Тақырыбы: Экономиканың дамуындағы циклділік
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы
2. Жұмыссыздықтың деңгейін есептеу
3. Инфляция деңгейін есептеу
4. Филлипс қисығы
Дәріс тезисі:
Жұмысбастылықтың, өндірістің және инфляция деңгейлерінің белгілі бір уақыт сайын ауытқуы экономикалық цикл деп аталады. Экономикалық циклдің сатыларына төмендегілер жатады: экспансия немесе өсу сатысы;тоқырау немесе құлдырау сатысы; депрессия немесе дағдарыс сатысы; өрлеу сатысы.
Инфляция - экономикадағы орташа баға деңгейінің тұрақты өсу тенденциясы.
Айқын инфляция баға деңгейінің ұзақ уақыт бойы өсуінен байқалады. Ал, жасырын инфляция тұсында тауарлар мен қызметтердің тапшылығы күшейеді. Айқын инфляция әр түрлі қарқынмен жүруі мүмкін. Осыған орай, инфляцияның төмендегі түрлері қарастырылады:
- баяу инфляция – бағаның жылына 3-4%-ға өсуі,
- қарқынды инфляция - бағаның жылына ондаған, жүздеген пайызға өсуі,
- гиперинфляция (ұшқыр инфляция) - бағаның жылына мыңдаған пайызға өсуі. Оны кейде басқаруға келмейтін инфляция деп те атайды. Гиперинфляция тұсында баға 3-4 ай бойы айына 50%-дан артық шамаға өседі, ал жылдық норма төрт таңбалы санға жетеді.
Сұраныс инфляциясы жиынтық сұраныс нақты өндіріс көлемінен артып кеткен жағдайда орын алады. Оның қалыптасуына себепкер тұтынушы болғандықтан, бұл инфляцияны тұтынушы инфляциясы деп те атайды. Ал, шығындар инфляциясы өнім бірлігіне жұмсалатын орташа шығындардың көтерілуі және жиынтық ұсыныстың төмендеуі салдарынан туындайды. Инфляцияның бұл түрі стагфляцияға, яғни инфляция мен жұмыссыздықтың қатар өсуіне әкеледі.
Инфляция күтілетін немесе болжанылмаған сипатта болуы мүмкін. Күтілетін инфляция тұсында табыс алушы инфляцияның теріс салдарын алдын-алу немесе төмендету үшін шара қолданады.
Болжанылмаған инфляция тұрақты табыстардың барлық түрін азайтады, номиналды табыстары орташа бағаға қарағанда тез өсетін экономикалық агенттерді «субсидиялайды». Бұл инфляция тұсында қарызын қайтарушылар ұтады, ал кредиторлар (қарыз берушілер) ұтылады.
Еңбектің халықаралық ұйымының анықтамасына сәйкес, жұмыссыздардың қатарына кәмелетке толған, бірақ жұмыста жоқ, дәл осы уақытта жұмысқа жарамсыз және қарастырылған уақытта белсенді түрде жұмыс іздеп жүрген адамдар жатады. Жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны елдің жұмыс күшін құрайды. Жұмысы бар және толық емес жұмыс күнімен немесе жұмыс аптасымен қамтамасыз етілген адамдар жұмысбастылардың қатарына жатады. Жұмысбастылар санатына жұмысы бар, еңбек етуге қабілетті ересек адамдар кіреді.
Елдегі жұмыссыздық деңгейі жұмыссыздардың санын жұмыс күшінің санына бөлу арқылы анықталады:
U= * 100 % .
Фрикциондық жұмыссыздық - жұмыс орнын немесе кәсібін ауыстырғысы келетіндердің жұмысқа орналасудағы қиыншылықтармен және жұмысты күтуімен байланысты жұмыссыздық.
Құрылымдық (технологиялық) жұмыссыздық жұмыс күшіне деген сұраныс пен еңбек ұсынысының сәйкес келмеуінің нәтижесінде пайда болады.
Экономикада тек фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықтың орын алуын, басқаша айтқанда, толық жұмысбастылық жағдайында болатын жұмыссыздықты экономистер табиғи жұмыссыздық деп атады.
Жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден жоғары болуы мүмкін. Бұл кезде циклдік жұмыссыздық орын алады. Ол экономикалық конъюнктураның ауытқуымен байланысты. Құлдырау сатысында тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс азаяды, бұл өндіріс пен жұмысбастылықтың қысқаруына әкеледі. Өсу сатысында, керісінше, тұтыну және инвестициялық тауарларға сұраныс артатындықтан жұмыс күшіне де сұраныс өседі.
Циклдік жұмыссыздық нақты жұмыссыздық деңгейі мен жұмыссыздықтың табиғи деңгейі арқылы анықталады: U-U*.
Оукен заңы:
= − β (U-U*),
Әдебиет
Мэнкью Грегори Н, Тейлор Марк. Экономикс, 4-халықаралық басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 848 б.
Макроэкономика. Учебник. Агапова Т.А., Серегина С.Ф./переизд. и доп. – М.:Маркет ДС., 2013. - 416 с.
Сборникбизнес-кейсов. – Алматы: Almaty Management University, 2015. – 149 с.
Серегина С.Ф. Макроэкономика. Сборник задач и упражнений. Учебное пособие для академическогобакалавриата. / 2-изд.-М.:Юрайт, 2015. -174с.
Леусский А.Н., Тарасевич Л.С., Гребенников П.И., Макроэкономика. Учебник и практикум для академическогобакалавриата.-М.:Юрайт, 2015. -527с.
Өткізу форматы: цифрлық технологияларды қолдану (бейнеконференция, вебинар, Интернет желісін және т.б. қолдану).
Достарыңызбен бөлісу: |