1.ПӘН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР:
Пән оқытушысы: Аймаганбетова З.К. zukhra.aimaganbetova@mail.ru
Кабинет № 209ПС, физика кафедрасы
Идентификатор: 2871599535
77835320498
1.1 ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ:
Физиканы оқыту әдістемесі (ФОӘ) бағдарламасы болашақ физика пәні мұғалімі физиканы оқытудың әдістемесі пәні бойынша меңгеруі тиіс теориялық білімдердің, дағдылар мен икемділіктің көлемін анықтайды.
Физика әдістемесі жайлы бағдарламаның маңызды міндеті орта мектеп физика мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық даярлығын жақсарту мақсатында осы курстың теориялық негіздерін күшейту болып табылады.
Физиканы мектепте оқыту әдістемесінің ғылыми негіздерін ашуға көп көңіл бөлу керек. Физикалық ұғымдарды қалыптастыру мен негізгі физикалық заңдарды түсіндірудің әдістемесі курста кеңінен көрсетілуі тиіс. Физикалық ұғымдарды қалыптастыру мен негізгі физикалық заңдардың мазмұнын ашып, олардың практикада пайдалануын баяндау қажет.
Мектеп физика курсының әрбір тақырыбы бойынша өтілетін сабақтарда демонстрациялық эксперименттерді үлгілі түрде орындаудың, кестелерді, диаграммаларды, слайдтарды, бейнефильмдерді, анимацияларды және т.с.с көрнекі құралдарды көрсетудің маңызы зор. Дәрістік курс бойынша демонстрациялық тәжірибелерді даярлау мен көрсетуге студенттердің өзін қатыстыру пайдалы.
Достарыңызбен бөлісу: |