Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01503 Информатика Пән циклы атауы және коды



бет13/17
Дата09.06.2023
өлшемі114,76 Kb.
#99922
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
15. Графикалық мүмкіндіктер
Жоспар

  1. Негізгі функциялар

  2. Бекіту мысалдары

Python тілінде әртүрлі графиктік объектілер мен бейнелерді салуға болады. Ең алдымен графиктік терезе айқындалады.
win = GraphWin(«Графиктік терезе", 400, 400)
win.getMouse()
win.close() # терезені жабу
Объект суретін салу үшін оbj.draw(win) процедурасы қолданылады. Нүкте салу үшін
Point(x, y), түзу салу үшін Line(Point(x1, y1), Point(x2, y2)) функциялары қолданылады.
obj = Point(x, y)
obj = Line(Point(x1, y1), Point(x2, y2))
Объект түсін анықтау үшін obj.setOutline(«түс")
әдісі қолданылады. obj.setOutline("blue")
Шеңбер сызу ұшін obj = Circle(Point(x, y), R) функциясы қолданылады, x, y – шеңбер центрінің координаттары, R – шеңбер радиусы.
Тіктөртбұрыш контурын сызу:
obj = Rectangle(Point(x1, y1), Point(x2, y2))
x1, y1 – жоғарғы сол жақ бұрыш координаттары x2, y2 –төменгі оң жақ бұрыш координаттары
Эллипс сызу үшін:
obj = Oval(Point(x1, y1), Point(x2, y2))
x1, y1 – эллипстің бірінші фокусының,
x2, y2 – эллипстің екінші фокусының
координатылары;
Көпбұрыш салу үшін қолданылатын процедура
obj = Polygon(Point(x1, y1), Point(x2, y2),…, Point(xn, yn)), мұндағы
x1, y1, x2, y2,…, xn, yn – көпбұрыш төбелерінің координаттары;
from graphics import *
win = GraphWin("Графика терезесі", 400, 400)
obj = Polygon(Point(10, 10), Point(300, 50), Point(200, 300), Point(150, 150), Point(70, 70))
obj.draw(win)
win.getMouse()
win.close()
Объектіні түске бояу үшін obj.setFill(«түс") әдісі қолданылады.
from graphics import *
win = GraphWin("графика терезесі", 400, 400)
obj = Circle(Point(100, 100), 70)
obj.setFill(“green")
obj.draw(win)
win.getMouse()
win.close()

Объект шекараларын анықтау үшін setOutline(“шекара түсі”) және шекара қалыңдығын анықтауға


setWidth(қалыңдығы) функциялары қолданылады. Мысалы:
obj.setOutline("blue")
obj.setWidth(5)
Келісім бойынша сурет қара түспен салынады, шекара қалыңдығы 1 пиксель.

Объектіні жылжытуға move(dx, dy) функциясы қолданылады, dx пиксель оңға, dy пиксель төменге .


obj.move(50, 50)
clone() функциясы арқылы жаңа объект салынады:
newObj = obj.clone()
Объектіні экраннан жоюға undraw() функциясы қолданылады.
obj.undraw()
Графиктік терезеге мәтін шығару үшін: мәтіндік объект=Text(мәтінді орналастыру координаттары, “Мәтін”)
msg = Text(Point(70, 90), “Python Language”)
Мәтін өлшемін өзгерту үшін:
мәтіндік объект.setSize(мәтін өлшемі)
msg.setSize(12)
Мәтін түсін өзгерту: setTextColor(түс)
msg.setTextColor(“black”)
Мәтінді өзгерту үшін:
setText(“Мәтін”)
msg.setText(“Басқа мәтін”)
Мәтін стилін өзгерту: setStyle(стилі)
msg.setStyle(“bold”)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет