Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Ақпарат және оны өңдеу
|
Мектеп: М.Балақаев
|
Пән мұғалімі: Онгарова А
|
Сынып: 5
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақ тақырыбы: Растрлық кескіндерді құру және өңдеу
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
5.2.2.2 растрлық кескіндерді құру және өңдеу
|
Сабақ мақсаты
|
Барлық оқушылар:
|
Растрлық кескіндерді құруды және өңдеуді үйрену.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Paint графикалық редакторының терезесі элементтерін білу.
|
Кейбір оқушылар:
|
Растрлық графиканың ерекшеліктері мен кемшіліктерін білу
|
Бағалау критерийлері:
|
Paint графикалық редакторының интерфейсімен танысады.
Растрлық кескіндерді құра алады және өңдей алады.
Растрлық графиканың ерекшеліктері мен кемшіліктерін атап көрсете алады.
|
Тілдік мақсат
|
Лексика және терминология
Растрлық графика, пиксель, палитра, графика, компьютерлік графика, масштаб, графикалық редактор, Paint
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
Paint редакторы не үшін қажет?
Графика дегенде көз алдарыңа не елестете аласыңдар?
|
Құндылықтарға баулу
|
Жаңа және өткен тақырыпты зейінмен тыңдап, түсіну.
Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды өз бетімен орындау.
Топтық тапсырмаларды орындауда өз үлесін қосып, сабақ
барысында белсенділік таныту.
|
Пәнаралық байланыс
|
Бейнелеу өнері
|
Алдыңғы білім
|
Программалық жабдықтама
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Сергіту сәті
Білу
|
Ұйымдастыру.
Гүл түстері арқылы оқушыларды топқа бөлу.
1 – топ: сары гүл таңдағандар «iMektep»
2 – топ: көк гүл таңдағандар «iTEST»
3 – топ: жасыл гүл таңдағандар «BilimLand»
Өткен тақырыпты «Кір жаю» әдісі арқылы қайталау.
Сұрақтары:
1.Программалық жабдықтама дегеніміз не?
2.Программалық жабдықтама нешеге бөлінеді?
3.Программалық жабдықтаманың түрлерін ата?
4.Жүйелік программаға қандай программалар жатады.
5.Операциялық жүйе дегеніміз не?
6. Драйвер дегеніміз не?
7.Интерфейс дегеніміз не?
8.Информатика нені зерттейді?
9. Ақпараттық үдерістер дегеніміз не?
10. Қолданбалы программалық жабдықтамаға қандай программалар жатады?
11.Қолданбалы программалар нешеге бөлінеді және атаулары
12. Арнайы программа дегеніміз не?
13.Әмбебап программа дегеніміз не?
14.Ақпараттың өлшем бірліктері?
15.Ақпарат латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
16.Ақпараттың түрлерін ата?
|
гүлдер
Кір жаятын жіп, әртүрлі пішімде киылған парақ киімдер,
кір қыстырғыш
|
|