СӨЖ тапсырмалары
1
|
Физиканы оқыту әдістемесі бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары.
|
Жазбаша түрде.
|
Кестеге сәйкес
|
Кестеге сәйкес
|
2
|
Оқушылардың дүние танымын қалыптастыру.
|
Жазбаша түрде.
|
Кестеге сәйкес
|
Кестеге сәйкес
|
3
|
Мектептің физика курсындағы әлемнің физикалық бейнесі
|
Жазбаша түрде.
|
Кестеге сәйкес
|
Кестеге сәйкес
|
4
|
Физиканы оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары.
|
Жазбаша түрде.
|
Кестеге сәйкес
|
Кестеге сәйкес
|
5
|
Физика сабағының құрылымы
|
Жазбаша түрде.
|
Кестеге сәйкес
|
Кестеге сәйкес
|
6
|
Сабақты талдаудың дәстүрлі тәсілдері
|
Жазбаша түрде.
|
Кестеге сәйкес
|
Кестеге сәйкес
|
7
|
Физиканы оқыту үдерісіндегі физикалық эксперименттің маңызы мен мақсаты
|
Жазбаша түрде.
|
Кестеге сәйкес
|
Кестеге сәйкес
|
8
|
Физиканы оқыту үдерісіндегі физикалық эксперименттің түрлері
|
Жазбаша түрде.
|
Кестеге сәйкес
|
Кестеге сәйкес
|
9
|
Физика есептерін шығарудың тәсілдері мен әдістемесі
|
Жазбаша түрде.
|
Кестеге сәйкес
|
Кестеге сәйкес
|
10
|
Физикалық жұмыстан тыс жұмыстардың классификациясы
|
Жазбаша түрде.
|
Кестеге сәйкес
|
Кестеге сәйкес
|
11
|
Демонстарциялық эксперименттің әдістемесі
|
Жазбаша түрде.
|
Кестеге сәйкес
|
Кестеге сәйкес
|
12
|
Демонстарциялық экспериментке қойылатын талаптар
|
Жазбаша түрде.
|
Кестеге сәйкес
|
Кестеге сәйкес
|
13
|
Виртуалды эксерименттің әдістемесі және оған қойылатын талаптар
|
Жазбаша түрде.
|
Кестеге сәйкес
|
Кестеге сәйкес
|
14
|
Сыныптан тыс тәжірибелер және бақылаулар
|
Жазбаша түрде.
|
Кестеге сәйкес
|
Кестеге сәйкес
|
15
|
Физикадан сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы
|
Жазбаша түрде.
|
Кестеге сәйкес
|
Кестеге сәйкес
|
9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
9.1 Дәрістер
Дәріс №1
Тақырыбы: Кіріспе. Физика пәнін мектепте оқытудың негізгі міндеттері
Сағат саны: 1
Жоспары
1.Физиканы оқыту әдістемесі-педагогикалық ғылым, оның зерттейтін мәселелері мен зерттеу әдістері.
2.Физиканы оқыту әдістемесінің физикамен, философиямен, психологиямен байланысы.
3.Мектеп білім дамуының қазіргі заманғы кезеңіндегі физика әдістемесінің міндеттері.
4.Физика ғылымының негіздерін меңгеру (мемлекеттік бағдарламадарда айтылған білімдерді, дағдыларды және шеберлікті игеру), оқушылардың ойлауын дамыту және дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, политехникалық білім беру.
Дәріс тезисі
Ұзақ уақыт бойы мектепте физиканы оқытудың негізгі мақсаты оқушыларға физиканың негізі бойынша терең де берік білімді қалыптастыру болып келді. Қазіргі кезеңде белгілі бір көлемде оқушыларға физикалық білімді қалыптастыру бары- сында оларды тәрбиелеп, дамыту мақсаттары тұр. Физиканы оқыту мақсаттарының құрамы да кеңейді: оқушыларда физиканың зерттеу әдістері туралы білімді қалыптастыру, физиканы оқыту барысында мамандық таңдауға әзірлеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту деген мақсаттар соңғы кезде енді.
Мектепте физиканы сапалы оқытудың ең бірінші және басты шарт – физика ғылымын мұғалімнің берік меңгеруі, оның зерттеу әдістері мен дамуын тарихын терең түсінуі.
Бекіту сұрақтары
Физиканы оқыту әдістемесі-педагогикалық ғылым, оның зерттейтін мәселелері мен зерттеу әдістері.
Физиканы оқыту әдістемесінің физикамен, философиямен, психологиямен байланысы.
Әдебиет
1. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.
2. Теория и методика обучения физике в школе. Общие вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. – М.: Издательский центр «Академия», 2000 – 384 с.
3. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. - М.: Издательский центр «Академия», 2001 – 386 с.
4. Основы методики преподавания физики. /Ред. А.В. Перышкина В.Г., Разумовского и др. М: Дрофа, 2001.
5. Башарұлы Р., Байжасарова Г., Тоқбергенова У., Қаймулдина Ə. Физика. Əдістемелік нұсқау 11- сынып мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Мектеп, 2007. – 88 б.
Дәріс №2
Тақырыбы: Физикадан оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары
Сағат саны: 1
Жоспары
1. Оқу материалы тақырыптық және сабақтық (календарлық) жоспарлау
2. Физика бойынша өтілетін оқу сабақтарының жүйесі.
Дәріс тезисі
Оқушыларының білімдерін бір жүйеге түсіруде оқу сабақтарының әртүрлі формаларын ұйымдастыру аса қажет. Оқыту – оқу материалының мазмұнын меңгерту және танымдық іс-әрекет әдістерін игерту мақсатында мұғалімнің оқушылармен жұмысы кезіндегі бірлескен әрекет процесі. Оқыту әдістері мен оқу сабақтарының формалары бір-бірі арқылы жүзеге асады. Оқыту әдістері сабақтың мазмұнын баяндау тәсілдеріне байланысты болса, оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары оқушылардың оқу қаракетін ұйымдастыруға тікелей қатысты болып келеді. Оқу сабақтары формасының әртүрлігінің қажеттілігі тәрбиелеу және білім беру міндеттерінің әртүрлігімен сипатталады.
Оқу сабақтарының әртүрлі формаларын ұйымдастыру мәселесімен көптеген ғалымдар шұғылданды. Әдіскер ғалымдардың көзқарастарына, пікірлеріне сүйене отырып, оқу сабақтарын ұйымдастырудың екі түрін бөліп қарастырамыз: а) жалпы формасы; ә) нақты формасы. Оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары 1- суретте көрсетілген.
Оқу сабақтарын ұйымдастырудың жалпы формасына оқу сабақтарының ұжымдық, топтық және жеке формалары топтастырылады. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы, мұғалімнің оқушыларға орындауға беретін тапсырмасына байланысты анықталады, яғни тапсырма: 1) сыныптың барлық оқушыларына; 2) жеке топ оқушыларына; 3) әрбір оқушыға беріледі.
Бекіту сұрақтары
Оқу материалы тақырыптық және сабақтық (календарлық) жоспарлау
Физика бойынша өтілетін оқу сабақтарының жүйесі.
Әдебиет
1. Файзуллаев А. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқулық. – Алматы, Қыздар университеті, 2014. – 338 б.
2. Жүсіпқалиева Ғ.Қ., Джумашева А.А., Құбаева Б.С. Мектепте физика курсын оқытудың теориясы мен əдістемесі: М.Өтемісов атындағы БҚМУ редакциялық баспа орталығы, 2012. – 195 б
3. Г.Б.Алимбекова. Болашақ физика мұғалімінің кəсіби даярлығын ғылыми ұғымдар жүйесін қалыптастыру негізінде жітілдіру. -Алматы, ҚазҰПУ, 2014. – 340 б.
4. Жанабаев əдітемесі, З.Ж., Тынтаева Ш.Б., Жолдасова Х.Б. Физиканы окыту əдітемесі, Алматы, 2002. -119 б.
Дәріс №3
Тақырыбы: Физикадан оқу материалын ауызша баяндаудың ерекшелігі
Сағат саны: 1
Жоспары
1. Әңгіме
2. Әңгімелеу
3. Түсіндіру
4. Баяндау
5. Дәріс
Дәріс тезисі
Оқыту әдістерін сабақта пайдаланудың жалпы әдістемесі педагогика курсыңда түсіндіріледі. Физика сабақтарында көбінесе оку материалын ауызша сөзбен баяндау әдістері қолданылады. Бұл тәсілдерге әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу, лекция және кітаппен жұмыс кіреді.
Әңгімелеу. Бұл мұғалімнің сабақтын логикалық негізін түсіндіру, материалды дәйектілікпен, бейнелі түрде, доилогпен үзбектемей, баяндап беруі, оның қолданылу мақсаты мынадай: оқушыларды өнертабыстардың және физикалық заңдарды ашудың тарихымен, аса көрнекті ғалымдар мен өнертапқыштардың өмірбаянымен таныстыру; ғылым мен техниканың жетістіктерімен және даму перспективаларымен таныстыру.
Дәріс. Лекция әңгімелеумен түсіндірумен салыстырғанда баяндаудың үлкен ғылыми қатаңдығымен және едәуір ұзаққа созылатындығымен сипатталады. Әдетте ол тұтас сабаққа арнап мөлшерленеді.
Әңгімелесу. Мұғалім оқушыларда бар білімдерге, практикалық тәжірибе мен тәжірибелік көрсетулерге сүйеніп, сұрақтардың көмегімен оқушыларды жаңа білімдерді түсінуге және меңгеруге алып келетін оқыту тәсілі. Материалды әңгімелесу тәсілімен баяндау мұғалім мен оқушы арасында диалог түрінде өтеді.
Кітаппен жұмыс. Кітап – білімнің қайнар көзі. Оқушылар физика оқулықтарымен жұмыс істеп, белгілі физикалық білім жүйелерін меңгереді, ғылыми көзқарастарын қалыптастырады, ой-өрісін дамытады, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыланады.
Бекіту сұрақтары
Физикадан оқу материалын баяндау түрлері
Әдебиет
1. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.
2. Теория и методика обучения физике в школе. Общие вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. – М.: Издательский центр «Академия», 2000 – 384 с.
3. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. - М.: Издательский центр «Академия», 2001 – 386 с.
4. Основы методики преподавания физики. /Ред. А.В. Перышкина В.Г., Разумовского и др. М: Дрофа, 2001.
5. Башарұлы Р., Байжасарова Г., Тоқбергенова У., Қаймулдина Ə. Физика. Əдістемелік нұсқау 11- сынып мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Мектеп, 2007. – 88 б.
Дәріс №4
Тақырыбы: Физикалық демонстрациялық эксперимент
Сағат саны: 1
Жоспары
1. Физика бойынша зертханалық сабақтар: фронтальды зертханалық жұмыстар, физикалық практикум, фронтальды тәжірибелер, кластан тыс бақылаулар мен тәжірибелер.
2. Физикалық оқу экспериментінің жүйесі және оқу жабдығы.
3. Физикалық приборларлың жалпы сипаттамасы және классификациясы.
Дәріс тезисі
Арнаулы құралдардың жәрдемімен физикалық процестерді демонстрациялап көрсету және оқушылардың өздерінің істеп, зерттеп, бақылауы физикалық оқу эксперименті деп аталады. Физикалық оқу эксперименті физиканы оқытудағы ең негізгі көрнекі құрал болып табылады. Өйткені оны пайдаланудың нәтижесінде физикалық ұғымдар (жылдамдық, үдеу, өріс, жарық дисперсиясы және т.б.) қалыптастырылады, құбылыстар арасындағы өзара байланыстар (күш пен масса, ток күші мен кедергі, жылудың механикалық эквиваленті) тағайындалады, физикалық заңдар (Ньютон, Ом заңдары және т.б.) тексеріледі.
Ұйымдастыру формасына қарай физикадағы оқу экспериментінің жүйесі мынадай түрлерден құралады (2-сурет):
1) демонстрациялық эксперимент;
2) лабораториялық эксперимент;
3) физикалық практикум;
4) сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін эксперимент;
5) эксперименттік есептер шығару;
6) қолдан физикалық приборлар мен көрнекі құралдар жасау.
Бекіту сұрақтары
Физика бойынша зертханалық сабақтар: фронтальды зертханалық жұмыстар, физикалық практикум, фронтальды тәжірибелер, кластан тыс бақылаулар мен тәжірибелер.
Физикалық оқу экспериментінің жүйесі және оқу жабдығы.
Әдебиет
1. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.
2. Теория и методика обучения физике в школе. Общие вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. – М.: Издательский центр «Академия», 2000 – 384 с.
3. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. - М.: Издательский центр «Академия», 2001 – 386 с.
4. Основы методики преподавания физики. /Ред. А.В. Перышкина В.Г., Разумовского и др. М: Дрофа, 2001.
5. Башарұлы Р., Байжасарова Г., Тоқбергенова У., Қаймулдина Ə. Физика. Əдістемелік нұсқау 11- сынып мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Мектеп, 2007. – 88 б.
Дәріс №5
Тақырыбы: Физика есептерін шығарудың жалпы әдістемесі
Сағат саны: 1
Жоспары
1. Есептердің түрлері. Есептерді шығаруға үйретудің әдістемесі.
2. Оқушылардың оқулықпен,анықтама кітаптармен, физика және техника туралы ғылыми көпшілік әдебиеттермен жұмыс істеуге үйретудің әдістемесі.
3. Есептердің классификациясы. Есептер шығару алгоритмі. Есептеу, сапалық, графиктік, сурет есептер шығару әдістемесі, шығармашылық есептер және олардың түрлері, әр түрлі есептерді құрастыру әдістемесі.
Дәріс тезисі
Есеп шығару физиканы оқыту процесінің ұдайы бөлінбес құрамды бөлігі болып саналады, өйткені ол физика сабақтарының түгелдей барлық түрлері мен кезеңдерінде кездеседі. Есеп шығару, физиканы оқытудың әдістері, тәсілдері, амалдары ретінде әр жақты мағынада қолданылады. Әр сабақтың өзінде де физикалық есептерді шығарудың мынадай маңызы бар: 1) оқушылардың логикалық және физикалық ойлауын дамытады, математикалық амалдар мен түрлендірулерді орындауға жаттықтырады, физикалық заңдар мен эксперименттің сандық және сапалық мағыналарын ашады; 2) физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың тәжірибелік маңызына және өмірмен байланыстылығына көз жеткізеді; 3) мектеп оқушыларын тапқырлыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, еңбек сүигіштікке, қиындықты жеңу төзімділігіне үйретеді; 4) физикалық ұғымдардың, жастардың тәжірибелік ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастырады. 5) оқушылардың алған білімдерінің терендігі мен беріктігін тексереді. 6) сабақта проблемалық ситуация қойып, оны шешуге жәрдемдеседі; 7) физикалық құбылыстар мен заңдарды және теорияларды талдауға, қорытындылауға, олардың арасындағы өзара байланыстарды анықтауға жәрдемдеседі; 8) оқушылардың білімдерін, ебдейліктерін, дағдыларын жүйеге келтіріп, оларды дамытады және тереңдетеді; 9) пән аралық байланысты күшейтуге ықпал жасайды; 10) оқушылардың физикаға деген қызығушылығын арттырады.Сондықтан да физикадан есеп шығару бағдарлама талаптары бойынша міндетті түрде қолданылатын оқыту әдістерінің негіздерінің біріне кіреді.
Бекіту сұрақтары
Есептерді шығаруға үйретудің әдістемесі.
Оқушылардың оқулықпен, анықтама кітаптармен, физика және техника туралы ғылыми көпшілік әдебиеттермен жұмыс істеуге үйретудің әдістемесі.
Есептер шығару алгоритмі.
Әдебиет
1. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.
2. Теория и методика обучения физике в школе. Общие вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. – М.: Издательский центр «Академия», 2000 – 384 с.
3. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. - М.: Издательский центр «Академия», 2001 – 386 с.
4. Основы методики преподавания физики. /Ред. А.В. Перышкина В.Г., Разумовского и др. М: Дрофа, 2001.
5. Башарұлы Р., Байжасарова Г., Тоқбергенова У., Қаймулдина Ə. Физика. Əдістемелік нұсқау 11- сынып мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Мектеп, 2007. – 88 б.
Дәріс №6
Тақырыбы: Тақырыптық бақылау жұмыстарын дайындау, өткізу, бағалау әдістері
Сағат саны: 1
Жоспары
1. Тестік есептерді құрастыру және өткізу, бағалау тәсілдері қарастырылады.
2. Физикадан оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексерудің әдістері (физикалық диктант, тест, бақылау жұмыстары).
3. Оқушылар білімін бағалау, бағаның мағынасы, мәні, міндеті және қызметі, білімді бағалау ережесі(критерийі)
Дәріс тезисі
1. Оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын тексерудің маңызы мен мақсаты
2.Оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын тексерудің түрлері
Оқыту процесінде мұғалім жағынан оқушылардың таным- дық іс-әрекетін мақсатты басқару жүзеге асырылады. Осы про- цестің маңызды звеноларының бірі оқушылардың жетістіктерін тексеру болып табылады. Ол оқушыларда қалыптасқан білімдер мен шеберліктердің деңгейін, олардың Мемлекеттік білім стандарттар талаптарына сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді. Оқу материалын оқушылардың меңгеру сапасын тексергеннен кейін объективті бейнесін алғаннан соң, мұғалім одан арғы оқытуды жоспарлағанда, оқушылардың білімдеріндегі кемістікті уақытылы түзетуге тиісті.
Білімдер мен іскерліктерді тексеру оқушыларда танымдық қабілеттердің: қабылдаудың, назардың, есте сақтаудың, ойлау- дың, сөйлеудің дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, білімдер мен іскерліктерді тексеру белгілі бір тәрбиелік функцияны да орындайды. Ол оқушыларды тәртіпті сақтауға, оларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді, өз жұмысы үшін жауапкершілік сезімін дамытады. Білімді тексеру жеке адамның қиындақтарды жеңудегі табандылықты, ерік пен жігерліктің қалыптасуына ықпал етеді.
Бекіту сұрақтары
Физикадан оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексерудің әдістері.
Оқушылар білімін бағалау, бағаның мағынасы, мәні, міндеті және қызметі, білімді бағалау ережесі(критерийі)
Әдебиет
1. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.
2. Теория и методика обучения физике в школе. Общие вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. – М.: Издательский центр «Академия», 2000 – 384 с.
3. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. - М.: Издательский центр «Академия», 2001 – 386 с.
4. Основы методики преподавания физики. /Ред. А.В. Перышкина В.Г., Разумовского и др. М: Дрофа, 2001.
5. Башарұлы Р., Байжасарова Г., Тоқбергенова У., Қаймулдина Ə. Физика. Əдістемелік нұсқау 11- сынып мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Мектеп, 2007. – 88 б.
Дәріс №7
Тақырыбы: Физика бойынша өтілетін экскурсиялар
Сағат саны: 1
Жоспары
Олардың маңызы мен түрлері, оларды жоспарлау.
Экскурсияларды ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесі.
Дәріс тезисі
Экскурсия – оқушыларды нақтылы заттармен және құбылстармен табиғи күйінде таныстыруды қамтамасыз ететін оқу формасы.
Алдын-ала өткізілетін экскурсиялар – оқушылардың жаңа материалды түсіндірер алдында қажет болатын білімді жинақтауын көздейді. Бұл оқушылардың жаңа тақырыпты қабылдауын жеңілдетеді.
Қорытынды экскурсиялар – физикатақырыбы, немесе тарауынан өткізілетін жұмысты аяқтап, сыныпта өтілетін материал бойынша білімді бекітуді және тереңдетуді көздейтін шара.
Ілеспелі экскурсиялар – өтілген үлкен тақырып бойынша ұзақ процеске енгізіледі, әңгіме үшін тіректік матреиал беретіндей болып, жеке мәселелерге ілестіріліп жүргізіледі, оны сипаттайды. ФИзикалық экскурсияның мәні – бізді қоршаған дүниені танып білу. Егер экскурсияда көрсетулер болмаса, ол экскурсия болудан қалады, ол кәдімгі лекцияға, немесе әңгімеге айналады. Керісінше, түсіндірме берілмеген экскурсия мақсатсыз саяхатқа айналады, оның білім алуға әсері шамалы. Тәрбиелеу мен білім беру формасы іспетті экскурсияға тән ерекшелік – көрсету мен айтып беруді ұштастыру. Бұл екеуінің арақатынасы нақты жағдайға қарай өзгеріп отырады. Ол экскурсияның тақырыбына, оқуышлардың құрамына байланысты. Алайда, қандай жағдайда болмасын көрсету мен айтып беру табиғы бірлікте болуы керек. Яғни экскурсия – көрсету, талдау жасаумен; түсінік, ғылыми анықтама берумен қатар жүргізіледі. Экскурсияға қатысушының көргені, мұғалімнің әңгімесі арқылы оның санасында белгілі бір оқиғаларға, құбылыстарға, фактілерге, процестерге нақты тұжырым жасатады.
Бекіту сұрақтары
Экскурсияның маңызы мен түрлері, оларды жоспарлау.
Экскурсияларды ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесі.
Әдебиет
1. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.
2. Теория и методика обучения физике в школе. Общие вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. – М.: Издательский центр «Академия», 2000 – 384 с.
3. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. - М.: Издательский центр «Академия», 2001 – 386 с.
4. Основы методики преподавания физики. /Ред. А.В. Перышкина В.Г., Разумовского и др. М: Дрофа, 2001.
5. Башарұлы Р., Байжасарова Г., Тоқбергенова У., Қаймулдина Ə. Физика. Əдістемелік нұсқау 11- сынып мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Мектеп, 2007. – 88 б.
Дәріс №8
Тақырыбы: Физика сабақтарында сынып тақтасына салынатын схемалар мен суреттер
Сағат саны: 1
Жоспары
суреттерді
плакаттарды
кестелерді
слайдтарды
бейнефильмдерді және түрлі компьютерлік модельдерді пайдалану
Дәріс тезисі
Физика сабақтарында сынып тақтасына салынатын схемалар. Физикадан ойдағыдай сабақ беру үшін тек қана тәжірибелерді демонстрациялау, тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды орындау ғана қажет емес, сонымен бірге сабақтарда түрлі көрнекі құралдарды қолдану қажет. Көрнекі құралдар оқушыларда қажетті құбылыстардың, машиналар мен құралдардың бейнесін, ойлау белсенділігін тудырады оқып үйренілгендерге зейін қойып ықылас аударға, материалды жақсы меңгеруге атсалысып, оқу процесін жандандырады. Физиканы окып үйрену кезінде көбінесе құбылыстың өзін, осы құбылыстардан туатын әрекеттерді бакылауға тура келеді: кейбір құралдар күрделі болып, ал олардың ішкі бөліктері нашар көрінеді не мүлде көрінбейді, көптеген құбылыстарды және олардың техникалық қолдануларын өз қалпында көрсетуге тіпті де болмайды.Осының бәрі де көрнекі құралдарды пайдалануды қажет етеді. Көрнекі құралдарға көлемдік кұралдар жатады (модельдер, коллекциялар, макеттер); графикалық көрнекі кұралдар (кестелер, плакаттар, монтаждар, диаграммалар, графиктер). Суреттер және сынып тақтасындағы чертеждер; диа-және эпипроекциялар; кинопроекциялар.
Бекіту сұрақтары
Физика сабағында қолданылатын көрнекі құралдар
Әдебиет
1. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.
2. Теория и методика обучения физике в школе. Общие вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. – М.: Издательский центр «Академия», 2000 – 384 с.
3. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. - М.: Издательский центр «Академия», 2001 – 386 с.
4. Основы методики преподавания физики. /Ред. А.В. Перышкина В.Г., Разумовского и др. М: Дрофа, 2001.
5. Башарұлы Р., Байжасарова Г., Тоқбергенова У., Қаймулдина Ə. Физика. Əдістемелік нұсқау 11- сынып мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Мектеп, 2007. – 88 б.
Дәріс №9
Тақырыбы: Физиканы оқытудағы техникалық құралдар
Сағат саны : 1
Жоспары
Оқу киносы
дыбыс шығару құралдары, радио, теледидар,
оқытудың интербелсенді ақпараттық коммуникациялық құралдары.
Бағдарлап және компьютерлік оқыту құралдары және оларды физиканы оқытуда пайдалану.
Дәріс тезисі
Орта мектептердің физика кабинеттерін оқытудың техникалық құрлдарымен жабдықтау және оларды қолдану әдістемесіне 15-20 жылдай уақыт өтті. Қазіргі уақытта мектептердің барлығы дерлік оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдарымен жабдықталған. Бұрынғы техникалық құралдарды біртіндеп сырып келеді.
Дәстүрлі ОТҚ (оқытудың техникалық құралдары). Дәстүрлі оқытудың техникалық құралдарының әртүрлі классивикациясы бар. Төмендегі схемада соның бірі келтірілген.
Дыбыстық құралдар (аудиоқұралдар) – ақпарат тек дыбыстық канал бойынша берілетін ОТҚ (ТСО). Оған радио, магнитофон жатады. Бұл жағдайда сәйкесінше дидактикалық құралдар оқу радиоқабылдағыштары және магнитофонды жазбалар болып табылады, мысалы физикалық диктанттарды, текстерді экрандық құрал арқылы бейнелейді.
Экрандық (визуальды) құралдар, яғни ақпарттарды көру каналдары бойынша беретін ОТҚ, оған кодоскоп графопроектор жатады - бейнелерді пленкада преокциялайтын прибор; эпидиа¬скоп – бейнелерді қағазда проекциялау үшін қолданылатын прибор; диапроектор - диапозитивтер және диафильмдерді проекциялауға арналған прибор.
Бекіту сұрақтары
Техникалық құралдардың түрлері және оларды қолдану
Әдебиет
1. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.
2. Теория и методика обучения физике в школе. Общие вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. – М.: Издательский центр «Академия», 2000 – 384 с.
3. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. - М.: Издательский центр «Академия», 2001 – 386 с.
4. Основы методики преподавания физики. /Ред. А.В. Перышкина В.Г., Разумовского и др. М: Дрофа, 2001.
5. Башарұлы Р., Байжасарова Г., Тоқбергенова У., Қаймулдина Ə. Физика. Əдістемелік нұсқау 11- сынып мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Мектеп, 2007. – 88 б.
Дәріс №10
Тақырыбы: Физика бойынша өтілетін сыныптан тыс жұмыстардың формалары мен әдістері
Сағат саны: 1
Жоспары
Физикалық және тақырыптық үйірмелер
Мектеп олимпиадалары және физикалық кештер
Дәріс тезисі
Мектеп физикасы бағдарламасында көрсетілген білімдер мен дағдыларды оқушыларға меңгертумен физиканы оқытудың мақсаттары толық орындалды деп айтуға болмайды. Өйткені, физиканы сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта-ықыласын көтеріп, олардың бұл пәнге деген қызығушылығын артттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы физикадан – сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Әрине, ол мұғалімнің теориялық, физика-техникалық, эксперименттік дайындығының дәрежесіне және оның әр жақты әдістемелік шеберлігіне байланысты.
Оқу жоспарынан тыс, үйде немесе зертханада, сабақтан тыс уақытта, мұғалімнің жетекшілігімен, бірақ, оқушының өз ыңта еркімен әрі олардың қалаулары бойынша орындалатын дербес оқу жұмысы сыныптан тыс жұмыс деп аталады.
Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізгенде мұғалім негізінен мынадай мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:
Оқушылардың физика-техникалық білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту, дамыту. Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыс істеуге ынта-ықыласын, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Жас жеткіншектердің политехникалық дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды оқулықпен, ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету. Жастарға ғылыми-материалистік, эстетикалық, тәрбие беру.
Бекіту сұрақтары
Сыныптан тыс сабақ түрлері
Сыныптан тыс сабақты өткізу формасы
Әдебиет
1. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.
2. Теория и методика обучения физике в школе. Общие вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. – М.: Издательский центр «Академия», 2000 – 384 с.
3. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. - М.: Издательский центр «Академия», 2001 – 386 с.
4. Основы методики преподавания физики. /Ред. А.В. Перышкина В.Г., Разумовского и др. М: Дрофа, 2001.
5. Башарұлы Р., Байжасарова Г., Тоқбергенова У., Қаймулдина Ə. Физика. Əдістемелік нұсқау 11- сынып мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Мектеп, 2007. – 88 б.
Дәріс №11
Тақырыбы: Физиканы проблемалық оқыту
Сағат саны: 1
Жоспары
Программаланған оқыту. Компьютер қолданылатын – физикалық білім беруге арналған оқыту, анықтамалық, молдельдеу бағдарламалары.
Физиканы бағдарлы мектептерде оқыту әдістемесінің ерекшеліктері.
Дәріс тезисі
Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты. Әдіс- тәсілдер деген не? Оқыту процесінде мынандай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе – мұалім оқытуы, екінші мәселе – оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі - әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізетін жұмыс түрлері – кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс- тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді. Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін танытып, арттыратын тәсілдердің бір түріне жатса, көркем мәтінді талдау оқушының тәжірибелік жұмысын бақылаудың бір тәсілі, жолы. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі- иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық ( ішінара іздендіруші) әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.
Ұтқырлық мұраты, мұғалімдерден сабақтың мақсатын жинақты түрде айқындап, белгілеп алғаннан кейін, сол мақсатты жүзеге асырудың әдіс- тәсілдерін де таңдап ала білуді талап етеді. Ол үшін әр мұғалім оқыту әдістемесін жете біліп, әрі оны сабақ мақсатына қарай іріктеп алып, шебер пайдалануы керек. Бұл – аса маңызды, мұғалімнен шығармашылық ізденісті, жүйелі, тиянақты жұмысты талап ететін мәселе. Мұғалім әр- әдіс тәсілдің өзіндік ерекшелігін, мүмкіндіктерін де жете білуі қажет. Көпшілік жағдайда мұғалімнің өзінің төселген, дағдыланған әдіс- тәсілі болады. Мұндай мұғалімдер қай тақырып болсын, оны қай сыныпта өткізсін, сабақтың негізгі мақсатын да еске алмастан, « дағдыға» айналған әдіс- тәсілмен сабақ жүргізе береді. Мұндай сабақтар тиімді өтеді, ол оқушыларға өз дәрежесінде білім бере алады деп айту қиын – ақ. Оқу- тәрбие жұмыстарының барлық саласын бір өзі шешіп тастайтын әдіс- тәсіл жоқ. Сол себептен де мұғалім әдіс- тәсілдерді жете меңгеріп қоймай, оларды қай жағдайда, қалай пайдалануға болады, соны да ерекше ойлануы керек.
Бекіту сұрақтары
Программаланған оқыту.
Физиканы бағдарлы мектептерде оқыту әдістемесінің ерекшеліктері.
Әдебиет
1. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.
2. Теория и методика обучения физике в школе. Общие вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. – М.: Издательский центр «Академия», 2000 – 384 с.
3. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. - М.: Издательский центр «Академия», 2001 – 386 с.
4. Основы методики преподавания физики. /Ред. А.В. Перышкина В.Г., Разумовского и др. М: Дрофа, 2001.
5. Башарұлы Р., Байжасарова Г., Тоқбергенова У., Қаймулдина Ə. Физика. Əдістемелік нұсқау 11- сынып мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Мектеп, 2007. – 88 б.
Дәріс №12
Тақырыбы: Жаңа педагогикалық оқыту технологиялары
Сағат саны: 1
Жоспары:
Жасампаздық педагогика – мұғалімдік қызметтің жоғарғы сатысы. (В. М. Монахов, Ж. Қараев, В. Ф. Шаталов, Т.Т. Ғалиев, М. Жанпейісов – технологиялары және т.б)
Дәріс тезисі
Мектептердің негізгі мақсаты – зерделі, дарынды балаларды шығармашылық жұмыстармен айналысуына мүмкіндік туғызу және дамыту. Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір жолы - оқытудың тиімді жолдары мен жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру. Сондықтан да оқытудың жаңа технологиясын зерттеу, оны өз ісіне пайдаланып, жоғары нәтижеге жету мұғалімнің міндеті.
«Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиет- тегі ең кең қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.
Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы саналуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым - қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы т.б. Бұл технологиялардың қай түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор «технология дегеніміз не?» - деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижеде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатырған процестердің технологиясын түсіндіретін жалпы аныктама жоқ.
Бекіту сұрақтары
Жаңа педагогикалық оқыту технология түрлері
Жаңа педагогикалық оқыту технология қолдану
Әдебиет
1. Файзуллаев А. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқулық. – Алматы, Қыздар университеті, 2014. – 338 б.
2. Жүсіпқалиева Ғ.Қ., Джумашева А.А., Құбаева Б.С. Мектепте физика курсын оқытудың теориясы мен əдістемесі: М.Өтемісов атындағы БҚМУ редакциялық баспа орталығы, 2012. – 195 б
3. Г.Б.Алимбекова. Болашақ физика мұғалімінің кəсіби даярлығын ғылыми ұғымдар жүйесін қалыптастыру негізінде жітілдіру. -Алматы, ҚазҰПУ, 2014. – 340 б.
4. Жанабаев əдітемесі, З.Ж., Тынтаева Ш.Б., Жолдасова Х.Б. Физиканы окыту əдітемесі, Алматы, 2002. -119 б.
Дәріс №13
Тақырыбы: Физиканы оқытудың жоғарғы сатысы
Сағат саны : 1
Жоспары:
Физиканы оқытудың жоғарғы сатысы
Дәріс тезисі
Бағдарлы мектепте механиканы оқыту әдістемесі. Мектеп курсындағы молекулалық физика және оны оқып-үйрену әдістемесі. Газ заңдарын оқып-үйрену әдістемесі. Термодинамика сұрақтарын оқып үйрену әдістемесі. Мекте курсындағы «электродинамика» және оған ғылыми әдістемелік талдау жасау. Электординамиканың негізгі ұғымдарын оқып-үйрену әдістемесі. Электромагниттік өрісті оқып үйрену әдістемесі. Электромагниттік тербелістерді оқып-үйрену. Электромагниттік толқындар және оны оқып-үйрену әдістемесі.
Егер әдістемені көп жағдайларда оқу процесін ұйымдасты- рып және өткізуге байланысты ұсыныстардың жиынтығы деп қарастыратын болсақ, онда педагогикалық технологияның бойы- нан екі принципиальдық сәтті аңғаруға болады: 1) технология - ол түпкілікті нәтиженің кепілдемесі; 2) технология - ол болашақ оқу үрдісінің жобасы. Демек, педагогикалық технология - бір ретке келтірілген білім беру шараларының жүйесі болып табылады.
Сонымен, педагогикалык технология дегеніміз - ұстаздың кәсіби қызметін жан-жақты қамтамасыз ететін және жоспардағы басты міндетті орындаудың басты кепілі бола алатын технологиялық іс шаралар жиынтығы.
Бекіту сұрақтары
Физиканы оқытудың жоғарғы сатысы
Әдебиет
1. Акитай Б.Е. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқу құралы. – А.: Мектеп, 2006.
2. Теория и методика обучения физике в школе. Общие вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. – М.: Издательский центр «Академия», 2000 – 384 с.
3. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы. Учебное пособие для студентов пед.вузов. Под ред. С.Е.Каменецкого. - М.: Издательский центр «Академия», 2001 – 386 с.
4. Основы методики преподавания физики. /Ред. А.В. Перышкина В.Г., Разумовского и др. М: Дрофа, 2001.
5. Башарұлы Р., Байжасарова Г., Тоқбергенова У., Қаймулдина Ə. Физика. Əдістемелік нұсқау 11- сынып мұғалімдеріне арналған құрал. –Алматы, Мектеп, 2007. – 88 б.
Дәріс №14-15
Тақырыбы : Физиканы оқытудың негізгі сатысы
Сағат саны : 2
Жоспары
Физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі
Жеке мәселелер
Жалпы білім беретін орта мектептерде физиканың бөлімдерін оқыту әдістемесі
Дәріс тезисі
Заттың құрылысы туралы бастапқы мағлұматтар. Қозғалыс және күштер. Гидро – және аэростатиканың элементтері. Жұмыс, қуат және энергия. Жылу құбылыстары туралы алғашқы мағлұматтар. Жылу, жұмыс және ішкі энергия. Атом құрылысы және электростатика элементтері. Ток күші, кернеу, кедергі. Электромагниттік құбылыстар. Жарық құбылыстары. Денелердің қозғалыстары мен өзара әсерлесу заңдылықтары.
Мұғалім проблемалы оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылқтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.
Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі-дидактикалық жүйелердің бірізділігі, сабақтастығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады.
Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан: түсіндірмелі-иллюстрациялы (дәстүрлі), проблемалы, бағдарламалы (компьютерлік).
Бекіту сұрақтары
Физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі
Жалпы білім беретін орта мектептерде физиканың бөлімдерін оқыту әдістемесі
Әдебиет
1. Файзуллаев А. Физиканы оқыту əдістемесі. Оқулық. – Алматы, Қыздар университеті, 2014. – 338 б.
2. Жүсіпқалиева Ғ.Қ., Джумашева А.А., Құбаева Б.С. Мектепте физика курсын оқытудың теориясы мен əдістемесі: М.Өтемісов атындағы БҚМУ редакциялық баспа орталығы, 2012. – 195 б
3. Г.Б.Алимбекова. Болашақ физика мұғалімінің кəсіби даярлығын ғылыми ұғымдар жүйесін қалыптастыру негізінде жітілдіру. -Алматы, ҚазҰПУ, 2014. – 340 б.
4. Жанабаев əдітемесі, З.Ж., Тынтаева Ш.Б., Жолдасова Х.Б. Физиканы окыту əдітемесі, Алматы, 2002. -119 б.
Достарыңызбен бөлісу: |