсқадағы берілген мәндері итергіштің үдеуінің өзгеру графигі тұрғызылады a=f (φ) (3.5-сурет, а).
Ескерту.Егер жұдырықшаның бұрылу бұрыштары итергіштің қашықтау және кері қайту бұрыштарымен өзара тең емес болған жағдайда (φқаш φк.қ) , a=f (φ) диаграмманың екі учасканың ең үлкен ординаталарын УҚАШ.MAX және УК.Қ.МАХ, φқаш мен φк.қ


ОХ осінің ұзындығына өлшеп салынатын масштабымен жұдырықшаның бұрылыс бұрышы ,яғни таңбаларының соңғы санымен аяқталуы керек.

ОХ осінің бойына көбінде жұдырықшаның толық бір айналымына сәйкес келетін кесінді емес ,жұдырықшаның жұмыс фазасы салынады 𝜑ж=𝜑каш+𝜑ж.т+𝜑к.к , ал𝜑т.т бұрышында үдеу, жылдамдық, орын ауыстыруы нөльге тең. Мұндай үдеу графигінің ОХ осінің бойына салыну мәні азаяды ,соған байланысты барлық сызба кішірейеді.


[гр/мм].
3.3 Графикалық интегралдау әдісімен итергіш жылдамдығының диаграммасын алу тәртібі V=f (φ).
Үдеу диаграммасынан графикалық интегралдау әдісімен итергіш жылдамдығының өзгеру диаграммасы тұрғызылады V=f (φ). (3.5-сурет, б). Ол үшін ОХ осін бирнеше бірдей бөліктерге бөлеміз және сол нүктелер арқылы 1,2,3, ... жіңішке сызықпен ординат осіне параллель етіп түзулер жүргізіледі.Егер үдеуінің қисық сызығы абсцисс осін қиятын болса,мұнда да ауысым нүктелер арқылы ординат осіне параллель сызықтар жүргізіледі. Бұл түзулердің үдеуінің қисық сызығымен киылысу нүктелерін 1′, 2′, 3′, … деп белгілейміз. Полюстік арақашықтықты H1 өз қалауымызша аламыз ,жылдамдық қисығы дәлірек шығу үшін жылдамдық графигінің ординаталары тым үлкен де киші де болмау тиіс.Жылдамдық қисығы келесідей тұрғызылады.Барлық кесінділер 0′–1′, 1′–2′, 2′– 3′, ... ортасынан бөлініп, қисық сызыққа қиылысқанша тік сызық жүргіземіз.Қиылысқан орның сәйкесінше 1″, 2″, 3″, ...деп белгілейміз.Содан кейін бұл нүктелер 1″, 2″, 3″, ...ордината осіне проекцияланады,ал қиылысқан орындарын 1″′, 2″′, 3″′, ... нүктелерімен белгілейміз. Пайда болған нүктелерді сызықпен үдеу графигіндегі полюспен Р1 қосамыз.


3.4 Итергіштің орын ауыстыру диаграммасын тұрғызу тәртібі
Итергіштің орын ауыстыру графигін тұрғызу үшін S=f(φ) итергішінің жылдамдық диаграммасына графикалық интегралдау жүргізу қажет (3.5-сурет, в). Бұл әдіс бірінші диаграммаға жүргізілгендей тұрғызылады.
Полюстік кез-келген арақашықтық H2 алынады. Жылдамдық диаграммасындағы барлық кесінділер 0IV-1IV, 1IV-2IV, 2IV-3IV,ортасынан бөлініп қисық сызыққа дейін созамыз да, қиылысқан жерлерін сәйкесінше 1V, 2V, 3V, ... нүктелерімен белгілейміз.
Содан кейін 1V, 2V, 3V, ... нүктелерді ординат осіне проекциялаймыз да ,пайда болған нүктелерді 1 VI, 2 VI , 3 VI, ... деп белгілейміз және жылдамдық диаграммасындағы сәулемен Р2 полюспен қосамыз.
Үшінші итергіштің орын ауыстыру диаграммадағы О нүктесінен Р21VI сәулесіне параллель сызық жүргізіледі 0-1 мен 1-1 қиылысқан жерінде.Қиылысу нүктесін 1VII деп белгілейміз.

1VII кесіндінің шетінен екінші кесінді Р22VI сәулесіне параллель сызық 1-2мен 2-2 жерімен қиылысқанша жүргізіледі.Қиылысқан жерін 2VII деп белгілейміз.
2VII нүктенің шетінен үшінші кесінді Р23VI сәулесіне параллель кесінді жүргізіледі.Қалған нүктелер дәл сондай әдіспен тұрғызылады.
Соңында сынық қисық пайда болады. Пайда болған нүктелерді қалыпты 1VII, 2VII, 3VII , … қосамыз да итергіштің орын ауыстыру диаграммасын аламыз.
3.5 Итергіш қозғалысы пайда болған диаграммалардың масштабтарын анықтау
Орын ауыстыру диаграммасының масштабын табамыз
μS====0,81
Smax - орын ауыстыру диаграммасынан S=f (φ) өлшеп аламыз
( ең биік нүктесін.) Smax= 43 мм
h max - итергіштің ең үлкен жылжу шамасы = 35мм


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет