Білім беру бағдарламасының атауы «Жалпы медицина» Білім беру бағдарламасының шифры 6В10103



бет2/4
Дата07.09.2022
өлшемі274 Kb.
#38581
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
3- курс ОМ ЖГжЭ

8. Пәннің саясаты:

8.1 Мінез-құлық ережелері
Білім алушы міндетті:
- моральдық, этикалық нормаларды ұстану;
- кестеге сәйкес сабаққа қатысуға, кешікпеуге;
- силлабуста көрсетілген тапсырмалардың барлық түрлерін белгіленген мерзімде орындау;
- университеттің аудиториялық жабдықтарын, жиһаздарын, компьютерлік техникаларын, оқу әдебиеттерін және басқа да мүліктерін ұқыпты пайдалану;
- оқу процесіне белсенді қатысу;
- академиялық адалдық қағидаларын ұстану;
- аурудың себебі бойынша сабаққа алдын ала қатысу мүмкін болмаған жағдайда сабақ басталғанға дейін оқытушы мен деканатқа келмеу себептері туралы ескерту;
- сабаққа алдын-ала дайындалу,
- қауіпсіздік ережелерін сақтау;
- медициналық ЖОО білім алушының дресс-кодын сақтау (медициналық халат, медициналық бас киім, медициналық маска, клиникалық базаға немесе зертханалық , ТО, ОКО қатысқанда –бахилада болу);
- Университеттің корпоративтік мәдениет және этика кодексін сақтау.
Тыйым салынады:
- - сабақтарда оқу мақсаттарынсыз ұялы телефондар мен басқа да техниканы пайдалану;
- Оқытушының рұқсатынсыз аудиторияны қалдырмау.

8.2 Академиялық адалдық
Оқу тапсырмаларын орындау кезінде білім алушы университет сайтында орналасқан Академиялық адалдық Кодексінің ережелерін ұстануға міндетті.
Академиялық адалдық кодексін бұзудың келесі түрлеріне жол берілмейді:

  1. плагиаттың барлық түрлері (Академиялық адалдық кодексінде толығырақ сипатталған);

  2. Көшіру

  3. Құжаттарды бұрмалау

  4. әділетсіз артықшылық алу;

  5. басқа адам болып көрсету / өзіңіздің түріңізді басқа адамға ауыстыру;

  6. әлеуметтік желілерде ақпарат тарату. Университеттің білім алушыларына / ПОҚ / қызметкерлеріне әлеуметтік желілерде жалған мәлімдеме жасау, жала жабу, қорлау, ақпарат тарату.

Тәртіп саясаты, Академиялық адалдық кодексі, корпоративтік этика кодексі бұзылған жағдайда білім алушыға қатысты тәртіптік жазалау шаралары қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет